Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

алаяқтар

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несие сотқа жеткізбей есептен шығаруға болады. Алайда азаматтың «несиені мен алған жоқпын» деген өтініші жеткіліксіз. Полицияның процестік құжаты және банк немесе микроқаржы ұйымы қорғаныс талаптарының бірін бұзғанын растайтын дерек қажет, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 2,1 млрд теңгенің 1,3 мың алаяқтық қарызы анықталған. 2025 жылы 4,6 млрд теңгенің 5,1 мың, ал 2024 жылы 20,3 млрд теңгенің 8,7 мың осындай несиесі тіркелген. Көрсеткіш азайғанымен, бөтен адамның атына онлайн қарыз рәсімдеу қаупі әлі сақталып отыр. Қарызды сотсыз есептен шығарудың бірнеше нақты негізі бар. Кредит eGov-тағы ерікті тыйым күшінде тұрған…

Толық оқу
Трамп Грэм

АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы санкцияларды күшейтетін заң жобасын қараудың келесі кезеңіне өткізді. Құжат Мәскеудің энергетикалық кірісін қысқартып, ресейлік мұнай мен газды көп көлемде сатып алатын мемлекеттерге сауда қысымын күшейтуді көздейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. 28 шілдеде өткен рәсімдік дауыс беруде 86 сенатор заң жобасын қолдап, 12-сі қарсы дауыс берді. Құжат түпкілікті қабылданған жоқ. Ол Сенаттағы тағы бірнеше рәсімнен өтіп, кейін Өкілдер палатасына жіберілуі керек. Палата қыркүйекке дейін демалыста болғандықтан, заңның күшіне енуі күзге қалуы ықтимал. Бастама 11 шілдеде қайтыс болған республикашыл сенатор Линдси Грэмнің құрметіне «Ресей мен Иранға санкция салу туралы Линдси О. Грэм заңы» деп аталды. Грэм…

Толық оқу
ауа райы жаңбыр найзағай

29 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталып, кей қалада ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Түнде 18–20, күндіз 29–31 градус жылы болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы түнде 18–20, күндіз 30–32 градусқа жетеді. Қонаевта күндіз 33–35, Талдықорғанда 30–32 градус жылы болады. Аталған қалаларда күн ала бұлтты болғанымен, жаңбыр жаумайды. Шымкентте күндіз 38–40 градус ыстық болып, жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.…

Толық оқу

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына барып, Атырау мұнай өңдеу зауытының, TEXOL зауытының және «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесті, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Түркістан мен Маңғыстау облысына жасаған сапарынан соң, Атырауға келуінің өзіндік мәні бар. Қазақстанның қара алтыны молынан шоғырланған бұл өлке елдің басты өнеркәсіп орталығы. Мұнда үш ірі мұнай зауытының бірі орналасқан. Ол жерде республикадағы мұнайдың едәуір бөлігі өндіріледі. Атырауда теміржол техникасын, мұнай-газ саласына арналған жабдықтарды және басқа да өнеркәсіптік өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Сондықтан кандидаттар таңертең дәл осы өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтармен кездесті. Әртүрлі кәсіпорында еңбек ететін атыраулықтардың кандидаттарға қойған сауалдары бір арнаға…

Толық оқу
Шымкент

Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықты термиялық әдіспен өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысы басталды. Жоба тәулігіне шамамен мың тонна қоқысты кәдеге жаратуға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan компаниясының басшылығы қатысты. Инвестициялық жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және экологиялық инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі тапсырмалары аясында қолға алынды. Кешен «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі міндеттерімен де сабақтасады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне мың тонна немесе жылына шамамен 360 мың тонна тұрмыстық қалдық өңдеуге есептелген. Кәсіпорын қоқысты термиялық жолмен кәдеге жаратып, 24 мегаватқа дейін электр…

