10 ақпан, сейсенбі күні президент Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақорданың мәліметінше, жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талданып, алдағы кезеңге Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттер айқындалады.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатына сын айтып, шұғыл әрі түбегейлі өзгеріс қажет екенін ескерткен.
Осыған байланысты сарапшылар алдағы жиында Президенттің тағы да өткір мәлімдеме жасап, Бектенов бастаған министрлерге нақты міндет жүктеуі мүмкін екенін болжайды.
Айта кетелік, бұған дейін Олжас Бектенов «Үкімет ұлттық мүддені қорғай алмай отыр» деген «Ақжол» партиясына сынына жауап қатқан болатын.
Контекст
Президенттің соңғы сұхбатынан кейін Үкімет басшысы министрлердің жұмысына біраз өзгеріс енгізген.
«Президенттің сұхбаты алдағы уақытта Үкімет үшін басты бағдар болады. Мем.органдар мен ұлттық компаниялар айтылған міндетті орындауға білек сыбанып кірісуі тиіс. Бюджетті барынша үнемдеп, нәтижеге қол жеткізіңіздер. Слайд пен баяндамаға мына заманда ешкімді таңғалмайды. Құр сөзден қуырдақ қуырғанды доғарыңыздар!», – деген еді ашуын тежей алмаған Бектенов.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

