Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

вокзал

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында заманауи талаптарға сай салынған жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Халықаралық теміржол дәлізі бойындағы нысан жолаушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Вокзалдың ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Бастапқыда Шыңғырлау стансасындағы ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Алайда техникалық тексеру кезінде вокзалдың әбден тозғаны анықталып, оны сүріп, орнына жаңа нысан салу туралы шешім қабылданды. Шыңғырлау халықаралық теміржол бағыты бойындағы маңызды стансалардың бірі саналады. Сондықтан ғимараттың ішкі инфрақұрылымына ерекше көңіл…

Толық оқу
жемкорлык

Қазақстанда пара беруге уәде еткен немесе пара ұсынған адамның әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сенат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жаңа заңды екінші оқылымда мақұлдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат жемқорлық тәуекелін қылмыс жасалғаннан кейін ғана емес, бастапқы кезеңде тежеуге бағытталған. Пара ұсыну мен пара беруге уәде ету жеке құқықбұзушылық ретінде қарастырылмақ. Соған сәйкес заңсыз сыйақы қолға тимесе де, оны ұсыну фактісіне құқықтық баға беріледі. Түзетулер мүдделер қақтығысының алдын алуға арналған жаңа тетіктерді қамтиды. Мемлекеттік қызметші шешім қабылдау кезінде жеке мүддесі барын хабарлауға міндеттелуі мүмкін. Мұндай талап қызметтік өкілеттікті жеке пайдаға пайдалануға жол бермеуді көздейді. Заңнамада алғаш рет «жеке…

Толық оқу
Асқар Сабдин

Қазақстанда діни тақырыпта пікір білдіретін блогерлер мен танымал адамдар көбейгенін көпшілікке мәлім. Бірақ олардың бәрінің бірдей жүйелі білімі жоқ. Белгілі теолог Асқар Сабдин тілшімізге берген сұхбатында неофиттік қызбалық, әлеуметтік желідегі ретсіз насихат және діни сауаттың маңызы туралы айтып берді. – Асқар мырза, дінге жаңадан бет бұрған адамның мінез-құлқында қандай өзгеріс байқалады? – Дінге жаңадан келген адамды «неофит» деп атайды. «Неофит Рим папасынан да діндар болады» деген тәмсіл бар. Адам жаңа ортаға кіргенде алған әсері мен ішкі толқынысын бірден өзгелерге жеткізуге асығады. Дінге бет бұру адамның дүниетанымына, өмір салтына және құндылықтарына ықпал етеді. Алғашқы кезеңде ол барлығын бірден түсіндім деп ойлауы…

Толық оқу

Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер өндірістік бизнесті қолдайтын негізгі тетіктің біріне айналды. Дайын ғимарат пен инженерлік инфрақұрылым кәсіпкерлерге өндірісті қысқа мерзімде іске қосып, бастапқы шығынды азайтуға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Индустриялық аймақ директоры Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, шағын өнеркәсіптік парктер жаңа өндіріс ашуға қажетті уақытты едәуір қысқартады. Кәсіпкер жер телімін рәсімдеу, ғимарат салу және инженерлік желі тарту жұмыстарымен айналыспай, өнім шығаруға, технология енгізуге және өткізу нарығын кеңейтуге басымдық бере алады. – Шағын өнеркәсіптік парктер шағын және орта өндірістік бизнесті дамытуға қолайлы өнеркәсіптік экожүйе қалыптастырады, – деді Ерлан Жайлаубай. Қазір Алматыда жалпы аумағы шамамен 95 мың шаршы метр болатын 23 шағын…

Толық оқу

Алматы индустриялық аймағында жыл соңына дейін жалпы құны 12,6 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба іске қосылады. Жаңа кәсіпорындар 691 жұмыс орнын ашып, қаланың өндірістік әлеуетін күшейтеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Индустриялық аймақ директоры Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, жобалардың алтауы өнеркәсіп секторына тиесілі. Олардың қатарында жылу және сумен жабдықтау жүйесіне арналған жабдық өндірісін кеңейту, Euro Truck Service логистикалық кешенін салу, ПВХ парақтарын, газоблок пен ALC-панельдер шығаратын кәсіпорындар бар. Сонымен қатар тұрмыстық қағаз өнімдерін өндіретін зауыт пен металл жол-көпір конструкцияларын жасайтын кәсіпорын іске қосылмақ. – Құрылыс материалдары, машина жасау, көлік-логистика, химия өнеркәсібі, қалдықтарды қайта өңдеу және күнделікті тұтынатын тауарлар өндірісі қарқынды дамып…

