Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Алматыда Кеңес Одағы кезінде әскери-теңіз флотында қызмет еткен бір топ азамат Ресейдің Әскери-теңіз күштері күнін атап өтті. Желі қолданушылары Қазақстан азаматтарының өзге мемлекеттің әскери мерекесіне соншалықты беріліп қатысуын азаматтық ұстаным мен ұлттық санаға үйлеспейтін әрекет деп бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. kazbeksharipov7 аккаунты жариялаған видеода бұрынғы әскери теңізшілердің 26 шілдеде Алматыда бас қосқаны көруге болады. Ресей заңнамасында Әскери-теңіз флоты күні шілденің соңғы жексенбісінде аталып өтеді, 2026 жылы ол 26 шілдеге сәйкес келді. Кеңес армиясында бірге қызмет еткен азаматтардың жүздесіп, жастық шағын еске алуында оғаштық жоқ шығар. Алайда кездесу естелік кешінен шығып, өзге елдің қазіргі әскери құрылымының мерекесін дәріптеуге ұласса, мәселенің…

Толық оқу
коммуналка құбыр

Қазақстанда 2029 жылға қарай жылу, су және электрмен жабдықтау сенімділігі төмен 70 коммуналдық кәсіпорынды жоғары тәуекел санатынан шығару жоспарланып отыр. Жұмыс «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың айтуынша, «қызыл аймаққа» желілері мен жабдықтары қатты тозған табиғи монополия субъектілері енгізіледі. Мұндай кәсіпорындардағы техникалық ақау тұрғындарды жылу, ауыз су немесе электр қуатынсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан олардың инфрақұрылымын жаңарту ұлттық жобаның негізгі міндетінің біріне айналған. Бағдарлама алғашқы нәтижесін бере бастады. 2025 жылдың қорытындысында сегіз табиғи монополия субъектісі жоғары тәуекел санатынан шығарылды. 2026 жылы тағы сегіз кәсіпорынның жағдайын тұрақтандыру көзделген. Ол үшін…

Толық оқу
Үкімет алдағы коммуналдық қызмет саласын

Қазақстанда электр қуаты, жылу, су және газды есепке алатын құрылғыларға бірыңғай талап енгізіледі. Үкімет өңірлердегі ақылды санауыштарға нақты қажеттілікті анықтап, оларды орнатудың 2029 жылға дейінгі жоспарын әзірлеуді тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Энергетика министрліктеріне коммуналдық ресурстарды есепке алу құрылғылары мен бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған бірыңғай стандартты 1 қыркүйекке дейін қабылдауды міндеттеді. Талап тұтынушылардың санатына қарай бөлінеді. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев цифрландыруды барлық тұтынушыны есепке алу құрылғыларымен толық қамтымай жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, салалық министрліктер әкімдіктермен бірлесіп, әр облысқа қанша санауыш қажет екенін қысқа мерзімде есептеуге тиіс. Осы мәлімет негізінде…

Толық оқу
Ипотека

Қазақстанда банктер мен өзге қаржы ұйымдарын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Реттеуші енді заң талаптарының формалды орындалуын ғана емес, ұсынылған өнімнің клиентке нақты зиян келтірмейтінін де бағалайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы тиісті ережелер топтамасын 27 шілдеде мақұлдады. Жаңа модель банктерге, микроқаржы және сақтандыру ұйымдарына, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының жекелеген қатысушыларына қолданылады. Қаржы өнімі әзірленген сәттен бастап сатылымнан алынғанға дейін бақылауда болады. Бұған дейін реттеуші қаржы ұйымының заң мен нормативті сақтағанына көбірек назар аударатын. Енді кредит, сақтандыру немесе инвестициялық өнімнің кімге арналғаны, бағасы қаншалықты әділ екені және қандай қауіп төндіретіні тексеріледі. Клиентке пайдасынан гөрі шығыны…

Толық оқу
балмұздақ морожный

Қазақстанда балмұздақ өндірісі қарқын алып, сыртқы нарыққа жөнелтілетін өнім көлемі импорттан едәуір асып түсті. 2026 жылдың алғашқы бес айында ел кәсіпорындары 35,1 мың тонна балмұздақ шығарды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өндіріс көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,4 пайыз артқан. Нарықтағы өсімге ішкі сұраныспен қатар, қазақстандық өнімнің көрші мемлекеттердегі танымалдығы ықпал етіп отыр. Отандық кәсіпорындар дәстүрлі пломбир мен кілегейлі балмұздақтан бөлек, экспортқа бейімделген жаңа өнім түрлерін шығара бастады. Саланың негізгі өндірістік орталығы Алматы облысында шоғырланған. Мұнда елдегі балмұздақтың үштен екісіне жуығы өндіріледі. Өңір кәсіпорындары алғашқы бес айда 23,3 мың тонна өнім шығарып, жалпы көлемнің 66,3 пайызын қамтамасыз етті. Қазақстандағы ең ірі…

