Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Тарихқа көзқарас өткенді еске алумен шектелмей, мемлекеттің болашақ бағытын айқындайтын стратегиялық құралға айналып келеді. Жеті томдық тарих ұлттық сананың жаңа іргетасын қалайтыны анық. Архив ісін дамыту, тарихи зерттеулерді жүйелеу және жинақталған білімді қоғамға жеткізу ұлттық сананы нығайтудың маңызды тетігі саналады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Нұрбек Серікұлы тарих мәселесінің мемлекетті дамытудың стратегиялық басым бағыттарының біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар халықтың тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық болмысты жаңа заман талаптарымен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Осы үдерісте ғылыми деректің дәлдігі мен оның қоғамға түсінікті тілде ұсынылуы ерекше маңызға ие. – Тарих мәселесі мемлекетті дамытудың стратегиялық басым бағыттарының біріне айналды. Яғни архив…

Толық оқу

Осы жылы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына 10 жыл толады. Мерейтойлық шара Qazaqstan Media Awards аясында өтеді – деп жазады Ertenmedia.kz. Өткізіліп келе жатқан жылдар ішінде «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары Қазақстанның медиа саласының маңызды бөлігіне айналып, отандық журналистика мен медианың дамуына үлес қосқан журналистерді, редакцияларды және жобаларды жыл сайын атап өтіп келеді. Мерейтойлық іс-шара сыйлықтар тарихындағы ерекше кезең болмақ. Өйткені осы жолы «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтары алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында бірігеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын конкурсқа медиаконтент өндірумен және таратумен айналысатын республикалық және өңірлік телеарналар, радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады. Конкурсқа 2025 жылғы 18…

Толық оқу

Экономист Расул Рысмамбетов ERG тобының 40 пайыздық үлесі «Самұрық-Қазынаға» өткеннен кейінгі өзгерістерге баға беріп, өндірістік алпауытты жекешелендіруге неліктен болмайтынын түсіндірді.

Толық оқу
ауыз су

Абай облысының әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына сапары кезінде Ақой ауылындағы су жинағыш станцияның жұмысымен танысты. Қаншама жыл өзен мен тұзды құдық суын пайдаланған ауыл тұрғындары кезең-кезеңімен орталық су жүйесіне қосылып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ақой ауылында барлығы 63 абонент бар. Қазір олардың 25-і орталықтандырылған су құбырына қосылған. Тағы сегіз үйге қажетті қазу жұмыстары жүргізілді, ал қалған 30 баспананы жүйеге қосу жалғасып жатыр. Су жинағыш станцияда екі сорғы, екі таза су резервуары және екінші көтерілімдегі сорғы станциясы қарастырылған. Сонымен бірге күзет үйі, трансформаторлық қосалқы станция, дизельді электр станциясы мен санитарлық блок салынған. Мұндай кешен су жеткізуді тұрақтандырып, электр қуаты…

Толық оқу
Абай облысы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына қарасты Қарамойыл ауылындағы әлеуметтік нысандар мен қоныс аударған отбасының жағдайымен танысты. 207 тұрғыны және 68 үйі бар елді мекенде кәсіпкердің қолдауымен мектеп жөнделіп, жаңа мәдениет үйі салынған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы «Талап» шаруа қожалығының жетекшісі Жұмабек Күшікбаев өз қаражатына салған клуб ғимаратына барды. Нысан Қарамойыл мен Ақой ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Кәсіпкер мәдениет үйін халық игілігі үшін аудан әкімдігінің меншігіне тегін тапсырды. Жұмабек Күшікбаев ауылдың әлеуметтік дамуына бұған дейін де үлес қосқан. Ол 2014 жылы «Туған елге тағзым» жобасы аясында Гагарин атындағы бастауыш мектептің ғимаратын сатып алып, толық жөндеуден өткізді. Қазір…

Толық оқу
arman_kyrykbaiev

Қазақстанда кітапқа қызығушылық бәсеңдеді деген үйреншікті сөзді бір миллионнан астам адамның таңдауы жоққа шығарды. «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына тіркелгендер саны екі аптаның ішінде миллиондық межеден асты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында өткізіліп жатыр. Қатысушылар жеті конкурстық бағыттың бірін таңдай алады. Тіркелген әр адамға алты ай ішінде 15 кітап оқу міндеті қойылған. Үміткерлер ұйым, аудан, қала және өңір деңгейіндегі бірнеше іріктеуден өтеді. Өңірлік кезеңде қатысушылар командалық форматта сынға түседі. Мұндай жүйе кітапты түсініп оқумен қатар, пікір алмасу, ойды дәлелдеу және топпен жұмыс істеу қабілетін…

Толық оқу

Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұрғындар мен толық емес отбасыларға пәтер кілттері табысталды. Қала күні қарсаңындағы салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сегіз жыл күткен отбасылар қоныс тойын тойлады Жаңа пәтерлер Морозов көшесіндегі «Тарлан» тұрғын үй кешенінен берілді. Бес қабатты кешен 19 подъезд бен 463 пәтерден тұрады. Жергілікті әкімдік мұнда 90-нан астам баспана сатып алған. 2025 жылы Семейде кезекте тұрған азаматтарға арнап 327 жалдамалы пәтер сатып алынды. Қазір оның 317-сі тиісті санаттағы тұрғындарға жалға беру тәртібімен рәсімделген. Биыл 112 тұрғын үй сертификаты табысталды. Берік Уәли қала күні қарсаңында…

Толық оқу
Абай облысы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында Семейдің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын инженерлік желілермен қамту және «Абайға құрмет» акциясы аясындағы жобалар қаралды. Қаладағы жаңа нысандармен бірге жол, су, жылу, электр және кәріз жүйесі қатар салынуға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Семей әкімі Әділет Қожанбаев пен бірқатар салалық басқарма басшысы баяндама жасады. Олар құрылыс алаңдарындағы жұмыс, көлік және коммуналдық инфрақұрылым, жер қатынастары мен сәулеттік жоспарлау жөнінде есеп берді. Аймақ басшысы әр жобаның мерзімі мен сапасына жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Жаңа орталыққа 25 шақырым көше салынады Әкімшілік-іскерлік орталықта магистральдық және кварталішілік су құбыры мен кәріз желілерін тарту жоспарланған. Мұнда жаңа су жинау…

Толық оқу