«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің бес жылдығы қарсаңында БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған «Тектілер ту көтереді» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Еліміздің 14 өңірінен келген журналистерге жүлдені қоғамға белгілі зиялы қауым өкілдері табыстады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бірлестік басшысы Нұркен Асанов үшін «Сенімен Болашақ» алғашында талаптан туған бастама болса, уақыт өте талғамына, таңдауына, кейін өмірлік жолына айналған. Оның айтуынша, бес жыл ішінде ұйым ата-ана тәрбиесі, азаматтық жауапкершілік және ұлттық құндылықты дәріптеу бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Мерейтой қарсаңындағы басқосу сол еңбектің қорытындысын шығарып қана қоймай, қоғам алдындағы жаңа міндеттерді де айқындады. «Саналы қоғам сапалы мемлекетті қалыптастырады» деген ұстаным бірлестік қызметінің өзегіне айналған. Нұркен Асанов…
Автор: Нұрлан Жұмахан
«Ақ жол» демократиялық партиясы 23 шілдеде сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Алматының Іле Алатауы бөктерінде өткен жиында партия төрайымы Дания Еспаева Құрылтай сайлауына арналған негізгі басымдықтарды таныстырып, республика бойынша саяси науқанға старт берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Құрылтай депутаттығына кандидаттар, партияның жастар қанатының өкілдері мен белсенділері қатысты. Жиынның басты ерекшелігі еліміздің барлық өңіріндегі филиалдармен тікелей байланыс орнатқан телекөпір болды. Дания Еспаева арнайы батырманы басып, партияның республика көлеміндегі үгіт жұмысының басталғанын жариялады. Оның айтуынша, жаңа Конституция негізінде өтетін Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі саналады. – Жиырма бес жылдық тарихы бар «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына нақты…
Астанадағы гараж кооперативтерінің бірінен синтетикалық есірткі өндіруге пайдаланылуы мүмкін төрт тонна прекурсор табылды. Тәртіп сақшылары 200 канистр химиялық затты тәркілеп, тағы бір заңсыз зертхананың іске қосылуына жол бермеді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшісіне ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов сұхбатта прекурсорлар айналымының қаупі, жаңа қылмыстық жауапкершілік және синтетикалық есірткі өндірісіне қарсы күрестің бағыты туралы айтты. – Қуандық мырза, Астанада анықталған жасырын қойма туралы толығырақ айтып өтсеңіз. – Жедел іс-шара барысында гараж кооперативтерінің бірінен прекурсорлар сақталған жасырын орын анықталды. Тексеру кезінде жалпы салмағы төрт тонна болатын 200 канистр химиялық зат тәркіленді. Алдын ала бағалау бойынша, мұндай заттар…
Қазақстан инвесторлар үшін қауіпсіз елдер рейтингінде 150 мемлекет пен аумақтың арасынан 53-орынға көтерілді. Ел Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап, әлемдік алғашқы елу мемлекеттің қатарына үш саты жетпей қалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Safest Countries for Investors 2026 рейтингі Henley & Partners компаниясы мен AlphaGeo талдау платформасы әзірлеген Жаһандық инвестициялық тәуекел және орнықтылық индексіне негізделген. Қазақстан 2025 жылғы қазандағы негізгі есепте 70-орында тұрған еді. 2026 жылғы мамырдағы жаңартуда ел бірден 17 саты жоғарылады. Рейтинг мемлекетке нақты қанша инвестиция құйылғанын немесе капиталдың табыстылығын өлшемейді. Индекс ел экономикасы мен институттарының дағдарысқа, саяси тұрақсыздыққа, валюта құбылуына және сыртқы соққыға қаншалықты төтеп бере алатынын бағалайды. Сондықтан…
Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталығының төрағасы Жанділда Ажығалиұлы Жақыпов медиацияның қоғамдық келісімді нығайтудағы орны, этносаралық даулардың алдын алу жөнінде Ertenmedia.kz сатйы тілшісіне әңгімелеп берді. Оның айтуынша, дау ушыққаннан кейін төрелік айтудан гөрі, келіспеушіліктің себебін ерте анықтап, тараптарды өзара мәмілеге жеткізу әлдеқайда тиімді. – Жанділда Ажығалиұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация орталығы қандай мақсатпен құрылды? – Медиация орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Орталық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге атсалысатын Ассамблея құрылымдарын, мемлекеттік органдарды, кәсіби мамандарды және қоғам өкілдерін ортақ алаңға біріктіреді. Негізгі мақсатымыз қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетіп, диалог мәдениетін қалыптастыру. Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілі өмір…