Толық оқу
Таза Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Орал қаласында өткен кезекті шара тұрғын үйлердің ауласын көркейтіп, тұрғындарды ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарауға үндеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Акция барысында көпқабатты үйлердің маңындағы аумақтар қоқыстан тазартылып, жасыл желек ретке келтірілді. Аула ішіндегі тұрмыстық қалдықтар жиналып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған учаскелер абаттандырылды. Тазалық жұмысына облыс жастары, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар аула аумағын бірлесіп ретке келтіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаға өз үлесін қосты. Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен шектелмейді. Тұрақты ұйымдастырылған сенбіліктер тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, ортақ мүлікке деген жауапкершілігін күшейтеді. Батыс…

Толық оқу
БҚО әкімі Нармиан

Батыс Қазақстан облысында қуаты 50 мегаватт болатын алғашқы жел электр станциясының құрылысы басталды. Қытайлық инвестор қаржыландырған жоба өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, жаңартылатын қуат көздерінің үлесін кеңейтуге бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Энергетикалық нысан Орал қаласының оңтүстік-батысындағы 140 гектар аумақта салынып жатыр. Құрылыс барысымен облыс әкімі Нариман Төреғалиев танысып, мердігерлер мен инвестор өкілдерінің есебін тыңдады. Жоба аясында әрқайсысының биіктігі 100 метр болатын 6 жел қондырғысы орнатылады. Қазір құрылыс алаңында негізгі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жел генераторлары қойылатын жерлерде тереңдігі 5 метрлік шұңқырлар қазылып, іргетас негізі әзірленген. Келесі кезеңде арматура тоқылып, бетон құю жұмысы басталады. Құрылысқа жергілікті компания тартылған. Алаңда 15 адам мен…

Толық оқу
Тоқаев пен Пашинян

Еревандағы сайлау Кремль фиаскосымен аяқталды. Никол Пашинянның мансабындағы ең ауыр дода Мәскеудің бұрынғы айбарынан айырылғанын біржола дәлелдеді деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы Нұрлан Жұмаханның пікірінше, Кремль Әрмениядағы билікті ауыстыру үшін ақша аямаған. Солай бола тұра, Ереванның Батысқа бет түзеуін бұғаттау жоспары күл-парша болған. Айта кетелік, премьердің «Азаматтық келісім» партиясы 49,8 пайыз дауыспен жалғыз өзі көпшілік орынды сақтап қалды. Сарапшы аталған нәтижені көршінің астамшыл саясатының күйреуі деп бағалауда. «Путин пропагандасы Пашинянның партиясын «соғыс партиясы» деп, қоғамды стресске түсіргісі келді. Халықтың жаңа қақтығыстан қорқу сезімін саудаға салып, армяндарды «украин сценарийімен» сескендірді», — дейді Нұрлан Жұмахан. Сарапшының сөзінше, Кремль шешуші сәтте экономикалық шантажға көшкенімен, Батыс…

Толық оқу
Нариман

Мемлекеттік рәміздер күні Орал қаласында 150 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 104 пәтері баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдеріне, көпбалалы отбасыларға, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге және өзге санаттағы азаматтарға табысталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында берілді. Жаңа қоныс иелерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады. Өңір басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облыста тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді. Әсіресе «Ақжайық» шағынауданын кешенді дамытуға басымдық берілген. Мұнда инженерлік желілер тартылып, жол инфрақұрылымы қалыптастырылды. Орал қаласының орталығымен қатынасты жеңілдету үшін жаңа көпір…

Толық оқу
Бозымбаев

Батыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар өндірген өнімді ірі мұнай-газ кәсіпорнына жеткізетін тұрақты сауда тізбегі қалыптасып келеді. 2024 жылғы шілдеден бері жергілікті шаруалар Қарашығанақ жобасына 1 млрд теңгеден астам ет, сүт, май, жұмыртқа және бау-бақша өнімдерін өткізді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа облыс әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы арасындағы меморандумның орындалу нәтижелері таныстырылды. Құжаттың негізгі мақсаты — «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіп бастаған ауыл тұрғындарына тұрақты өткізу нарығын қалыптастыру. Жоба ұсақ шаруашылықтарды жеке-жеке өнім сатуға мәжбүрлемей, оларды зәкірлік кооперациялар арқылы ірі тапсырыс берушілермен байланыстыруға бағытталған. 2024 жылғы шілдеден бері…

Толық оқу