Дауыс беру күні жақындаған сайын саяси партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмысын күшейтіп, жергілікті мәселелерге көбірек назар аудара бастады. 6 тамыздағы кездесулерде жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология, денсаулық сақтау, өндіріс пен инфрақұрылым секілді тақырыптар алдыңғы қатарға шықты, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Әділет» партиясы «Әділет» партиясы өңірлердегі жұмысын «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында жалғастырды. Қостанай облысында керуен Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарын аралады. Партия мәліметінше, кездесулерге 700-ден астам ауыл тұрғыны қатысып, жолдардың жағдайы, ауызсу, байланыс сапасы және жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Жамбыл облысында партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған топ Жуалы ауданындағы шаруа қожалығы мен сүт өңдеу кооперативіне барды.…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстандықтар 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын онлайн біле алады. Ол үшін GOV.KZ платформасында арнайы сервис іске қосылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Онлайн-қызмет азаматтарға дауыс беретін орнын алдын ала анықтап, сайлау күні уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сервисті пайдалану үшін сайлаушы өзінің өңірін таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Жүйе тиісті сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын автоматты түрде көрсетеді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бір мезетте үш онлайн-сервис әзірленген. Сайлау учаскесін GOV.KZ платформасындағы арнайы бөлімнен, сондай-ақ sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz ресурстарынан тексеруге болады. Қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді. Ол «Танымал қызметтер» бөлімінде орналасқан.…
Алматыдағы Nero 1, Nero 2 және Eltex кәсіпорындарының қызметкерлері 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті екенін білдірді. Еңбек ұжымдары дауыс беруді азаматтың елдегі саяси үдеріске араласуының маңызды тетігі деп бағалайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаланың өндірістік алаңдарында өткен кездесулерге инженерлер, жұмысшылар, технологтар және түрлі сала мамандары қатысты. Жиында азаматтардың сайлауға қатысуы, қоғамдық жауапкершілік және саналы таңдау жасау мәселелері талқыланды. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, Құрылтай депутаттарын сайлау елдің жаңа өкілді органының құрамын қалыптастыратын маңызды саяси кезең саналады. Сондықтан әр азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беру арқылы таңдауын білдіруге мүмкіндік алады. Еңбек ұжымдарының өкілдері сайлау науқанына қатысуды тек дауыс беру…
Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық тәртіпті күшейтуге бағытталған кезекті рейд өтті. Жыл басынан бері абаттандыру талабын бұзу және қоғамдық орындарды ластау деректері бойынша 7786 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Рейдті облыс әкімдігі, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және Полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Мамандар бизнес орталықтарын, сауда үйлері мен жеке меншік нысандарды тексерді. Кәсіпкерлерге іргелес аумақты абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау тәртібі түсіндірілді. Жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру және жасыл желекті жою деректері тіркелген. Заң талаптарын бұзған азаматтар мен кәсіпкерлерден 26 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Бақылау шаралары елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартумен…
Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасының жанынан заманауи магниттік-резонанстық томография (МРТ) бөлімі салынды. Жаңа бөлім Аягөзбен қатар Үржар, Мақаншы және Ақсуат аудандарының тұрғындарына жоғары технологиялық тексеруден жергілікті жерде өтуге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Берік Уәли ауруханаға барып, МРТ аппараты орнатылған жапсарлас ғимаратпен танысты. Жоба арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Құрылыс-монтаж жұмысы толық аяқталып, нысанды пайдалануға беру актісін тіркеу рәсімі жүріп жатыр. Аягөз ауданында жыл сайын 1500-ге жуық адам МРТ зерттеуіне жүгінеді. Бұған дейін тұрғындар мұндай тексеруден өту үшін облыс орталығына немесе басқа қалаға баруға мәжбүр болатын. Енді медициналық қызмет ауданның өзінде көрсетіліп, науқастардың жолға жұмсайтын…
