Алматы қаласының тау туризмін дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Табиғи әлеуетті тиімді пайдалану, туристік инфрақұрылымды жетілдіруді мақсат тұтуда. Сонымен қатар заманауи жаңа маршруттар, инфрақұрылымдарды дамыту көзделуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Тау туризмін дамыту аясында көлік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, туристерге арналған сервистік нысандарды дамыту, қауіпсіздік жүйесін күшейту және жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруға басымдық берілуде. Жобалардың маңызды бағыттарының бірі – Almaty Superski. Кластерді дамыту арқылы Алматының тау бөктеріндегі аумақтарды біртұтас туристік кеңістікке айналдыру, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылым қалыптастыру және туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлануда. Тау туризмі тек қысқы демалыспен шектелмейді. Жылы мезгілде трекинг, жаяу туризм, тау велосипеді, альпинизм…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Студенттік өмір еркіндікпен бірге бұрын кездеспеген қаржылық жауапкершілікті де ала келеді. Шымкенттің тоғыз жоғары оқу орнында бірінші курс студенттеріне алаяқтықтан, дропперліктен және қаржы пирамидаларынан қорғану жолдары түсіндірілді, — деп жазады Ertenmedia.kz. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы профилактикалық кездесулер қаладағы тоғыз университетте бір мезетте өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бірлесіп ұйымдастырды. Негізгі мақсат — жаңа ортаға келген жастардың қаржылық және құқықтық сауатын арттыру. Бірінші курс студенті көбіне банк картасын дербес пайдаланып, интернет арқылы сауда жасап, жұмыс іздей бастайды. Ақша аудару, онлайн несие, инвестиция және әлеуметтік желідегі жарнама да күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналады. Тәжірибесі…
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті жылдық президенттік кезеңі пандемия, геосаяси шиеленіс және әлемдік нарықтағы тұрақсыздықпен тұспа-тұс келді. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан сыртқы қарызын азайтып, халықаралық резервін ұлғайтты және әлеуметтік төлем көлемін көтерді, — деп жазады Ertenmedia.kz. 2019-2026 жылдар аралығындағы көрсеткіштер елдің қаржылық қорғанысын күшейтуге басымдық берілгенін аңғартады. Тоқаев кезеңінде экономиканы тұрақтандыру, сыртқы міндеттемелерді қысқарту және мемлекеттік резервті толықтыру бағытындағы саясат жалғасты. Нәтиже бірнеше негізгі макроэкономикалық көрсеткіштен көрінеді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ доллар есебінде 2 005,1 доллардан 3 338,3 долларға дейін өскен. Жеті жылдағы өсім шамамен 1,7 есені құрады. Теңге мен доллардағы көрсеткіштердің айырмашылығына ұлттық валютаның айырбас бағамы да ықпал етті. Тоқаевтың президенттік…
Кітап кейде халықтарды дипломаттардан бұрын табыстырады. Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушыларға үндеу жолдап, қазақстандық оқырмандарға шабыт пен жаңа әдеби жаңалықтар тіледі, — деп жазады Ertenmedia.kz. Белгілі қытай жазушысы бейнеүндеуінде «Сарымсақ жыры» романының қазақ тіліне аударылғанына тоқталды. Шығарма марафон аясында оқылатын кітаптар тізіміне енгізілген. Автор мұны қазақ оқырманымен арадағы рухани байланыстың жалғасы ретінде қабылдағанын аңғартты. – Менің «Сарымсақ жыры» романымның қазақ тіліне аударылып, осы марафон шығармаларының тізіміне енгеніне өте қуаныштымын, – деді Мо Янь. Жазушы Қазақстанға жасаған сапарын және қазақ қаламгерлерімен өткен кездесулерін де еске алды. Қазақ әдебиетін тереңірек таныған сайын екі елдің…
Ертіс жағасындағы көне шаһар бір апта бойы тарихын ұлықтап, бүгінгі тынысын танытқан үлкен мерекеге бөленді. «Семейді сүю – тарихқа бас ию» тақырыбымен өткен Қала күні Қарағайлы ықшам ауданындағы Республика алаңында ұйымдастырылған ауқымды гала-концертпен қорытындыланып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл Семейдің туған күні алғаш рет жеті күнге созылған кең көлемді бағдарлама бойынша аталып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени, спорттық және танымдық бағыттағы 20-дан астам іс-шара ұсынылды. Апталық бағдарлама шаһардың тарихи бедерін, ұлттық дәстүрін және қазіргі даму бағытын бір арнаға тоғыстырды. Гала-концерттің ашылуында Абай облысының әкімі Берік Уәли семейліктерді Қала күнімен құттықтады. Аймақ басшысы Семейдің қазақ мемлекеттілігі мен Алаш тарихындағы…
