Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау нысандарын салу кезінде заңсыз сыйақы алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
«Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген нысандарды салу құнының жалпы сомасының 1 пайызы болады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.