Қазақстанды «штрафстанға» теңеген депутат Азат Перуашев қыр соңынан қалмай қойған даулы мәлімдемесі туралы тағы да пікір білдірді, деп, хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Сол сөздің орынсыз, абайсызда айтылғанын былтыр-ақ мойындадым. Мәжіліс қабырғасында мәдениетті сөйлеп, сөзімізге сақ болуымыз керек. Мұны сол кезде-ақ айтқанмын. Тоқаев? Кеше ме, кеше Президент мені ғана емес, басқаларды да сын садағына алды. Бұл жұмыс барысы, өмірдің өзі сызып берген заңдылық. Президенттің сынын қабылдап, сабақ алып, әрі қарай жұмыс істеуіміз қажет», – деді Перуашев.
Сөй деген депутат Қазақстанның «штрафстан» емес екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін президент Тоқаев елді орынсыз келемеж қылатын қауымға үн қатқан. Мемлекет басшысының сынынан кейін депутат Перуашев Қазақстанды «штрафстанға» теңеген сөзінен едел-жедел бас тартып, «жаздым, жаңылдым» деген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







