Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

адам

Қазақстандықтар 2025 жылға есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеуге тиіс. Алматыда аталған салық 772 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысанына есептелді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Әсет Есенжігітовтің айтуынша, мүлік салығын пәтер, тұрғын үй, саяжай, гараж, автотұрақ, қойма және өзге жылжымайтын мүлік иелері төлейді. Салық азаматтың тұрғылықты жеріне емес, нысан орналасқан аумаққа қарай есептеледі. Төлем көлемі жылжымайтын мүліктің бағалау құнына байланысты. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайды. Есептеу кезінде нысанның ауданы, шаршы метрдің базалық құны, тозу деңгейі, орналасқан аймағы және айлық есептік көрсеткіш ескеріледі. 2026 жылдан бастап сән-салтанат коэффициенті…

Толық оқу
тамақ

Алматы соңғы жылдары Орталық Азиядағы ең ірі гастрономиялық орталықтардың біріне айналды. Қаладағы дәстүрлі ас пен заманауи мейрамхана мәдениетінің үйлесімі туристерге қазақ даласының тарихын дәм арқылы тануға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның бұрынғы астанасы кейінгі жылдары өңірдің үздік аспаздарын біріктірген алғашқы Food Fest фестивалін өткізіп, тұңғыш гастрономиялық гидін таныстырды. Қаладағы тағам мәдениеті қазақтың көшпелі дәстүрімен қатар, ұйғыр, орыс, өзбек, кәріс, түрік және үнді асханасының ықпалын бойына сіңірген. Алматыға келген қонақтар кеспесі мол бесбармақтан, қазыдан, ет салынған самсадан, бауырсақ пен қуырылған лагманнан жергілікті асхананың сан қырлы сипатын сезіне алады. Әр тағамның астарында көшпелі тұрмыс, сауда жолдары мен әртүрлі мәдениеттің тоғысуынан…

Толық оқу

Швейцарияның сауда тізілімінен Әлия Назарбаева директорлар кеңесіне кірген Kerfuffle AG компаниясы шығарылды. Осылайша Назарбаев дәуіріндегі шетелдік бизнес желілерінің бір тармағы үнсіз тарих сахнасынан кетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми дерекке сәйкес, компанияны тарату туралы шешім 2024 жылғы 26 қарашада қабылданып, рәсім 2026 жылғы маусымда толық аяқталған. Әлия Назарбаева оның директорлар кеңесінде 2016 жылдан бері болған-ды. Ашық реестрде компанияның нақты меншік иесі мен таратуды кім бастағаны көрсетілмейді. Kerfuffle AG Цюрих көлінің жағасында дәулетті клиенттерге арналған 350 млн франктік медициналық кешен салмақ болған. «Швейцариялық қамалда» люкс палаталар, операциялық бөлім және тікұшақ алаңы болуы керек еді. Жоба қағаздағы күйінен әрі аса алмай, қаржылық дау…

Толық оқу
Берік Уәли

Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасы қаланды. Жаңа кешен Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткеліне айналып, елдің транзиттік мүмкіндігін жылына 20-25 млн тоннаға дейін арттыруға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли мен «Port Baqty» серіктестігінің құрылтайшысы Қайрат Итемгенов қатысты. Жоба Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі транзиттік хаб ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған. Кешен халықаралық сауда, көлік және логистика ағынын бір арнаға тоғыстырады. Берік Уәли Бақтыдағы құрғақ порттың облыс үшін ғана емес, тұтас ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттырып,…

Толық оқу
Маңғыстау

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін ұлғайтып, өнеркәсіптік кооперация мен көлік дәліздерін кеңейтуге келісті. Ақтауда өткен кездесуде екі елдің премьер-министрлері жалпы құны миллиардтаған доллар болатын жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Арипов Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-отырысын өткізді. Шағын құрамдағы келіссөзде мемлекет басшылары деңгейінде қабылданған шешімдердің орындалуы қаралды. Тараптар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Олжас Бектенов қазақ-өзбек байланысы Орталық Азиядағы табысты әріптестік үлгісіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай серпін Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев арасындағы сенімге негізделген саяси диалогтың нәтижесінде қалыптасты. 2025 жылғы қарашада…

