Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағына ағаш отырғызды. Экологиялық шара «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында өтті, — деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің акцияға қатысуы табиғатты қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру ісіндегі қоғамдық жауапкершіліктің маңызын көрсетті. Ағаш отырғызуға жастар мен қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс істейтін белсенділер қатысты. Ортақ еңбек экологиялық мәдениетті нақты әрекет арқылы қалыптастыруға үндеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мемлекеттік органдар басшыларының атқарылған жұмыс туралы есептерін тыңдады. Мемлекет басшысына ел көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық, абаттандыру және көгалдандыру шаралары таныстырылды. Сондай-ақ бастаманың өңірлерде орындалу барысы туралы мәлімет берілді. «Таза Қазақстан» бір реттік сенбілік шеңберінен шығып, жүйелі экологиялық…

Толық оқу
Спорт

Астананың Орталық саябағында экологиялық акция мен Street Workout тегін жаттығуларының үш айлық маусымын қорытындылаған спорт фестивалі өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы және Дүниежүзілік тазалық күні аясында ұйымдастырылды, — деп жазады Ertenmedia.kz. Фестиваль қоршаған ортаны қорғау мен салауатты өмір салтын бір алаңда тоғыстырды. Оған танымал спортшылар, жаттықтырушылар және Street Workout жобасының қатысушылары жиналды. Спорт қауымдастығы елорданы көркейтуге жеке үлес қосудың маңызын көрсетті. Қатысушылар қатарында бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов болды. Сондай-ақ Олимпиаданың қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен ММА-дан әлем чемпионы Василий Тахтай акцияға қатысты. Өзге де спортшылар мен жаттықтырушылар ортақ бастаманы қолдады. Фестиваль алдымен экологиялық акциядан…

Толық оқу
Almaty SuperSki

Қазақстанда тау бар, бірақ тауға тұрақты бару мәдениеті әлі жаппай қалыптасқан жоқ. Франция, Швейцария мен Австрия тәжірибесі баланы тауға апаратын жол табиғи көріністен бұрын мектептен, нұсқаушыдан және қолжетімді инфрақұрылымнан басталатынын көрсетеді. Енді Almaty SuperSki жобасының аясында таумен тыныстайтын жаңа ұрпақ пайда болады, — деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның таулы өңірлері қысқы спорт пен жыл бойғы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Алайда таудың қалаға жақын орналасуы адамдар демалыс күндерін автоматты түрде сонда өткізеді дегенді білдірмейді. Табиғи әлеуетті күнделікті мәдениетке айналдыру үшін ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық және білім беру жүйесі қажет. Еуропа елдері мұны бірнеше онжылдық бұрын түсінді. Әсіресе балаларға бағытталған инвестиция тұрақты нәтиже…

Толық оқу
Тазы ит

Қазақ даласында ғасырлар бойы адаммен бірге тіршілік еткен тазы енді халықаралық талаптарға сай тіркеліп, ғылыми негізде асылдандырылмақ. Астанада қазақы тазылардың тұқымдық сапасын бағалауға арналған монотұқымдық көрме өтті, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шара барлық ит тұқымы қатысқан халықаралық көрме аясында ұйымдастырылды. Соның арқасында қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кинологтар мен селекционерлерге таныстыруға мүмкіндік туды. Арнайы бағалау кезінде иттердің тұқымдық ерекшелігі мен бекітілген стандарттарға сәйкестігі тексерілді. Көрмемен қатар тұқымдық байқау өткізілді. Талаптарға сай келген тазылардың иелеріне халықаралық үлгідегі «Иттің шығу тегі туралы» куәлік табысталды. Құжат итті ресми асылдандыру жүйесіне енгізіп, оның ата-тегі туралы нақты дерек қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан…

Толық оқу
диск

Қазақстанда автокөліктерге арналған жеңіл балқымалы дөңгелек дискілерін шығаратын толық циклді жаңа зауыт іске қосылады. Сеул қаласында Eurasian Resources Group (ERG) пен оңтүстіккореялық Hyundai SungWoo Casting Companyлары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, жобаның негізгі параметрерин нақтылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зауыт қайда бой көтереді және қашан ашылады? Аталған жобаға тағы бір ірі отандық ойыншы – компания «Астана Моторс» серіктес ретінде қатысады. Жаңа өндірис ошағы Павлодар қаласында орналасады. Кәсіпорынның аумағы 16 мың шаршы метрді құрайды деп жоспарланған. Работа жетекшилерінің мәлиметінше, зауытты ресми түрде пайдалануға до 2028 года межеленіп отыра. Өндіріс іске қосылған уақытта Орталық Азия аумағындағы дәл осындай деңгейдегі ең алғашқы мамандырылған…