«Ақ жол» демократиялық партиясының төраймы Дания Еспаева Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге Алматыдағы логистика саласының кәсіпкерлерімен кездесті. Сайлауалды жиында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржыландыруға қолжетімділік, салық саясаты мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. Іс-шара басында Дания Еспаеваға құрмет пен қонақжайлықтың белгісі ретінде гүл шоқтары табысталды. Партия өкілдері мұндай дәстүрдің өңірлік сапарлар кезінде қалыптасқанын атап өтті. Жиынның негізгі бөлігі кәсіпкерлік ортадағы түйткілдер мен логистика саласының даму перспективаларына арналды. «Ақ жол» өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасындағы бизнеске қатысты басым бағыттарды таныстырып, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Бағдарламада салық саясатын жетілдіру, әкімшілік…
Жезқазғанда азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды. Сарапшылар қоғамдық ұйымдарды саяси шешімдер мен партиялық бағдарламаларды әзірлеуге тарту азаматтардың сенімін арттыратынын айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 6 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді. Жиынға Ұлытау облысының үкіметтік емес ұйымдары, ғылыми орта, қоғамдық қорлар мен Қоғамдық кеңес өкілдері қатысты. Кездесуде азаматтық қоғамның саяси жаңғырудағы рөлі, партиялармен байланысы, электоралдық мәдениет және қоғамдық сенім мәселелері қаралды. Қатысушылар 5 тамыздағы теледебаттың аудиторияны саяси үдеріске тартудағы маңызын да талдады. ҚҚДИ…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорғандағы саябақтар мен Қаратал өзенінің жағалауында автоматты суару жүйесі іске қосылды. Жаңа инфрақұрылым жасыл желекті тұрақты күтіп-баптап, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Жастар» мәдени-демалыс саябағы мен Қаратал жағалауындағы абаттандыру жұмыстарын тексерді. Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Талдықорғанда жалпы ұзындығы 54,8 шақырым автоматты суару желісі салынып жатыр. Жобалар «Жастар», «Ардагерлер» саябақтары мен Қаратал жағалауын қамтиды. Аумағы 4,05 гектар болатын «Жастар» саябағында 40,5 мың шаршы метр жер көгалдандырылған. Автоматты суару жүйесі іске қосылып, қазір көк шөпті қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Өңір басшысы мердігерлерге шөп шықпаған аумақтарды тегістеп, қара топырақ төсеуді…
«Жетінші арнада» өтіп жатқан сайлауалды теледебатта көрермендердің онлайн дауыс беруінің аралық нәтижесі жарияланды. Алғашқы кезеңдердің қорытындысында «Әділет» партиясының өкілі 42,53 пайыз жинап, өзге қатысушылардан алға шықты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанадағы «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған пікірталасқа Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілі қатысып жатыр. Олар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, білім беру жүйесін дамытуға қатысты бастамаларын ортаға салды. Дебаттың келесі кезеңінде қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, ұсыныстарды жүзеге асыру тетіктері мен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады. «Әділет» партиясының өкілі Рауан Кенжеханұлы білім беру саласын цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды ұсынды. Партия жеке деректерді қорғауға, цифрлық қауіпсіздікке және халықтың технологиялық сауатын арттыруға басымдық…
Астанада Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің телевизиялық дебаты басталды. «Жетінші арнадағы» тікелей пікірталастың негізгі тақырыбы білім беру жүйесін дамытуға арналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Саяси дода «Қазмедиа орталығында» өтіп жатыр. Эфир басталар алдында партия өкілдері жақтастарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерімен кездесті. Одан кейін қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Respublica партиясынан Мейрамгүл Мадали бірінші болып сөз алды. Одан кейін «Ақ жол» партиясының өкілі Дулат Тастекей, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Мақсұт Нәсібулов, «Әділет» партиясынан Рауан Кенжеханұлы пікір білдіреді. Келесі кезекте «Байтақ» партиясының өкілі Аслан Байзаханов, «Ауыл» партиясынан Шахмардан Байманов және Қазақстан халық…










