Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы тағы он ауылдық елді мекен табиғи газ желісіне қосылды. Осылайша, өңірлік газдандыру бағдарламасына енгізілген 26 елді мекеннің барлығы толық қамтылды. Нәтижесінде ауданның 33,3 мың тұрғыны табиғи газ пайдалану мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кербұлақ ауданын газдандыру жобасының бірінші кезеңінде 16 елді мекенге табиғи газ жеткізілген. Осы кезеңде жалпы ұзындығы 374 шақырым болатын газ желісі салынды. Жоба 25 мыңнан астам тұрғынға орталықтандырылған газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік берді. Екінші кезең аясында 238 шақырым газ тарату желісі тартылды. Байғазы, Алтынемел, Тастыбастау, Ақбастау, Доланалы, Жайнақ батыр, Жаңалық, Шаған, Тастыөзек және Қоғалы ауылдары газбен қамтылды. Аталған елді мекендерде 7,9 мың…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесіп, оның әулетіне көңіл айтты. Қазақстан Президенті Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты Дохаға арнайы барды. Мемлекет басшысы Қатар халқына қайғыларына ортақтасып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамадтың қуатты әрі өркендеген Қатар мемлекетін құруға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Президент. Мемлекет басшысы шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты…
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Қасым-Жомарт Тоқаевпен қалыптасқан жеке ықпалдастықтың рөлі зор екенін айтты. Ол екі ел басшылары арасындағы сенім нақты экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жол ашқанын атап өтті. Әзербайжан басшысы мұндай пікірді IV Шуша жаһандық медиафорумында білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ильхам Әлиев Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіру ісіне қосқан үлесіне алғыс айтты. Астана аталған өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға қолдау көрсетіп келеді. Әзербайжан тарапы мұны екі халық арасындағы дәстүрлі достық пен өзара құрметтің көрінісі ретінде бағалайды. Әзербайжан Президентінің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевпен тығыз байланыс көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылым саласындағы бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік берді. Бірлескен…
Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Негізгі заңда алғаш рет неке ұғымы, ата-аналар мен кәмелетке толған балалардың жауапкершілігі іргелі деңгейде бекітіліп, отбасы институтын қорғау күшейтілді. Жаңа нормалардың практикалық мәні мен әлеуметтік саясаттың логикасы туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Zakon.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Аида Ғалымқызы, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Негізгі заңда отбасы туралы бекітілген норма нақты нені өзгертеді? Оның практикалық мәні неде? – Ең алдымен, отбасы институтының конституциялық мәртебесі өзгерді. Енді неке мемлекеттің тіркеуінен өткен ер мен…
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі қалпына келу кезеңінен өтіп, сапалы әрі орнықты өсімге бет алды. Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы саланың 2021-2025 жылдардағы даму динамикасына арналған шолу жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеудің негізгі қорытындысына сәйкес, 2023 жылдан кейін өндіріс өсімін сақтап, импорт қарқыны бәсеңдеген және саланың құрылымы технологиялық тұрғыдан күрделене түскен. Ұлттық талдау орталығының есебінше, 2021-2025 жылдары өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторларындағы өндірістің орташа жылдық өсімі доллармен есептегенде 11,2 пайызға жетті. 2025 жылы жылдық өсім 12,1 пайызға дейін жеделдеді. Көрсеткіш өндірістің уақытша қалпына келумен шектелмей, біртіндеп тұрақты даму арнасына көшкенін аңғартады. Импорт динамикасында да елеулі өзгеріс байқалды. Негізгі тауар топтары импортының орташа…
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда сары май мен күнбағыс майын өндіру көлемі артты. Екі өнімнің экспорты да айтарлықтай өскен. Көрсеткіштер отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің сыртқы нарықтағы әлеуеті кеңейіп келе жатқанын аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Есепті кезеңде елімізде майлылығы 85 пайыздан аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Өндіріс көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайыз өсті. Сары май экспорты да бір жыл ішінде 40,4 пайызға артқан. 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан шетелге 394,1 тонна сары май жөнелтті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде экспорт көлемі 280,7 тонна болған. Отандық өнімнің негізгі нарықтары Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь болды. Сары май…
Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының кезектен тыс VI съезі өтіп, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі қайта бекітілді. Съезд жұмысына 67 делегат қатысты. Олардың қатарында еліміздің барлық 20 өңіріндегі партия филиалдарының басшылары болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Құрылтай сайлауына партия атынан түсетін кандидаттардың тізімін талқылауға арналды. Тізімді қайта қарауға ондағы кандидаттар санының өзгеруі себеп болған. Бұған дейін бекітілген төрт кандидат сайлау бәсекесіне қатысудан өз еркімен бас тартқан. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев делегаттар алдында сөйлеп, тізімді қайта бекітудің құқықтық қажеттілігін түсіндірді. Оның айтуынша, партия бұған дейін Құрылтай депутаттығына 51 кандидат ұсынған. Төрт адамның шешімінен кейін сайлау рәсімдерінің заң талаптарына толық…
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында сағатына 175 тонна өнім өндіретін модульдік асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады. Жаңа кәсіпорын жол жөндеу учаскелерін материалмен жедел қамтамасыз етіп, тасымал шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Приоритет» жол-құрылыс компаниясының өндірістік нысаны Үлкен Шаған ауылының маңында орналасқан. Зауыттың ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен және жол құрылысы саласында жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Компания өкілдері өңір басшысына ағымдағы жұмыстар, өндірістік қуат және алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді. Кәсіпорын стратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге қажетті асфальт қоспасын тікелей құрылыс алаңына жақын жерде өндіреді. Жобаның жалпы құны 400…
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас сауда мен транзит аясынан шығып, технология, жасанды интеллект және халықаралық құқық саласына ойысып келеді. Ertenmedia.kz тілшісіне саясаттанушы Нұргелді Әбідғани Ермек Көшербаевтың Бейжің сапары екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа институционалдық деңгейге көтергенін айтты. – Ермек Көшербаевтың Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөзін Қазақстан сыртқы саясаты тұрғысынан қалай бағалайсыз? – Бейжіңдегі кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси диалогтың сабақтастығын көрсетті. Екі мемлекет қатынасын «мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік» деңгейінде қарастырады. Мұндай мәртебе байланыс саудамен шектелмей, қауіпсіздік, технология, дипломатия және халықаралық ұйымдардағы өзара қолдауды қамтитынын білдіреді. Қазақстан үшін Қытай алып нарық, ірі инвестор және Еуразиядағы маңызды саяси күш…
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы тағы алты ай өзгермейді. Энергетика министрлігі 2026 жылдың екінші жартыжылдығына қолданыстағы бағаны сақтап қалды. Бір тонна газдың құны қосылған құн салығын есептемегенде 59 722 теңге деңгейінде қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа шекті баға 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Шешім Энергетика министрлігінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №253-н/қ бұйрығымен бекітілді. Осындай баға 1 қаңтардан 30 маусымға дейін де қолданыста болған. Белгіленген шек тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газына қатысты. Отын ішкі нарыққа бекітілген жеткізу жоспары шеңберінде өткізілуге тиіс. Осылайша, газдың шекті көтерме құны кемінде тағы алты ай сақталады. Алайда министрліктің шешімі…










