Жасанды интеллект арқылы жасалған видеолар қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Тіпті қазіргі уақытта ИИ-контенттің жалған екендігін анықтайтын кейбір белгілер болса да, бұл видеолар көрермендерді шатастыруға жеткілікті. Сондықтан кейбір платформалар «дипфейктердің» таралуына тосқауыл қоюға тырысуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгін YouTube платформасы дипфейктерді анықтау мүмкіндігін саясаткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, саяси кандидаттар және журналистер үшін кеңейтетінін хабарлады. Бұған дейін компания бұл функцияны тек серіктестік бағдарламасына қатысушылар үшін іске қосқан болатын.
Енді аталған санатқа жататын тұлғаларға арнайы бағдарламаға қосылмай-ақ, YouTube платформасында жасанды интеллект арқылы жасалған видеолардағы өз келбетін анықтауға мүмкіндік беріледі.
YouTube ұсынған бұл функция контенттен тұлғалардың бет-әлпетін анықтап, оны тіркелген адамның жеке деректерімен сәйкестендіреді. Осыдан кейін видеоны өшіруге сұрау салуға мүмкіндік береді.
Компанияның хабарлауынша, барлық анықталған контент автоматты түрде өшірілмейді. Әсіресе пародия және сатира форматындағы видеолар үшін ерекшелік қарастырылған. Бірақ YouTube қолданыстағы жеке деректерді қорғау ережелерінің бұзылуын мұқият бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар Google жүйесінде өз жеке деректерін растайды, бірақ бұл ақпарат жасанды интеллект модельдерін үйрету үшін қолданылмайды.
Сонымен қатар YouTube Конгресті «NO FAKES Act» заңын қабылдауға шақырды. Компанияның пікірінше, бұл заң «жасанды интеллект технологиясының адам шығармашылығын алмастыруына жол бермей, керісінше оны қолдауды қамтамасыз етеді».
Өкінішке қарай, әзірге бұл функция тек YouTube серіктестік бағдарламасына кіретін пайдаланушылар мен жоғарыда аталған белгілі бір санаттағы тұлғаларға ғана қолжетімді болып тұр.
Айтқандай, Gmail-дегі поштаңызды жылдам тазалауға мүмкіндік беретін ерекше функция бар екенін білесіз бе? Осы тәсілмен электронды поштаңызды бірнеше секундта ретке келтіруге болады екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







