Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы заңсыз әрекетке барған. Ол қоғамдық тамақтану орнын ашуға мемлекеттік мекеме жанындағы жер телімін рұқсатсыз берген.
Әдеп жөніндегі кеңес бұл әрекетті мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық деп бағалады. Нәтижесінде инспекция басшысына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Әсем Орынбай Қазақстанға 2028 жылғы Олимпиаданың алғашқы жолдамасын сыйладыСахара шөлінен Марстың 4,1 миллиард жылдық көне метеориті табылдыVoyager 1 тарихта алғаш рет Жерден бір жарық күніне алыстайды📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