Толық оқу
Таза Қазақстан

Таңмен таласа басталған сенбілік Алматы облысының саябақтары мен аулаларын ғана емес, тұрғындардың ортақ іске деген ықыласын да жаңғыртты. Дүниежүзілік тазалық күніне арналған шараға 40 мыңнан астам адам қатысып, 2230 тонна қалдық шығарылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпыхалықтық сенбілікке облыс тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысты. Олар саябақтарды, аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазартты. Қонаев қаласында өткен көгалдандыру жұмыстары кезінде 200 түп алма көшеті отырғызылды. Игі іске облыс әкімі Шыңғыс Әрінов те атсалысты. Ол қоршаған ортаны таза ұстау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Аймақ басшысы тұрғындарды «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді қатысып, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырды. Бір…

Толық оқу

Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күні бір күндік сенбілікпен шектелмей, тұтас өңірді қамтыған қоғамдық қозғалысқа ұласты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шараларға шамамен 50 мың тұрғын қатысып, 9500 көшет отырғызылды және 3 мың тонна қоқыс шығарылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорғандағы негізгі жұмыстардың бірі «Жастар» паркінде ұйымдастырылды. Саябақты тазалау мен көгалдандыру шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар және еріктілер қатысты. Сенбілік барысында парк аумағы ретке келтіріліп, 100 жапырақты ағаш отырғызылды. Дүниежүзілік тазалық күні Талдықорғанның өзінде барлығы 1000 көшет егілді. Жұмыс саябақтармен қатар қоғамдық кеңістіктерді, аулаларды және қала көшелерін қамтыды. Мұндай ауқым тұрғындардың тазалықты коммуналдық қызметтің…

Толық оқу
aziada sport

Азияның ең мықты спортшылары жиналатын додада медальді тек талант емес, тұтас дайындық жүйесі шешеді. XX жазғы Азия ойындарына Қазақстан 558 спортшысын аттандырып, 35 спорт түрінен жүлдеге таласады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы Азиадаға 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысады. Жарыс барысында 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы құрлық додасына саны жағынан да, дайындық ауқымы жағынан да ірі делегациялардың бірімен барады. Қазақстан жазғы Азия ойындарына дербес құрама ретінде алғаш рет 1994 жылы Хиросимада қатысты. Содан бері ұлттық команда құрлық додасының бірде-бір маусымынан қалған жоқ. Жеңіл атлетика, бокс, жүзу, ауыр атлетика, күрес, дзюдо мен ескек есу дәстүрлі жүлде әкелетін бағыттарға…

Толық оқу
Tokaev

Қала қабырғасы кейбіреулер үшін сурет дәптері секілді көрінуі мүмкін, алайда қоғамдық кеңістікті бүлдіру шығармашылық еркіндікке жатпайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттарға граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қазақстан қалаларында мұндай әрекетке жол бермеу қажеттігін айтты. Оның пікірінше, ғимарат қабырғалары мен қоғамдық нысандарға рұқсатсыз сурет салу әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі ретінде бағаланады. Сондықтан тәртіп бұзушылардың жауапкершілігін күшейтетін нақты құқықтық тетіктер қажет. Президент қоғамдық орындарды бүлдіретін мұндай «шығармашылыққа» толық тыйым салуға мүмкіндік беретін заңдық-нормативтік шаралар қабылдауды ұсынды. Мұнда көркемдік құндылығы бар, арнайы белгіленген алаңдарда жасалатын стрит-арт пен рұқсатсыз жазулардың…

Толық оқу
aiypturak shtraf

Алматы мәслихаты коммуналдық арнайы тұрақтарға жеткізілген көліктерді эвакуациялау және уақытша сақтау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібін мақұлдады. Жаңа тариф бойынша айыптұрақтың тәуліктік құны көлік түріне қарай 4,3 мыңнан 34,6 мың теңгеге дейін барады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Көлікті эвакуатормен арнайы тұраққа жеткізу қызметі үшін шамамен 13 мың теңге төлеу қажет. Тариф мөлшері көлік құралының санатына қарай есептеледі. Ауыр әрі ірі техниканы сақтау ақысы жеңіл автомобильдерге қарағанда жоғары болады. Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ержан Диханбаев жаңа тәртіптің барлық эвакуация жағдайына қолданылмайтынын түсіндірді. Төлем Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген көліктерге ғана есептеледі. Демек, кез келген эвакуация автоматты түрде…

Толық оқу