Багам аралдарында өткен сән-салтанатты мереке Вашингтонда саяси дауға ұласты. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік кәсіпкер Умар Кремлев көтерген шығынды ұлының қайтарғанын айтып, достың той өткізіп беруін «қалыпты әрі рұқсат етілген жағдай» деп бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дау Дональд Трамп-кіші мен Беттина Андерсонның үйленуіне байланысты ұйымдастырылған мерекеден кейін басталды. ProPublica зерттеуінде Багам аралдарындағы демалыс пен салтанатты шараның бір бөлігін Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев қаржыландырғаны айтылды. Шығын көлемі бірнеше жүз мың долларға жетуі мүмкін. АҚШ президенті журналистерге берген жауабында ұлының ақшаны қайтарғанын естігенін мәлімдеді. Ол Кремлевтің мерекені қаржыландыруын заңға қайшы әрекет деп санамайтынын жеткізді. Трамптың өзі салтанатты шараға қатыспаған…
Қазақстандық кәсіпкерлердің күнделікті жұмысына салықтағы жаңа талап, қымбат несие, айналым қаражатының тапшылығы және мемлекеттік тапсырыс бойынша кешіктірілген төлемдер салмақ түсіріп отыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелерді атап, оларды шешуге арналған бірқатар ұсыныс білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық палата мәліметінше, кәсіпкерлердің басты мәселелері бизнесті жүргізудің жүйелі және стратегиялық шарттарымен байланысты. Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін оның жекелеген нормаларын қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаған. Соның бірі арнаулы салық режимін пайдаланатын компаниялардан алынған тауар, жұмыс және қызмет шығынын корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге жатқызуға салынған шектеу. Жаңа тәртіп арнаулы режиммен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі…
Қарағандының Майқұдық ауданында балалардың өнер, спорт және технология бағытында білім алуына арналған жаңа кеңістік бой көтеріп келеді. 900 балаға дейін қабылдайтын Оқушылар сарайы өңірдегі қосымша білім беру инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтермек, — деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылыс алаңындағы дайындық кезеңі толық аяқталған. Қазір нысанның негізгі блогына панельдер орнатылып, металл конструкцияларға отқа төзімді арнайы құрам жағылып жатыр. Жұмысқа 80 құрылысшы жұмылдырылған. Жаңа орталықтың жобасы қызмет бағыты бөлек екі блоктан тұрады. Бірінші бөлікте үйірме жұмысы мен шығармашылық сабақтарға арналған заманауи кабинеттер орналасады. Екінші блок балалардың дене шынықтыруына және түрлі жарыс өткізуге бейімделеді. Оқушылар сарайында хореография, музыка және бейнелеу өнері бағыттары бойынша сабақ ұйымдастыру…
Абай облысының әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданына «Қаладан ауылға» жобасы мен көші-қон бағдарламасы аясында қоныстанған отбасылардың тұрмысымен танысты. Жаңа тұрғындар мемлекеттік қолдауды пайдаланып, егіншілік, мал шаруашылығы және қызмет көрсету саласында кәсіп бастап жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы алдымен Құмкөл ауылындағы Мүтихан Жасұланның үйіне барды. Екі адамнан тұратын отбасы биыл ақпанда Алматы облысынан көшіп келіп, наурызда қоныс аударушылар квотасына енгізілген. Оларға жол шығынын өтеуге 605,5 мың теңге, экономикалық мобильділік сертификаты арқылы баспана алуға 4,5 млн теңгеден астам қаражат берілді. Мүтихан Жасұлан қазір егіншілікпен айналысып, шаруашылығын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қолдау отбасының баспана мәселесін шешіп, ауылда тұрақты кәсіп бастауына мүмкіндік…
Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Париж қаласында өткен кездесулерде бірлескен көрме, өзара гастроль, тағылымдама және мамандар алмасу мәселелері талқыланды, — деп жазады Ertenmedia.kz. Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Француз Республикасының Мәдениет министрі Катрин Пегармен кездесті. Тараптар мәдени әріптестіктің қазіргі деңгейін бағалап, оны одан әрі дамытудың басым бағыттарын қарастырды. Екі елдің мәдени мекемелері арасындағы байланысты тұрақты әрі мазмұнды сипатқа көшіруге ерекше назар аударылды. Арман Қырықбаев Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастықтың жоғары деңгейге көтерілуіне екі ел президенттері…










