Депупат Мұрат Әбенов еліміздегі жекеменшік мектептердің эволюциясы соңғы бір жылда қоғамда ең көп талқыланған, ең өткір тақырыптардың біріне айналғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әсіресе мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырысты орындаған жекеменшік мектептерде жүздеген миллиард теңгеге жететін қаржылық припискалар анықталғаннан кейін бұл салаға деген көзқарас түбегейлі өзгере бастады.
Қалыптасқан жағдай денсаулық сақтау саласындағы ОСМС қаржысын жымқыру істерінен кейінгі сценарийді еске салады. Схема ұқсас шығындар бірнеше есе асыра көрсетілген, сапа күткен деңгейге жетпеген, есепте жаппай бұрмалау орын алған. Сондықтан жекеменшік мектеп иелері мен мемлекеттік құрылымдардағы серіктестеріне қатысты қылмыстық істердің қозғалу ықтималдығы жоғары екенін жоққа шығару қиын.
Қазақстанға мектеп емес, білім сапасы керек
Осы жағдайда жекеменшік білім беру саласында жаңа ойлайтын, өзге көзқарас ұсынатын басқарушылардың пікіріне сұраныс арта түсті. Солардың бірі халықаралық тәжірибеге сүйеніп, санға емес, сапаға басымдық беретін мүлде жаңа тәсілдерді енгізіп жүрген менеджер Ғабит Бекахметов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы жекеменшік мектептерге қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар ғимарат сатып алуға аса мән бермейді. Дубай мен Дохадағыдай, олар үшін мектеп ғимаратының меншік иесі болу міндет емес, негізгі қызығушылық білім беру командасы мен оқу бағдарламалары. Яғни propco емес, opco моделіне басымдық беріледі.
Ғабит Бекахметов Қазақстанда жекеменшік мектептер әлі де «қорап» ретінде қабылданатынын атап өтеді. Қоғамда құндылық көбіне шаршы метрмен өлшенеді, ал білім, ойлау жүйесі, педагогикалық технология секілді «ми көлемінің» экономикалық және стратегиялық әлеуеті енді ғана бағалана бастады.
Кейбір инвесторлар білім беру технологиясы мен әдіснамасына қаржы сала бастағанымен, бұл үрдіс әлі де жүйелі сипат алған жоқ. Осындай тәсіл Қазақстанға педагогикалық немесе басқарушылық тәжірибені экспорттауға мүмкіндік бере ме деген сұрақ та ашық күйінде қалып отыр.
Оның пайымынша, ел жекеменшік білім беру саласында 2000-жылдардағы «мейрамхана лихорадкасын» бастан кешуі мүмкін. Ол кезеңде өзін ресторатор санайтындар көп болғанымен, ұсынылған қызметтің сапасы сын көтермейтін. Сол секілді қазір құрылыс пен қаржыны жақсы меңгерген кәсіпкерлер мен білім беру әдіснамасы мен технологиясын терең білетін командалардың бірігу уақыты келген. Тек осы синтез ғана сапалы, ұзақмерзімді жобаларға жол ашады.
Ата-аналар мәдениетінің де өзгеріп келе жатқаны байқалады. Жаңашыл білім беру тәсілдеріне қызығушылық артып, баланың болашағына инвестиция салуға дайын отбасылар көбейіп келеді. Осындай сұраныс пен орта қалыптасқан жағдайда Қазақстанда халықаралық деңгейдегі білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік бар.
Жекеменшік мектептер әдістеме мен басқару сапасына мұқтаж
Ал мемлекетке келсек, соңғы қадамдар бюджет тапшылығының бар екенін аңғартатындай. Дегенмен билік білім беру саласында табысты, адал әрі сапалы жобалардың пайда болуына мүдделі болмауы мүмкін емес. Өйткені экономиканың тек жылжымайтын мүлік пен мұнай бағасына тәуелді болуы ешкімге тиімді емес.
Ғабит Бекахметов тарихи параллельге де назар аударады. 1926 жылы большевиктер жәдидтік мектептерді жапқан кезде, олардың орнын жаңа кеңестік мектептер басты. Алғашқы кезеңде бұл мектептер тек 5-7 сыныптық біліммен шектеліп, елде мұғалімдер мен инфрақұрылымға деген тапшылық туындады. Жағдай тек ондаған жылдар өткен соң ғана түзелді, бірақ сол аралықта тұтас бір буын жоғалды. Қазіргі демографиялық өсім жағдайында мұндай қателікті қайталауға жол жоқ.
Осы себепті мемлекет, педагогтер мен кәсіпкерлер бірігіп, білім беру саласындағы осы импульсті қолдайтын жаңа, икемді әрі сапаға негізделген шешімдер ұсынуы тиіс. Жекеменшік мектептердің болашағы тек ғимаратта емес, мазмұнда, әдістемеде және басқару сапасында жатыр. Осындай түсінік орныққанда ғана сала тұрақты дамуға бет алады.
Депутат Мұрат Әбенов Қазақстанда тұтынушыны алдайтын кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі көбейгенін айтып дабыл қақты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

