Қазақстандық қоғам қайраткері, «Замандас 21» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Алшынова The Women Noble Prize 2026 халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Марапат оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін берілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл халықаралық сыйлықтың Номинациялық комитеті әлемнің әр түкпірінен түскен 120 үміткердің өтінімін қараған. Сарапшылар қоғамдық қызмет, әлеуметтік жауапкершілік және гуманизм қағидаттарына негізделген бастамаларды бағалады. Қорытындысында Қазақстан өкілі 2026 жылдың лауреаты ретінде танылды. Марапаттау рәсімі 9-17 шілде аралығында Швейцарияның Давос қаласында өткен Global Business Week 2026 халықаралық апталығы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға 40-тан астам мемлекеттен дипломаттар, инвесторлар, қоғам көшбасшылары мен іскер топ өкілдері қатысты. Халықаралық алаңда…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Талғар ауданының Нұра ауылындағы №12 орта мектептің күрделі жөндеуі төрт жылдан бері аяқталмай келеді. Мердігерлердің салғырттығынан мыңға жуық оқушы Мәдениет үйінде, әкімдік ғимаратында және көрші ауылдардағы мектептерде білім алуға мәжбүр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев білім ошағына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. 1969 жылы салынған мектеп ғимараты алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Алайда ұзаққа созылған жұмыс ауыл тұрғындары мен оқушыларға елеулі қолайсыздық туғызған. Жөндеуді бастапқыда «Sheberbuld» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Кейін компания жосықсыз мердігер деп танылып, 2025 жылғы қыркүйекте нысан «Еңбек Өскемен» серіктестігіне тапсырылды. Жаңа мердігер мектепті 2026 жылғы маусымда пайдалануға беруге міндеттенгенімен, жұмыс әлі…
Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысанның өткізу қабілеті екі есе артып, жолаушыларға арналған заманауи әрі қолжетімді орта қалыптасты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Вокзалдың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Құрылыс пен іргелес аумақты абаттандыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба Маңғыстау ауданының көлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Өңір басшысы жаңартылған вокзал тұрғындар мен облыс қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсететінін айтты. Оның сөзінше, теміржол ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі болса, вокзал өңір туралы алғашқы әсер қалыптастыратын маңызды нысан саналады. Нұрдәулет Қилыбай жаңа кешен Шетпенің көлік визит картасына айналатынын…
Көрші елдердегі жанармай дағдарысы Қазақстандағы электромобильдерге шетелдік сатып алушылардың қызығушылығын арттырды. Билік сыртқы сұраныс бағаны көтермейді деп сендіргенімен, нарыққа әсер ететін өзге факторлар сақталып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте жағдайға қатысты пікір білдірді. Журналистер одан көрші мемлекеттердегі жанармай тапшылығы мен шетелдік сұраныс электромобиль бағасын өсіре ме деп сұрады. Министр қосымша сатылым Қазақстанның автомобиль нарығына керісінше оң серпін беруі мүмкін екенін айтты. «Ешқандай әсер болмайды, баға өспейді», – деді Ерсайын Нағаспаев. Оның мәліметінше, қазір Қазақстанда шамамен 23 мың электрлі көлік пайдаланылып жүр. Министр шетелдік сатып алушылардың қызығушылығын бағаға қысым түсіретін негізгі фактор деп…
Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжанов 22 шілдеде бостандыққа шығады. Сот оған рақымшылық актісін қолданып, жазасының өтелмеген бөлігін қысқарту туралы шешім қабылдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сотталған азаматтың адвокаты Газиз Ынтықбаевтың айтуынша, сот отырысы 22 шілдеде өткен. Сот Байжановты дереу босатуға қаулы еткен. Оның өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл асқан. Байжанов Ақмола облысындағы Степногорск қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жүрген. Қорғаушы оның сот шешімінен кейін сол күні отбасына оралатынын мәлімдеді. Босатылу туралы ақпаратты әзірге адвокат жариялады. Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе аса ауыр қылмысты күні бұрын уәде бермей жасырды деп танылған. 2024 жылғы 13 мамырда Астананың…
