2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Көптеген жас сайлаушылар үшін бұл сайлауға қатысудағы алғашқы тәжірибе болады. Жас сайлаушыларға арналған қарапайым нұсқаулық ұсынылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кім дауыс бере алады? Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Дауыс беру ерікті және жасырын түрде жүргізіледі. Бұл ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында көзделген. 23 тамызға дейін не істеу керек? Ең алдымен, өз сайлау учаскеңізді және сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексерген жөн. Бұл үшін ОСК тиісті цифрлық сервистерді ұсынады. Бұл әсіресе жақында тұрғылықты жерін ауыстырған студенттер мен жастар үшін маңызды. Өзіңізбен бірге не алу керек? Сайлау учаскесіне жеке…
Автор: Нұрлан Жұмахан
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет пен өнер саласы үшін маңызды жаңалықты бөлісті. Оның айтуынша, Президент мемлекеттік наградалар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аида Балаева осы шешім үшін мәдениет саласы өкілдері атынан Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Оның пікірінше, жаңа марапаттар мәдениет пен өнердің қоғамдағы мәртебесін көтеріп, өмірін осы салаға арнаған азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның мәдениет саласында 56 мыңнан астам маман еңбек етеді. Елде 85 театр, 286 музей, 67 концерттік ұйым және 3 054 мәдени-демалыс…
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттары сайлауы қарсаңында «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы өңірлердегі жұмысын күшейтті. Ұйым өкілдері бірнеше қалада семинар өткізіп, болашақ байқаушыларды сайлау заңнамасы мен қоғамдық бақылау тетіктеріне үйретіп жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылтай сайлауына жеті тіркелген саяси партия қатысады. Саяси науқан қызған тұста дауыс беру барысын тәуелсіз бақылауға дайындық та қатар жүріп жатыр. «Халық үні» тобының өкілдері Нұрболат Нышанбай, Дос Көшім және Нұргелді Әбдіғани Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларына барып, жергілікті тәуелсіз байқаушылармен кездесті. Өңірлерде штабтар құру және байқаушылар пулын қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Сапар барысында арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Қатысушыларға сайлау процесін реттейтін құқықтық нормалар,…
Алматыда өтетін YE концертіне әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналып жатыр. Солардың бірі – Қытайдан арнайы келген Кристалл Лю, ол мегаполисте үш күн болуды жоспарлап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кристалл Лю YE, яғни Канье Уэсттің шығармашылығын бұрыннан тыңдайтынын айтып, концертті асыға күтіп жүргенін жеткізді. «Баршаңызға қайырлы кеш! Менің атым Кристалл Лю. Қытайдан Канье Уэсттің концертіне арнайы келдім. Алматыда үш күн боламын. Осы перформансты асыға күтіп отырмын», – деді ол. Қытайлық қонақ сұхбат барысында сүйікті орындаушысына деген ықыласын музыка арқылы да көрсетті. Камера алдында YE-нің танымал туындыларының бірі – «All Falls Down» композициясынан үзінді орындап, көрермендерге шағын музыкалық сый жасады. Алматыдағы…
Алматы облысында электр энергиясынан ажыратылған елді мекендердің басым бөлігінде жарық қайта берілді. Сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша әлеуметтік маңызы бар, тіршілікті қамтамасыз ететін және режимдік-стратегиялық нысандар электр қуатымен толық қамтылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр, Райымбек және Кеген аудандарында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілген. Қарасай ауданында желіге қосу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жандосов, Шамалған, Бекболат, Қайнар, Құмарал, Еңбекші, Айтей, Жамбыл, Ұлан және Тұрар ауылдарына электр энергиясы берілді. Сонымен қатар Елтай, Исаев ауылдары, Қаскелең қаласының бір бөлігі және Береке ауылы қайтадан электр желісіне қосылған. Жібек жолы, Көкөзек,…
