Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

өндірістегі жарақат

Қазақстанда өндірістегі жарақаттың ауырлығын бағалаудың бірыңғай тәртібі енгізілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы 2026 жылғы 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, сондықтан ұсынылған талаптар әзірге күшіне енген жоқ, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа тәсіл жұмыс орнында зардап шеккен адамның жағдайын медициналық ұйымдарда ортақ критерий бойынша бағалауға арналған. Дәрігерлер клиникалық мәліметтерді, диагностика мен емдеудің қолданыстағы медициналық стандарттарын басшылыққа алады. Мамандар алдымен жарақаттың сипаты мен ауырлық деңгейін анықтайды. Сынық, күйік, ішкі ағзалардың зақымдануы, бас-ми жарақаты және өзге де дене зақымдары жеке бағаланады. Зардап шеккен адамның өміріне тікелей қауіптің болуы да негізгі өлшемдердің бірі саналады. Қорытынды шығару кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық…

Толық оқу
Алакөл

Абай облысының Мақаншы ауданында алғаш ұйымдастырылған «Алакөл алаулары» фестивалі қорытынды гала-концертпен түйінделді. Екі айға жуық жалғасқан мәдени жоба Алакөл жағалауын өнер сахнасына айналдырып, шамамен 75 мың көрермен жинады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Alazone arena сахнасындағы гала-концертте «Этно Арлан» тобы мен республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Парасат Отан өнер көрсетті. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлмира Сарина, Медет пен Клара Салықовтар және Досымжан Таңатаров қатысты. Қазақстанның Халық әртісі Майра Ілиясова, эстрада әншілері Рақымжан Жақайым мен Заттыбек Көпбосынұлы да ән шырқады. Фестивальдің жабылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли тұрғындар мен қонақтарды мәдени жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді…

Толық оқу

Қапшағай су қоймасы 2027 жылдан бастап су-мотор спортының әлемдік орталықтарының біріне айналмақ. Алматы облысында F1H2O чемпионатын бес жыл өткізу жоспарланып, жарыспен қатар пилоттар академиясын, спорт катерлері өндірісін және Қазақстанның ұлттық командасын қалыптастыру көзделіп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев H2O Racing өкілдерімен кездесіп, халықаралық доданы Қонаевта ұйымдастыруға дайындықты талқылады. Бұған дейін F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы, Сауд Арабиясының ресми делегациясы және облыс әкімдігі 2027 жылы Қапшағай су қоймасында әлем чемпионатының кезеңін өткізу жөніндегі келісімге қол қойған. Жобаны кейінгі бес жыл бойы жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылған. – F1H2O деңгейіндегі халықаралық жарыс Қазақстанның әлемдік беделін күшейтіп, өңірдің туристік және…

Толық оқу
ONAY

ONAY! қосымшасында дайын тағамға тапсырыс беру қызметі іске қосылды. Пайдаланушы жақын маңдағы дәмхананы таңдап, тапсырысты қосымша арқылы төлейді, алайда әзірге курьерлік жеткізу қарастырылмаған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа қызмет қосымшаның Life бөлімінде орналасқан. Мұнда бургер, донер, пицца, салат және ыстық тағам ұсынатын орындар көрсетіледі. Кей дәмханалар жеңілдік пен арнайы акция жариялаған. Олардың арасында «1+1=3» секілді ұсыныстар да бар. Қосымша пайдаланушыға жақын орналасқан серіктес дәмханаларды автоматты түрде көрсетеді. Тағам таңдалған соң тапсырыс ONAY! арқылы төленеді. Дайын болған өнімді сатып алушы көрсетілген мекенжайдан өзі алып кетуі керек. Төлем жасамас бұрын дәмхананың мекенжайын, тағамның дайындалу уақытын және тапсырыстың толық құнын тексерген жөн. Қайтару…

Толық оқу

Қазақстанның Ұлттық архиві жиырма жыл ішінде мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін, қоғамдық өзгерістер мен тарихи тұлғалардың мұрасын сақтайтын іргелі орталыққа айналды. Мерейтойға арналған халықаралық конференцияда архив қорларын цифрландыру, жасанды интеллектіні пайдалану және құжаттық мұраны келешек ұрпаққа қолжетімді ету мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосуға Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар және архив саласының ардагерлері қатысты. Конференцияға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Тәжікстанның архив мекемелерінен келген басшылар мен мамандар да қатысты. Тараптар тарихи құжаттарды сақтау, ғылыми айналымға…