Толық оқу
пенсия в Казахстане 2026

Қазақстандықтардың зейнетақы активі 2026 жылғы 1 шілдеде 28,08 трлн теңгеге жетті. Қаражаттың басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағазға, халықаралық индекстерге және облигацияларға салынып, кейінгі 12 айда 2,51 трлн теңге инвестициялық кіріс әкелді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің басқаруында міндетті, кәсіби және ерікті жарнадан жиналған 26,79 трлн теңге бар. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасынан құралған актив 1,17 трлн теңгені құрады. Жеке инвестициялық басқарушыларға 121,84 млрд теңге берілген, яғни олардың үлесі жалпы активтің жарты пайызына да жетпейді. Ұлттық банк басқаратын портфельдің ең ірі бөлігі Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағазына тиесілі. Оған активтің 43,32 пайызы салынған. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациясына 7,87 пайыз, Ұлттық…

Толық оқу
қырғыз темір жолы

Қырғызстан Балықшы мен Кочкорды жалғайтын 63,4 шақырымдық жаңа теміржолды өз күшімен салып шықты. Шетелдік компаниялар ұсынған бағадан бірнеше есе арзанға түскен жоба мемлекеттік қаражатты ұқыпты жұмсаудың жарқын үлгісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа бағыттың ашылуына Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысып, жол бойымен алғашқы сапарлардың бірін жасады. Балықшы – Кочкор учаскесі болашақта Қара-Кече мен Макмалды жалғайтын ірі теміржол желісінің алғашқы кезеңі саналады. Садыр Жапаровтың айтуынша, шетелдік компаниялар құрылыстың бір шақырымын 4,8-6,8 млн долларға бағалаған. Қырғызстан жұмысты ұлттық мамандар мен «Қырғыз темір жолу» кәсіпорнының мүмкіндігіне сүйеніп жүргізіп, теміржол төсемінің әр шақырымын 955 мың долларға салған. Қарапайым есеппен 63,4 шақырымдық жол төсеміне…

Толық оқу
ауа райы фонтан

28 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап күшейіп, Атырауда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және елордада жаңбыр, найзағай мен екпінді жел күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 17–19, күндіз 28–30 градус жылы болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді, ауа күндіз 30–32 градусқа дейін ысиды. Шымкентте күн ашық болып, температура 37–39 градусқа дейін көтеріледі, жел екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Ақтауда да жауын жаумай, күндіз 37–39 градус аптап болады. Түнгі температура Шымкентте 22–24, Ақтауда 25–27 градус шамасында қалыптасады. Ең жоғары температура…

Толық оқу
аула

Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Жахангер көшесіндегі №14 үйдің ауласын кешенді абаттандыруға 63 млн теңге жұмсалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңарған нысан Түрксіб ауданы әкімдігі мен Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында таныстырылды. Абаттандыру кезінде аумақ тегістеліп, сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды. Тас және асфальтбетон жабыны төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен пергола қойылды. Үстел теннисіне арналған жаңа үстел орнатылып, алаң қоршаумен жабдықталды. Қураған және шіріген жасыл желек те тазартылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын бос жатқан аула қазір балалар, жастар және егде жастағы адамдар жиналатын жайлы орынға айналған. – Кешкі…

Толық оқу
Нұрымбет Сақтағанов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысып, екі ел арасындағы көлік-логистика және өңіраралық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы форум «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей–Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналды. Оған мемлекеттік орган басшылары, кәсіпкерлер және шекаралас облыстардың әкімдері жиналды. Тараптар өңірлер арасындағы байланысты нақты инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен толықтыруға назар аударды. Нұрымбет Сақтағанов екі ел президенттері мен өңір басшыларының алдында Шығыс Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарына тоқталды. Ол облыстың өнеркәсіптік әлеуетін, инвестиция тартуға қолайлы салаларын және туристік…

Толық оқу