Қазақстанда 31 тамызда ауа райы өңірлер бойынша күрт өзгереді: солтүстікте түнгі үсік байқалса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жазғы ыстық сақталады. Кей аймақта жаңбыр, найзағай, тұман, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +3…+5 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +13…+15 градус болады. Алматыда күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді, түнде +19…+21, күндіз +32…+34 градус ыстық сақталады. Қонаевта да аптап ыстық жалғасады. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, найзағай кезінде жел екпіні 18-23 м/с-қа жетуі мүмкін.…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Жаңасемейде мал өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұйық ет кластері қалыптасып келеді. Облыс әкімі Берік Уәли Приречный ауылы маңындағы 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын тексерді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Eurasia Agro Semey» серіктестігі жүзеге асырып жатқан жобаға 1,9 млрд теңге инвестиция салынады. Құрылыс кезінде 250 адам еңбек етсе, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаның ауқымы оны Жаңасемейдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі тіректерінің біріне айналдырмақ. Компания құрылтайшысы Ерлан Мұқашевтің айтуынша, бордақылау алаңының құрылысы былтыр басталған. Қазір үш цех салынып, қажетті техника сатып алынған. Кәсіпорын ірі қараны Абай облысының барлық аумағынан алып, өңірлік ет…
Жетісу облысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын және оқитын, ойланатын жастар тәрбиелейтін орынның бірі Сарыөзек ауылында жаңадан ашылған кітапхана болмақ. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданына барған сапарында жаңа кітапханада өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы таныстырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Зерделі ұрпақ – сауатты қоғам» тақырыбын арқау еткен кездесуге зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері, жастар өкілдері қатысты. Облыс әкімі өз сөзінде Президенттің бастамашылдығымен іске асырылып жатқан түбегейлі конституциялық реформалардың мәніне кеңінен тоқталды. Бұл ретте адамгершілік идеалдары мен өміршең құндылықтарды өзек еткен «Заң мен тәртіп», «Таза…
Семей қаласының алдағы қысқа дайындығы қазандықтарды жөндеумен қатар, ондаған жыл бойы тозған жылу желілерін жаңартуға тіреліп отыр. Абай облысының әкімі Берік Уәли Үкімет отырысында өңірдің 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына әзірлігі туралы баяндады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен жиында облыста орталықтандырылған жылумен үш қала мен бес аудан қамтылғаны айтылды. Жылыту маусымына дайындық аясында 14,5 млрд теңгеге 32 жоба жүзеге асырылып жатыр. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тағы 15,8 млрд теңгеге алты жоба қолға алынған. Негізгі салмақ облыс орталығы Семейге түседі. Қалада бір жылу электр орталығы мен 20 қазандық жұмыс істейді. Қазір 18 қазандық қысқа…
«Байтақ» жасылдар партиясының Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы филиал өкілдері Құрылтай сайлауы бойынша жарияланған экзитпол нәтижелеріне пікір білдірді. Үш өңірдегі партия басшылары да азаматтардың таңдауын мойындайтынын айтып, саяси жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді, ал Қарағанды мен Ақтөбеде партия ішіндегі тәсілдерді қайта қарау қажеттігі ашық көтерілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Байтақтың» Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Тұрсынбек Байтеміров Facebook парақшасындағы бейнеүндеуінде партия сайлаушылар білдірген ерікке құрметпен қарайтынын және алдын ала көрсеткіштерді қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, партия бүгінгі нәтижеден қорытынды шығарып, экологиялық күн тәртібінен бас тартпайды. «Алдағы уақытта бүгінгі нәтижені ескере отырып, өз ұстанымымыз бен бағдарламамызды жалғастырамыз. Қоршаған ортаны қорғау, таза…