Қазақстан отандық өндірушілерді жекелеген жеңілдіктермен қолдаудан ішкі өндірісті жүйелі түрде күшейту моделіне көшіп жатыр. Ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі 83 пайызға жетіп, Үкімет ендігі басымдықты өндірісті кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және «Қазақстанда жасалған» өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға бағыттап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Отандық тауар өндірушілерді қолдау Қазақстанның экономикалық саясатындағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Жаңа тәсіл жекелеген кәсіпорындарға уақытша көмек көрсетумен шектелмейді. Мемлекет ішкі өндірістің қуатын арттырып, экономикалық дербестікті күшейтетін тұтас экожүйе қалыптастыруға кірісті. Мұндай бағыт Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндетпен үндеседі. Негізгі мақсат — Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайтып, отандық өндірістің тұрақты өсуіне жағдай жасау. Қазір қазақстандық өнімнің ішкі нарықтағы…
Әлемдік саудада қалыптасқан логистикалық тәртіп өзгеріп, мемлекеттер мен ірі компаниялар жүк тасымалының жылдам, тұрақты әрі баламалы бағыттарын іздей бастады. Осындай кезеңде Қазақстан Қытай мен Еуропаны жалғайтын Орта дәліздің негізгі буынына айналып, транзиттік артықшылығын ұзақмерзімді экономикалық капиталға айналдыруға ұмтылып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы жылдары Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліздің маңызы күрт өсті. Бұрын аймақтық деңгейдегі перспективалы жоба ретінде қарастырылған маршрут қазір Азия мен Еуропа арасындағы негізгі логистикалық баламалардың біріне айналып келеді. Орта дәліз Қазақстанның жаңа мүмкіндігін ашты Бағыт Қытайдан басталып, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы Еуропа нарығына шығады. Оның географиялық өзегінде Қазақстан орналасқан. Дүниежүзілік…
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасында респонденттердің 73,8 пайызы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті екенін айтқан. Партиялық рейтингте «Әділет» 70,2 пайыз қолдаумен бірінші орында тұр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу 21 шілде-4 тамыз аралығында жүргізілген. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыста тұратын 1 200 респондент қатысқан. «23 тамыз 2026 жылы өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 73,8 пайызы оң жауап берген. 8,1 пайызы дауыс беруге бармайтынын айтса, 18,1 пайызы әлі нақты шешім қабылдамаған. 8-20 шілде аралығында жүргізілген алғашқы өлшеммен салыстырғанда сауалнамада мәлімделген қатысу көрсеткіші 2,5 пайызға өскен. Дауыс…
«Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті кезеңі Эминемнің әнімен басталып, Ақшатауда домбыра үнімен түйінделді. Ақсу-Аюлыдан шыққан Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге тағы 100 шақырымды еңсеріп, келесі меже — Балқашқа қарай сапарын жалғастыруға дайындалып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Меңдібай Әлімғазинов әлеуметтік желідегі парақшасында ультрамарафонның кезекті күні қалай өткенін көрсетті. Таңсәріде Ақсу-Аюлы ауылынан шыққан топ жоспарланған қашықтықты жүріп өтіп, күн соңында Ақшатауға жеткен. Марафоншылар келесі кезең алдында осы ауылда аялдап, күш жинаған. Жоспар бойынша таңертең қайта жолға шығып, Балқаш қаласына бет алады. Әрбір еңсерілген 100 шақырым сапардың спорттық көрсеткіші ғана емес, жол бойындағы елді мекендер мен адамдарды байланыстырып келе жатқан «Құрылтайға жол» шежіресінің кезекті…
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған Республикалық штаб мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Восток-Молоко» корпорациясының өндірістік алаңында болды. Сайлауалды кездесу барысында отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнестің жағдайы, салық саясаты мен қазақстандық өнімнің өткізу нарығын кеңейту мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия өкілдері алдымен кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты. Штаб мүшелеріне технологиялық желілер, өнім өндіру кезеңдері және корпорация шығаратын тауар түрлері көрсетілді. Бұдан кейін еңбек ұжымы және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Қатысушылар ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін көбейту, жергілікті кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау және дайын өнімді…










