Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Тамыз конференциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 4 200 орынға арналған бес жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі. Бұған қоса, реновация бағдарламасымен күрделі жөндеуден өткен 10 мектеп оқушыларды қабылдайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» атты облыстық тамыз мәслихатында өңірдегі мектеп инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған жобалар жөнінде айтты. Облыста демографиялық өсім жоғары болғандықтан, оқушы орнының тапшылығын азайту негізгі міндеттердің біріне айналған. Әсіресе Алматы агломерациясына кіретін елді мекендерде жаңа мектеп салуға сұраныс артып отыр. Өңір әкімдігі Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп бірнеше білім нысанын салу мүмкіндігін қарастыруда. Алматы облысы мектеп құрылысына қажетті жер…

Толық оқу
Orda порталының бас редакторы

Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға тағылған үш эпизод бойынша айып сотта дәлелденді деп мәлімдеді. Прокурор заңсыз кәсіпкерлік, сеніп тапсырылған қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, сот тергеуі кезінде жиналған дәлелдер бір-бірімен өзара үйлесіп, қылмыстық істің тұтас картинасын қалыптастырған. Айыптау тарапы жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарына, банк және бухгалтерлік құжаттарға, салық деректеріне, мамандардың қорытындылары мен сот сараптамаларына сүйенді. Прокурор қорғау тарапы аталған материалдарды жоққа шығаратын объективті дәлел ұсына алмады деп есептейді. Бірінші эпизод заңсыз кәсіпкерлік…

Толық оқу
спорт

Алматы облысының спортшылары жыл басынан бері республикалық және халықаралық жарыстарда 1179 медаль иеленді. Оның 423-і алтын, 349-ы күміс, 407-сі қола. Жетістіктер Қонаев қаласында өткен Спорт күні мерекесінде жарияланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиында спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен сала мамандары марапатталды. Оларға медаль, төсбелгі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Көп жылғы еңбегімен өңір спортының дамуына үлес қосқан азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. Сурдлимпиада чемпионы Андрей Самарин мерекенің басты қаһарманына айналды. Ол Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алған. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшыға Алатау қаласындағы үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Самарин баспаналы болу өзі үшін үлкен…

Толық оқу
кусто логистик

Алматы облысының Іле ауданында жылына 100 мың контейнер өңдеуге қауқарлы «Kusto Logistics» көлік-логистикалық орталығы жұмысын бастады. 28,1 млрд теңге инвестиция тартылған кешен өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, импорттық және экспорттық жүк ағынын жеделдетуге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи мультимодальды орталық 26,5 гектардан астам аумақты алып жатыр. Мұнда теміржол желісі, контейнер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру аймағы, автомобиль логистикасы және басқару орталығы бір жүйеге біріктірілген. Кешенде 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нысанның ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы әрі акционері Қанат Көпбаев және жобаға қатысқан компаниялардың өкілдері қатысты. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаңа терминал жұмыспен…

Толық оқу
әкімдер

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарап, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Жиында инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, су үнемдеу, жерді тиімді пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылым және Құрылтай сайлауына дайындық мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы кей елді мекендердің экономикалық әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударды. Мәселен, туристік мүмкіндігі жоғары Бесқайнар ауылдық округінде инвестициялық жоба аз. Есік қаласында жыл басынан бері 4 млрд 355 млн теңге инвестиция тартылғанымен, іске асырылып жатқан жобалар саны жеткіліксіз деп бағаланды. Тескенсу ауылдық округінде инвестиция көлемі 11,2 млрд теңгеге жеткен. Мұнда жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу…

Толық оқу
ertenmedia

Абай облысында ауыр жүк көліктерінің күре жолдарға келтіретін залалын азайту және заңсыз кірме жолдарды жабу шаралары күшейтіледі. Өңір әкімі Берік Уәли жауапты органдарға бірлескен рейдтер өткізіп, тасымалдаушылардың салмақ талаптарын сақтауын қатаң бақылауды тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кеңеске «ҚазАвтоЖол», көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, полиция мен «Қазақстан темір жолы» өкілдері қатысты. Жүк тасымалдаумен және өндірістік жобалармен айналысатын компаниялар да жиынға шақырылды. Тараптар жолдардың жай-күйін, бақылау бекеттерін айналып өту және күре жолдарға рұқсатсыз қосылу деректерін талқылады. Абай облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2175 шақырымды құрайды. Оның 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық, ал 24 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Соңғы екі жылда…

Толық оқу
боскетбол

Қазақстанда «Астана» баскетбол клубын қаржыландыру тәсілі қайта қаралуы мүмкін. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мұны команданың соңғы жылдардағы нәтижесімен және спортты қаржыландырудың жаңа қағидаларымен байланыстырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Комитет мәліметінше, «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының соңғы маусымында 44 кездесудің екеуінде ғана жеңіске жетіп, 12-орында қалды. Жеңілістер үлесі 95%-дан асты. Команда сегіз жыл қатарынан плей-офф кезеңіне шыға алмаған. Ішкі біріншілікте де клуб Қазақстан кубогын жеңіп алмай, Ұлттық лигада чемпиондыққа жете алмады. Ведомство спортты қаржыландырудың жаңа моделіне де назар аударды. Қолданыстағы заң ұлттық құрамаларды, спорт резервін және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық береді. Шетелдік легионерлерді бюджет және квазимемлекеттік…

Толық оқу
"Әділет" партиясы

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады. – Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол…

Толық оқу
Болашақ ойындары

Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі спорт пен цифрлық технологияны бір алаңда тоғыстырды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан биыл әлемнің 50 елінен келген 800 спортшының басын қосқан ірі халықаралық турнирді қабылдап отыр. Ел намысын барлық сегіз спорттық бағыт бойынша 11 команда қорғайды. Фиджитал-футбол — классикалық футбол мен оның цифрлық нұсқасын біріктіретін жаңа формат. Қатысушылар алдымен виртуалды кеңістікте бәсекеге түсіп, кейін нәтижесін нақты алаңдағы ойынмен жалғастырады. Осы ерекшелік «Болашақ ойындарын» дәстүрлі спорт жарыстарынан айырып, технологиялық спорттың жаңа бағыты ретінде танытып отыр. Ербол Мырзабосынов жарысты тамашалау барысында…

Толық оқу
курылтай сайлауы 2026

Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт науқанының сипаты өзгере бастады: өңірлік сапарлар мен еңбек ұжымдарындағы кездесулерге партияаралық ашық сын және қарсы пікір қосылды. 7 тамыздағы саяси белсенділік партиялардың өңірлерде сайлаушыларға өз бағдарламасын таныстырумен шектелмей, қарсыластарының әлсіз тұстарын көрсетуге де кіріскенін аңғартты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленген. Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның тізімін тіркеді, ал ресми үгіт кезеңі 23 шілдеде басталып, 22 тамызда аяқталады. 7 тамызда «Әділет» партиясының республикалық штабы Шымкенттегі жұмысын жалғастырды. Қалада бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтіп, оған елдің әр өңірінен 3500-ден астам өкіл жиналды. Мұндай ауқымдағы форумның өткені партияның ақпараттық материалдарында да…

Толық оқу