Астанада 24 шілде күні электрлі аэротаксидің алғашқы ресми көрсетілімі өтеді. AutoFlight Prosperity аппараты сағат 09:00-де «Қазанат» ипподромының аумағынан әуеге көтеріледі, алайда қолайсыз ауа райы ұшу мерзімін өзгертуі мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. Көрсетілімге электр қуатымен жүретін, тігінен көтеріліп-қонатын eVTOL санатындағы аппарат таңдалған. Оған кәдімгі ұшақ секілді ұзын ұшу-қону жолағы қажет емес. Аэротакси шағын алаңнан тік көтеріліп, биіктікке шыққан соң қанатты ұшақ режиміне ауысады. Ұйымдастырушылар Prosperity сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшып, бір қуаттаумен 200 шақырымға дейін жол жүретінін хабарлады. Жарияланған ақпаратта салон бір пилот пен бес жолаушыға есептелгені айтылған. Алайда AutoFlight компаниясының ресми техникалық құжатында аппарат бес орындық, яғни пилотты қоса…
Қазақстанда банктер арасында жұмыс істейтін бірыңғай QR төлем жүйесі іске қосылды. Енді сатып алушы мен сатушы әртүрлі банктің клиенті болса да, бір QR арқылы есептесе алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа жүйе 2026 жылғы 19 шілдеден бастап ресми жұмыс істей бастады. Клиент сауда орнындағы QR-кодты өз банкінің қосымшасымен сканерлеп, төлемді тәулік бойы нақты уақыт режимінде жасайды. Сатып алушыдан мұндай операция үшін комиссия алынбайды. Кәсіпкер үшін төлем қабылдау бұрынғыдай ақылы қызмет болып қалады. Бір банктің ішінде жасалған операция тарифін сол банк өзі белгілейді. Ал банкаралық төлем кезінде комиссия бірнеше қатысушының арасында бөлінеді. Төлем сомасының 1 пайызы сатып алушының банкіне беріледі. Тарифтің…
Қазақстанда ұлттық спутниктік байланыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін KazSat-3R ғарыш жүйесін құру басталады. Жобаны жүзеге асыруға Үкімет резервінен 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа аппарат қазір пайдаланылып жүрген KazSat-3 спутнигін алмастырады. Қолданыстағы ғарыш аппаратының жоспарланған қызмет мерзімі 2029 жылы аяқталады. KazSat-3R ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Жоба телекоммуникация саласының сыртқы технологияға тәуелділігін төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі мен технологиялық егемендігі нығаяды. Жаңа спутник телерадио хабарын тарату, дерек жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметін қолдайды. Оның мүмкіндігі әсіресе халқы аз және шалғай орналасқан…
Электр тогының өзіне тән иісі болмайды, өйткені иісті мұрын ауадағы молекулалар арқылы сезеді. Адамдар «электр иісі» деп атайтын өткір иіс көбіне озоннан, қызған сымнан немесе күйе бастаған оқшаулағыш материалдан шығады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Розеткадан ұшқын шыққанда немесе электр құрылғысында қысқа тұйықталу болғанда ауадағы оттегі молекулалары ыдырайды. Босап шыққан оттегі атомдары басқа оттегі молекулаларымен қосылып, озон түзеді. Оның иісі өткір, салқын әрі металл иісіне ұқсап сезіледі. Электр тогы өткізгіштен өткен кезде белгілі мөлшерде жылу бөледі. Сым зақымдалса, қосылыс босаса немесе құрылғыға шамадан тыс күш түссе, температура қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Мұндай кезде пластик, резеңке немесе оқшаулағыш қабат күйіп, ащы иіс…
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың рақымшылықпен мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, рақымшылық сот үкімін жоймайды және Байжановты кінәсіз деп танытпайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Айтбек Амангелдінің сөзінше, отбасының заңгерлері қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі зерттеген. Жәбірленуші тарап сот отырысына шақырылмаған және шешім қабылдау үдерісіне қатыстырылмаған. Сондықтан отбасы аталған қаулыға ықпал ету немесе оны өзгерту мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келген. «Рақымшылық – кінәсіздік емес», – деді ол. Айтбек Амангелді Байжановқа шығарылған айыптау үкімі күшінде қалғанын және сот анықтаған кінә жойылмағанын атап өтті. Оның пікірінше, бостандыққа шығу қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық және моральдық салдарын жоққа шығармайды. Амангелді отбасының бұған дейін…










