Трамптың халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге арналған маршруты (TRIPP) Қазақстан үшін мұнай тасымалын кеңейтуге жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Депутат Мұрат Әбенов Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдарға тоқталып, балама бағыттарды іздеу қазіргі жағдайда басым міндетке айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін аталған көлік дәлізін пайдалану Армения мен Әзербайжан арасындағы соғыс салдарынан мүмкін болмаған. Ал қазір АҚШ-тың қатысуымен бұл бағыт қайта дамып, Қазақстанға мұнай тасымалы маршруттарын әртараптандыруға жол ашылады.
14 қаңтар күні Арменияның Сыртқы істер министрлігі TRIPP жобасын іске асыруға қатысты Армения мен АҚШ арасында қол қойылған келісімді жариялады. Құжат Арарат Мирзоян мен Марко Рубио Вашингтонда өткен кездесуде таныстырған TRIPP жобасын жүзеге асырудың шеңберлік бағдарламасына негізделген.
Тараптар Ақ үйде қабылданған құжатты Оңтүстік Кавказда орнықты бейбітшілікті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындауға бағытталған жаңа қадам ретінде бағалады.
Бірлескен мәлімдемеде Армения TRIPP жобасын басқару үшін TRIPP Development Company компаниясын құруды мақұлдап, қолдауға ниетті екенін мәлімдеді. Аталған компанияға жобаны бастапқы кезеңде 49 жыл бойы басқару құқығы беріледі. Ереван Вашингтонға компания акцияларының 74 пайызын ұсынуды, ал 26 пайызын өзінде қалдыруды жоспарлап отыр.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 тамызда Вашингтонда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, АҚШ президенті Дональд Трамп және Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян бірлескен декларацияға қол қойған болатын.
Сол кездесуде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян «Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім» жобасына өз бастырмаларын қойған.
Сарапшылардың пікірінше, TRIPP жобасының іске асуы аймақтық қауіпсіздік архитектурасын өзгертіп қана қоймай, Қазақстан үшін де энергетикалық экспортты әртараптандыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие болмақ.
Біздің сарапшылары Ирандағы жағдайды Қаңтар оқиғасымен салыстырса, Венесуэладағы операцияны геосаяси тектониканың жаңа кезеңі ретінде бағалауда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