Толық оқу
Сухроб Холмұхамедов

Астанада өткен халықаралық конференцияда БҰҰ Еріктілер бағдарламасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды. БҰҰ Еріктілер бағдарламасының сыртқы байланыстар және коммуникациялар департаментінің басшысы Сухроб Холмұхамедов Қазақстанның жаһандық еріктілер қозғалысындағы орны, халықаралық жобалар және алдағы міндеттер жөнінде Ertenmedia.kz тілшісіне әңгімелеп берді. – Қазақстанның еріктілер қозғалысын дамытудағы қазіргі рөлін қалай бағалайсыз? – Қазақстан еріктілікті дамыту және оны халықаралық күн тәртібіне шығару бағытында Орталық Азиядағы жетекші елдердің бірі болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қозғалысын азаматтық жауапкершілікті қалыптастыратын және қоғамның әлеуметтік қуатын арттыратын маңызды институт ретінде тұрақты қолдап келеді. Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстандағы еріктілік тәжірибесін ұлттық деңгейден халықаралық ынтымақтастық кеңістігіне шығарды. Астанада ұйымдастырылған…

Толық оқу
Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаевтағы жағажайды коммуналдық қызметкерлермен бірге қоқыстан тазартты. Кейін өңір басшысы жұмысшылармен бір дастархан басында отырып, олардың күнделікті тіршілігі мен ұсыныстарын тыңдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ерекше кездесу облыста апта сайын өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Таңмен таласа жұмысқа шығатын коммуналдық қызмет мамандары үшін әкіммен бейресми жағдайда жүздесу күтпеген оқиға болды. Олар өңір басшысымен бірге жағажайды тазалап, еркін пікір алмасты. Марат Сұлтанғазиев жұмысшылардан еңбек жағдайы мен мамандықтың қиындығы туралы сұрады. Әңгіме барысында тұрғындардың тазалық мәдениеті мен коммуналдық саладағы өзекті мәселелер де көтерілді. Қызметкерлер көкейіндегі сауалын бүкпесіз қойып, нақты ұсынысын жеткізді. Кездесу ресми жиынның қалыптасқан…

Толық оқу
сайлау sailau

23 шілде сағат 18: 01-ден бастап Қазақстанда Құрылтай депутаттарына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды. Алда сайлаушылармен кездесулер, көпшілік алдында сөз сөйлеулер, теледебаттар және сайлауалды бағдарламалардың таныстырылымдары өтетін бір айлық кезең тұр. 23 тамызда қазақстандықтардың алдында жаңа конституциялық модель бойынша сайланатын алғашқы Құрылтайдың құрамын анықтау тұр. Науқанның басталуына қарай ОСК партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтады. Тіркеуден кейін тек екі тізімде өзгеріс болды. Сонымен, Respublica науқанын 75 кандидатпен, ал «Байтақ» 47 кандидатпен жалғастырады. Барлығы депутаттық мандаттар үшін 545 кандидат күш сынасады. Олардың шамамен 44%-ын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар құрайды. Жеребе қорытындысы бойынша саяси партиялар сайлау бюллетеніне мынадай тәртіппен орналастырылады:…

Толық оқу
сайлау сауаланама

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сауалнамасына сәйкес, азаматтардың 70,3 пайызы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуды жоспарлап отыр. Зерттеу сайлау науқаны басталған тұста электоралдық таңдау белсенді қалыптасып келе жатқанын көрсетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Телефон арқылы жүргізілген сауалнама 8-20 шілде аралығында өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 1200 адам қатысты. Іріктеме 18 жастан асқан тұрғындардың жынысы, жасы, тұрғылықты жері мен аймақтық құрамын қамтыған. Қоңыраулар ұялы және стационарлық телефон нөмірлеріне жасалған. Сауалнамаға қатысқандардың 23,3 пайызы дауыс беруге бармайтынын айтқан. Тағы 6,4 пайыз респондент әзірге нақты шешім қабылдамаған. Қала мен ауыл тұрғындарының сайлауға қатысу ниетіндегі айырмашылық шамамен екі пайыз болған. Ең жоғары белсенділік…

Толық оқу
дебат

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында партияаралық теледебаттар ұйымдастырылады. Орталық сайлау комиссиясы бір дебатты 24KZ телеарнасында өткізу мәселесін пысықтап жатыр, ал тағы үш республикалық арна саяси пікірсайысқа алаң ұсынуға дайын екенін білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары сайлау заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, теледебат өткізуге құқылы. Мұндай эфир саяси партияларға өз бағдарламасын таныстырып, ел дамуына қатысты ұсыныстарын сайлаушылар алдында салыстыруға мүмкіндік береді. Дебаттың нақты форматы, өткізу уақыты мен қатысушылар құрамы ұйымдастырушылар тарапынан қосымша жариялануға тиіс. Қазір Орталық сайлау комиссиясы 24KZ телеарнасындағы партияаралық теледебатты ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Qazaqstan, «7 арна»…

Толық оқу