Толық оқу

Қазақстандық PLATON 5D білім беру бағдарламасы 2026 жылғы UNESCO International Literacy Prizes халықаралық сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды. Жоба сауаттылықты оқу мен жазудан әлдеқайда кең ұғым ретінде қарастырып, оны цифрлық дағдымен, шығармашылық ойлаумен және экологиялық жауапкершілікпен сабақтастырады, – деп жазады Ertenmedia.kz. PLATON 5D – 10-17 жас аралығындағы оқушыларға арналған пәнаралық авторлық бағдарлама. Оны Орталық Азияның тұрақты дамуына бағытталған Creative&Innovation Institute қоғамдық қоры әзірлеген. Жоба балалардың функционалдық сауатын, сыни ойлауын, цифрлық қабілетін және әлеуметтік жауапкершілігін қатар дамытуға негізделген. Бағдарламада сауаттылық мәтінді оқып, мазмұнын қайталаумен шектелмейді. Оқушы ақпаратты түсініп, салыстырып, күмәнді деректі ажыратып, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйренеді. Сонымен бірге командада жұмыс…

Толық оқу

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, оған жеті тіркелген саяси партия қатысады. Сайлау қарсаңында партиялар арасындағы саяси бәсекелестік те күшейді. Сайлауды тәуелсіз бақылаушы институттар мен ұйымдар да өз жұмысын бастады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін бір топ белгілі журналистер мен саясаттанушылар құрған «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы сайлау процесін бақылайтынын айтып, ресми мәлімдеме жасады. «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының құрамында саясаттанушы Дос Көшім, журналист Ермұрат Бапи, жазушы әрі қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков, саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай, журналист Нұргелді Әбдіғани бар. Топ алдағы сайлау науқанын бақылайтынын мәлімдей отырып, ресми үндеуін жариялады. Тәуелсіз бақылаушылар сайлауда бақылаушылар мен тілшілер қауымының…

Толық оқу
сайлау

Саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының географиялық ауқымын кеңейтіп келеді. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері қалалар мен ауылдарда ғана емес, өндіріс орындарында, түрлі мекемелерде, тіпті қоғамдық көліктерде де орын алып жатыр. Соңғы уақытта қоғамдық көлік тұрғындармен тікелей пікір алмасатын тиімді алаңдардың біріне айналып келеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Әрбір саяси партия сайлаушылармен байланыс орнатудың өзіндік тәсілін қалыптастыруға ұмтылып жатыр. Дегенмен, сайлауалды күн тәртібінің негізгі өзегін азаматтарды күнделікті толғандыратын мәселелер құрайды. Олардың қатарында өңірлерді дамыту, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті қолдау, экология, жұмыспен қамту, білім беру, әлеуметтік саясат және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру мәселелері бар. «Әділет» партиясы «Әділет» партиясы «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында еліміздің бірқатар өңірін…

Толық оқу
есек сүті

Желі қолданушысы Еламан Бектілеу Алматы әуежайындағы Duty Free дүкенінде сатылып тұрған есек сүтінің қаптамасына жұрттың назар аударды. Өнім сыртында оны «ұлттық суперазық» ретінде танытатын және халал екенін білдіретін белгі қойылғаны қоғам белсендісінің күмәнін туғызған, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Есек сүті қашаннан бері ұлттық суперазық болып алған? Сенбесеңіз, қағаз қорабына қараңыз», – деп жазды Еламан Бектілеу. Оның айтуынша, суретті досы Алматы әуежайының Duty Free дүкенінде түсірген. Ашық деректерде аталған өнімді Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында орналасқан Saumal Bio Tech компаниясы шығаратыны көрсетілген. Кәсіпорын бие, түйе және есек сүтін ұнтақ әрі сублимацияланған күйде өндіреді. Компанияның KaMei брендіне арналған сайтында аталған үш өнім…

Толық оқу

Иран соққыға ұшыраған ядролық нысандарға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекторларын кіргізу үшін арнайы регламент әзірленуін талап етті. Тегеран қауіпсіздікті алға тартса, МАГАТЭ бір жылға жуық уақыттан бері байытылған уранның көлемі мен орналасқан жерін тексере алмай отырғанын мәлімдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы, елдің вице-президенті Мұхаммад Ислами әскери шабуылдан зардап шеккен нысандарды бұрынғы тәртіппен тексеру мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, агенттік алдымен соғыс кезінде бүлінген ядролық кешендерге инспекция жүргізудің арнайы ережесін әзірлеп, бекітуі керек. Қауіпсіздік кепілдігі мен құқықтық тәртіп айқындалмайынша, МАГАТЭ инспекторларына рұқсат берілмейді. Зақымдалған ғимараттарда құлау, химиялық ластану, жарылмаған оқ-дәрі және радиациялық қауіп болуы…

Толық оқу