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Ресей мен Қытай Иранға әртүрлі деңгейде қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді. Пентагон басшысы көмектің сипатын ашпады, өйткені оған қатысты мәлімет құпия саналады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Хегсет мәлімдемесін АҚШ Сенатының қаражат бөлу жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда жасады. Республикалық сенатор Джон Хувен Мәскеу мен Бейжіңнің Тегеранға көмектесіп жатқан-жатпағанын сұрады. Министр екі ел Иранның кейбір әрекетін жүзеге асыруына «әртүрлі деңгейде мүмкіндік беріп отырғанын» растады. АҚШ Штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн аталған мәселені ашық отырыста талқылаудан бас тартты. Оның айтуынша, барлау деректерін жариялау сезімтал ақпараттың сыртқа шығуына әкелуі мүмкін. Сондықтан Ресей мен Қытай көрсетіп отырған көмектің нақты…
Алматыда мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар заманауи қоғамдық құндылықтардың бағытын талқылады. Жиынға қатысушылар елдің орнықты дамуы рухани негізге, құқықтық мәдениетке және жауапты азамат ұстанымына сүйенуге тиіс деген пікір білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Заманауи қоғамдық құндылықтар жүйесі: басымдықтар мен даму келешегі» атты дөңгелек үстелде технологиялық өзгеріс пен қоғамдық трансформация жағдайындағы ұлттық бағдар сөз болды. Сарапшылар құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтық қоғамды дамыту және ортақ құндылықтарды орнықтыру мәселесіне назар аударды. Пікір алмасу барысында дәстүр мен заманауи мәдени үрдістің арасындағы үйлесім де кеңінен талқыланды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қоғамның терең өзгеріс кезеңіне аяқ басқанын айтты. Оның сөзінше, ойлау…
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева адам өмірін табиғаттың бірегей сыйы әрі ешбір дүниемен өлшенбейтін ең жоғары құндылық деп атады. Ол «Хабар» агенттігі түсірген «4739» деректі фильмінен кейін ағза донорлығына қатысты жеке ұстанымын білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аида Балаеваның айтуынша, адамның өмір сүру құқығы мемлекет, қоғам, заң және дін мойындаған іргелі қағидат саналады. Көпшілікке түсінікті көрінетін осы ақиқаттың терең мағынасы кейде нақты адам тағдыры арқылы ғана айқын сезіледі. «4739» деректі фильмі өмірдің қаншалықты нәзік әрі қымбат екенін тағы бір мәрте еске салған. Министрдің пікірінше, туынды трансплантологияның технологиялық мүмкіндігін ғана көрсетпейді. Фильмде өмірге деген құштарлық, үзілмеген үміт,…
Шеңгелді ауылдық округінде бақша өнімдерін жинау науқаны қарқын алды. Алқаптан жиналған қарбыз күн сайын Алматы, Астана және еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтіліп жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл ауылдық округте ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында 13 657 гектар егістік игерілді. Соның 400 гектарына бақша дақылдары егілген, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Таңнан кешке дейін алқапта еңбек қызу жүріп, піскен өнім бірден жүк көліктеріне тиелуде. Берекелі маусымның қызығын көріп отырған шаруаның бірі – «Ағайындылар» шаруа қожалығының иесі Дастан Үмбетов. Ол биыл 32 гектар жерге қарбыз егіп, қазір күн сайын жиналған өнімді сатып алушыларға жөнелтіп отыр. Шаруаның айтуынша, көтерме саудагерлер қарбызды…
Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы Yandex Pro-ның қазақстандық парақшасы мемлекеттік тілді елемейді деген сын айтып, сервиске бойкот жариялауды ұсынды. Алайда ашық деректер парақшада қазақша жарияланым бар екенін көрсетеді, ал компания нақты осы айыптауға әзірге жеке жауап берген жоқ, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жазба авторы @yandexpro.kz Instagram парақшасындағы контент негізінен орыс тілінде жарияланатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, аккаунтта мемлекеттік тілдегі жарнамалық суреттер жоқ, ал «Яндекс Дәәәу» ұраны кеңестік кезеңнен қалған жасанды маркетинг тәсілін еске салады. Қолданушы компанияның маркетинг командасын сынға алып, жазбасына Yandex қызметіне бойкот жариялауға шақыратын белгі қосты. Алайда «парақшада қазақша контент мүлде жоқ» деген кесімді тұжырым ашық дерекпен сәйкес келмейді. Yandex…