Экзитполдың алдын ала нәтижесі бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында 5 пайыздан астам қолдауға ие болды. ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов партияға дауыс берген азаматтарға алғыс білдіріп, бұл нәтижені үлкен жауапкершілік деп бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Асхат Рахымжанов алғашқы болжамды көрсеткіштер жарияланғаннан кейін сайлау науқанына белсенді қатысқан партияластарға, еріктілер мен қолдаушыларға ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, сайлаушылардың әр дауысы партияға берілген саяси сенімнің көрінісі. «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл – үлкен жауапкершілік», – деді ЖСДП төрағасы. Рахымжановтың айтуынша, сайлауалды кезең партия үшін азаматтармен тікелей сөйлесіп, қоғамдағы нақты мәселелерді тыңдауға мүмкіндік берген. Өңірлердегі кездесулер барысында әлеуметтік әділеттілік,…
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқынов Құрылтай депутаттарының сайлауынан кейін қазақстандықтарға үндеу жасап, партия бүгінгі дауыс беру қорытындысын объективті деп қабылдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алғашқы Құрылтай сайлауы жаңа Конституция негізіндегі саяси жаңғырудың келесі кезеңін бастап берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Нұрсұлтан Шоқынов бүгінгі сайлауды Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше саяси оқиға деп бағалады. Оның пікірінше, жаңа Құрылтайдың жасақталуы Президент бастаған ұлттық жаңғыру үдерісінің маңызды бөлігі саналады. Партия төрағасы ең алдымен сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған азаматтарға алғыс білдірді. Оның айтуынша, азаматтардың саяси белсенділігі мен ел болашағына бейжай қарамауы қоғамдағы саяси мәдениеттің деңгейін көрсетеді. «Сайлауға келіп, өз таңдауын жасаған әр азаматқа…
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауының қорытындысына байланысты мәлімдеме жасап, партияға сенім білдірген азаматтарға алғыс айтты. Оның айтуынша, бүгінгі нәтиже жай ғана пайыздық көрсеткіш емес, «Ақ жолды» қолдаған сайлаушылардың үміті мен аманаты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дания Еспаева алғаш рет өткен Құрылтай сайлауын Қазақстанның саяси өміріндегі тарихи кезең деп бағалады. Оның пікірінше, жаңа өкілді орган Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформалардың және жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның нақты жалғасына айналды. Партия төрағасы сайлау ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін білдіруге мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның айтуынша, барлық саяси партия сайлауға бәсекелі…
Respublica партиясы Құрылтай сайлауынан кейін мәлімдеме жасап, дауыс беру ашық, әділ және заң талаптарына сай өтті деп бағалады. Партия көшбасшысы exit poll-дың алғашқы нәтижесін күткен көрсеткіш ретінде қабылдап, ресми қорытынды қандай болса да халық таңдауына құрметпен қарайтынын айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия өкілдері Қазақстанда алғаш рет өткен Құрылтай сайлауын елдің саяси тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы деп бағалады. Мәлімдемеде биыл қабылданған жаңа Конституция мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформаларға қолдау білдірілді. Respublica өкілдерінің айтуынша, партия осы реформаларды қолдап, елдегі саяси жаңғыру үдерісіне белсенді қатысып келеді. Құрылтай сайлауы да сол өзгерістердің жалғасы ретінде қарастырылып отыр. Партия ең алдымен сайлауға…
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Құрылтай сайлауы тыныш, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті деп бағалады. Ол партияның көрсеткішін халық сенімі мен үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын айтып, сайлауға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, Президенттің дәйекті саяси бағыты мен ауқымды реформалары ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Оның пікірінше, саяси жаңғыру азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын күшейтіп, қоғаммен ашық диалог орнатудың маңызын арттырған. Сайлау күні «Ауыл» партиясы дауыс беру барысын тұрақты бақылап, өңірлік штабтармен үздіксіз байланыста болған. Партия төрағасының бағалауынша, дауыс беру заң талаптарына сәйкес және қалыпты жағдайда өтті. Қайрат Айтуғанов сайлау нәтижесін партия үшін тек көрсеткіш…










