Еуразиялық интеграция институтының зерттеуіне қатысқан азаматтардың 72,1%-ы Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге баратынын айтқан. Сауалнама партиялар арасындағы қолдау деңгейі мен қоғамдағы электоралдық көңіл күйдің қазіргі көрінісін ұсынды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау азаматтардың ел ісіне араласуы мен саяси белсенділігін көрсететін негізгі тетіктің бірі саналады. Еуразиялық интеграция институты зерттеуді 2026 жылғы 3-13 шілде аралығында Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізді. Бетпе-бет сауалнамаға барлығы 1640 адам қатысты. Респонденттерге Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге баратын-бармайтыны туралы сұрақ қойылды. Қатысушылардың 72,1%-ы сайлау учаскесіне баруға дайын екенін білдірді. Сауалнамаға қатысқандардың 14,2%-ы дауыс бермейтінін айтса, 13,7%-ы нақты шешімге…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы бір жылда 14 пайыз өсті. Құрылыс саласындағы қымбаттауды материал, жер, жұмыс күші мен логистика шығынымен түсіндірсе, сарапшылар кейбір компаниялар нарықтағы ахуалды пайдаланып, бағаны негізсіз көтеруі мүмкін екенін айтады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы маусымда жаңа баспананың шаршы метрі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда едәуір қымбаттаған. Кей өңірде баға өсімі республикалық көрсеткіштен де жоғары. Саланың шығыны бір ғана себептен емес, бірнеше фактордың қабаттасуынан артып отыр. Құрылысқа арналған жер телімінің құны, жұмысшылардың еңбекақысы және материалды нысанға жеткізу шығыны көбейді. Дегенмен құрылыс нарығына ең ауыр салмақ түсірген фактор ретінде цемент бағасы аталып отыр.…
2026 жылғы қыркүйектен бастап қазақстандықтар міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналарынан жиналған қаражатының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына бере алады. Жаңа тәртіп салымшыға инвестициялық стратегияны өзі таңдауға жол ашқанымен, табыстылықпен бірге тәуекел үшін де жауапкершілігін арттырады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір азаматтар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік жарналардан қалыптасқан жинақтың 50 пайызына дейін жеке басқарушыға аудара алады. Ерікті жарна толығымен беріледі. Қыркүйекте күшіне енетін өзгерістен кейін аталған шектеу алынып, міндетті жинақты да толық көлемде сенімгерлік басқаруға тапсыруға мүмкіндік туады. Салымшы қаражатын Ұлттық банктің басқаруында қалдыра алады немесе бір және бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыны таңдайды. Компаниялар ұсынатын стратегиялар тәуекел…
Қонаев қаласы 2027 жылы су-мотор спортының ең беделді жарыстарының бірі – F1H2O әлем чемпионатының кезеңін қабылдауға дайындалып жатыр. Алматы облысының әкімдігі мен халықаралық ұйымдастырушылар Қапшағай су қоймасында жарыс өткізу жөніндегі келісімге қол қойды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Келіссөзге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген делегация өкілдері қатысты. Тараптар 2027 жылғы чемпионатты Қонаевта ұйымдастырумен қатар, жобаны бірнеше жылға жалғастыру мүмкіндігін талқылаған. Бастапқы жоспар жүзеге асса, Қапшағай су қоймасы бес жыл бойы әлемдік су жарысының тұрақты алаңына айналуы ықтимал. F1H2O арнайы катерлер тұйық су айдынында жоғары жылдамдықпен жарысатын халықаралық чемпионат. Ресми мәлімет бойынша, катамарандар түзу…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленіп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті. Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. Теледебат 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын және сайлаушыларға ұсынатын бастамаларын баяндады. ІІ кезеңде барлық қатысушыға ортақ екі сұрақ қойылып, партиялар адам капиталын дамытуға қатысты көзқарастары мен бағдарламалық…
Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің сайлау бағдарламаларын таныстырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алдымен спикерлер теледебатқа қатысушылардың этика хартиясына қол қойды. Пікірсайыс басталар алдында қатысушылардың сөйлеу реті цифрлық рандомайзер арқылы анықталды. Осыдан кейін әр партия өкіліне екі минуттан уақыт беріліп, олар Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын, қоғамға ұсынатын негізгі бастамалары мен бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды. Ұлттық теледебаттың екінші кезеңінде барлық партия өкілдеріне бірдей екі ортақ сұрақ қойылды. Әр қатысушыға сұраққа жауап беру үшін 2 минуттан уақыт берілді. Алғашқы сұраққа партиялар жеребеде анықталған кезекпен жауап берсе, екінші сұраққа кері реттілікпен жауап…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық державаларды келіссөз үстеліне оралып, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салатын халықаралық шарттың күшіне енуін жеделдетуге шақырды. Семей полигоны жабылғанына 35 жыл толған тұста айтылған үндеу Қазақстанның антиядролық мұрасын қазіргі жаһандық қауіпсіздік дағдарысымен қайта сабақтастырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ақорда жариялаған ресми үндеуде ядролық державалар арасындағы диалогты қалпына келтіру, сынақтарға тыйым салатын шартты іске қосу және қаруды қолдану қаупін жоюға бағытталған көпжақты әрекетті күшейту қажеттігі айтылған. Астана осылайша ядролық қарусыздану мәселесін моральдық үндеуден нақты дипломатиялық күн тәртібіне шығаруға ұмтылып отыр. Семей ядролық полигоны 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Ондаған жылға созылған сынақтар адам денсаулығына, табиғатқа және тұтас…
Алматыда алғаш рет қолға алынған «Жастар қатысатын бюджет» жобасына 203 өтінім түсіп, дауыс беру қорытындысымен үздік 10 бастама анықталды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек жеңімпаздарға берілетін қолдау, жобаларды бақылау және бизнес өкілдерінің қызығушылығы жөнінде Ertenmedia.kz тілшісіне айтып берді. – Екі жүзден астам өтінімнің арасынан инклюзивті білім беру, ақпараттық технология және медиа саласындағы 10 жоба іріктелді. Қала үшін қандай бағыттар басым саналады? – Байқау сегіз негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында инновациялық және әлеуметтік бастамалар, денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру мен қаланы абаттандыру жобалары бар. Жеңімпаздар тізіміне қарасақ, әр бағыттың Алматы үшін өзіндік маңызы бар екенін көреміз. Қазақстанда…
Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілері 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық төледі. Соның 10,6 млрд теңгесі өңірлік бюджет кірісіне бағытталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы екі жарым жылда ойын бизнесінен мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге түскен. Оның 53,8 млрд теңгесі Алматы облысының қазынасына аударылды. Көрсеткіш саладағы салық түсімінің өңір экономикасындағы салмағын айқын көрсетеді. Қазір Қонаев қаласында ойын бизнесіне қатысты 21 нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында бес казино, 13 букмекерлік кеңсе және үш ойын автоматтары залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді. Ойын бизнесі Қонаевтың туризм және қызмет көрсету нарығына да ықпал…
Рудный қаласының тұрғыны Эдуард Гадульшин 11-шағынауданда Кеңес одағын еске салатын Еңбек даңқы паркін салуға қарсылық танытып, ресми петиция жариялады. Ол ескі өндірістік техникалар қойылған ашық аспан астындағы музейдің орнына тұрғындарға арналған жасыл әрі заманауи демалыс кеңістігін құруды ұсынады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қала әкімдігі аталған аумақта Рудныйдың өндірістік тарихын көрсететін парк салуды жоспарлапты. Жобада биіктігі 14 метрге жететін экскаватор, ауыр бульдозер және карьерлік самосвал секілді техниканы ашық аспан астына орналастырмақыш екен. Бастама қаланың кен өндіру саласындағы еңбек жолын танытатын көрнекі орын ретінде ұсынылса керек. Эдуард Гадульшин Рудныйдың өндірістік тарихын жоққа шығармайтынын, бірақ мұндай техникаға қаланың басқа аумағынан орын табуға болатынын…