Толық оқу
сусындар

Қазақстанда алкогольсіз сусындар мен минералды су өндірісі қарқын алды. 2026 жылғы қаңтар-мамырда отандық кәсіпорындар 1,6 млрд литр өнім шығарып, былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 17 пайызға асып түсті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетті. Бір жыл ішінде сатылым 21 пайыз өскен. Өндіріс ұлғайғанымен, импорттық сусындарға деген сұраныс та бәсеңдеген жоқ. Есепті кезеңде Қазақстанға 217,1 млн литр алкогольсіз сусын жеткізілді. Импорт көлемі былтырмен салыстырғанда 29,6 пайыз артты. Соған қарамастан, шетелдік өнімнің ішкі нарықтағы үлесі 11,4 пайыз деңгейінде қалды. Демек, нарықтың негізгі бөлігін қазақстандық өндірушілер қамтамасыз етіп отыр. Экспортта қант, өзге тәттілендіргіш, хош иістендіргіш және дәмдік қоспалар…

Толық оқу
мектеп құрылысы

Алматының Әуезов ауданында 1200 оқушыға арналған жаңа №13 мектеп-гимназияның құрылысы жүріп жатыр. Апатты деп танылған ескі білім ордасының орнына салынып жатқан нысан ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын күшейтеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылыс алаңы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турының негізгі нысандарының бірі болды. Журналистерге жұмыс барысын Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев таныстырды. Аудан әкімінің айтуынша, бұрынғы мектеп ғимараты техникалық тексеру мен сараптама қорытындысы бойынша апатты деп танылған. Ескі нысан небәрі 340 оқушыға есептелген еді. – Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 1200 орынға арналған. Нысан аудандағы оқушы орнының тапшылығын едәуір азайтып, балалардың сапалы әрі жайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік береді, – деді Абзал…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысына соңғы екі жыл ішінде 153 дәрігер жұмыс істеуге келді. Кадр тапшылығын азайтуға көтерме ақы, қызметтік баспана және медицина инфрақұрылымын жаңарту шаралары ықпал етті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа мамандардың 57-сі ауылдық елді мекендерде, 96-сы қаладағы медициналық ұйымдарда еңбек етеді. Олардың әрқайсысына облыс әкімінің бастамасымен бір реттік көтерме ақы берілді. Сонымен қатар 47 медицина қызметкері қызметтік пәтермен қамтамасыз етілді. Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев алдымен өңірге жаңадан келген жас мамандармен кездесіп, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Ол балалардың, аналардың және жалпы халықтың денсаулығы дәрігерлердің білімі мен жауапкершілігіне байланысты…

Толық оқу

Қазақстанда қашықтан көрсетілетін телемедицина қызметтерінің бірыңғай тізбесін бекіту ұсынылды. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жоба 2026 жылғы 18 тамызға дейін ашық талқылауда, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат 2021 жылдан бері қолданылып келе жатқан қашықтан медициналық қызмет көрсету қағидаларын жаңартуға бағытталған. Жоба қабылданса, онлайн форматта көрсетуге болатын қызметтер мен нәтижесін қашықтан сипаттап, түсіндіруге рұқсат етілетін диагностикалық зерттеулер нақты белгіленеді. Министрлік телемедицинаның технологиясына, сапасына және қауіпсіздігіне ортақ талап енгізуді көздеп отыр. Мұндай тәртіп медициналық ұйымдардың жұмысын біріздендіріп, дәрігердің пациентті қай жағдайда онлайн қабылдай алатынын айқындайды. Қашықтан кеңес беру дәстүрлі қабылдауды толық алмастырмайды. Диагноз қою немесе емдеу тәсілін таңдау үшін пациентті тікелей тексеру қажет…

Толық оқу
Найзағай

4 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірде екпінді жел соғады. Солтүстік-батыстан жылжыған циклон солтүстік пен орталыққа нөсер әкеліп, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашынмен бірге ауа температурасы да төмендейді. Солтүстік өңірлерде күндізгі температура +22…+27 градусқа дейін түссе, шығыста аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус күтіледі. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 17 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +25…+27 градус болады. Шымкентте жаңбырлы әрі…

Толық оқу