Тазалық сенбілік өткен бір күнмен өлшенбейді, ол адамның күнделікті әдетінен басталады. Алматыда қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған «Таза Сана» жобасы жыл басынан бері жүзеге асырылып келеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның операторы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры. Есепті кезеңде қалада «Ауладағы эко-нүкте» форматындағы 42 акция ұйымдастырылды. Алматының сегіз ауданында «Таза аула – Таза сана» атты 9 флешмоб өткізілді. Жоба аясында 6 аула мерекесі өтіп, жыл соңына дейін тағы 14 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Аудандар арасында экологиялық батл өтіп, қоршаған ортаны қорғауға арналған 20 бейнероликтің тоғызы жарық көрді. Алда қалалық флешмоб пен «7 күн – 7 әдет» әлеуметтік челленджі бар. Қорытынды…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Елді жаңғырту тек жаңа заңдар мен бағдарламалар қабылдаумен шектелмейді, реформаның мәні қоғамның күнделікті мінез-құлқынан көрінуі керек. Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Идеологиялық кеңесте конституциялық құндылықтарды қоғамдық санаға орнықтырудың негізгі бағыттары талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен бейінді орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Ата заңда бекітілген құндылықтарды жүйелі түрде ілгерілетуге арналды. Ерлан Қарин конституциялық бағдарлар Президенттің елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған реформаларының тұжырымдамалық өзегін құрайтынын атап өтті. Мемлекеттік саясат Заң және Тәртіп үстемдігін қамтамасыз етуге, жалпыұлттық бірлікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталмақ. Мәдениет, білім, ғылым мен инновацияны дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау…
Қазақстанда сапасыз жанармайдан көлігі бұзылған жүргізушілерге жөндеу шығынын өтеу ұсынылды. Диагностика мен жөндеуге жұмсалған ақшаны бензин сапасының төмендеуіне кінәлі компаниядан өндіріп алу көзделіп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Осындай бастамамен Құрылтай депутаты Асхат Рахимжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, кейінгі уақытта қазақстандықтар АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің сапасына жиі шағымдана бастаған. Жанармай құйғаннан кейін көлік қозғалтқышы тұрақсыз жұмыс істеп, түрлі ақау пайда болады. Жүргізушілер көбіне форсунка, оталдыру білтесі, катализатор және қозғалтқыштың өзге бөлшектері істен шыққанын айтады. Кей жағдайда көлікті қалпына келтіруге 200-600 мың теңге жұмсалады. Алайда жүргізушінің сапасыз бензин құйғанын және ақаудың содан пайда болғанын дәлелдеуі оңайға…
Алматыда ғылыми әзірлемелерді қала экономикасына енгізуге бағытталған грант байқауының екінші кезеңі аяқталды. Конкурс комиссиясы 191 жобаның арасынан практикалық және коммерциялық әлеуеті жоғары 70 жұмысты іріктеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада Мемлекет басшысының ғылымды дамыту, ғылыми зерттеуді қолдау және оның нәтижесін экономикаға енгізу жөніндегі тапсырмасы жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта 2024 жылы Алматы әкімдігі жанынан Ғылым және технологиялар кеңесі құрылды. Кеңес ғалымдар мен қала билігінің байланысын күшейтіп, пайдалы әзірлемелерді нақты секторға бағыттауға тиіс. Ғылым күніне орай жарияланған грант байқауына өтінім қабылдау 10 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді. Ұйымдастырушыларға барлығы 229 ғылыми жоба ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін 191 жұмыс келесі кезеңге…
«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен — Атырау — Самара» магистральдық құбырымен мұнай тасымалдаудың тиімділігін арттырды. Мұнай қоспасының құрамын оңтайландыру нәтижесінде компания 800 миллион теңгеден астам қаржы үнемдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымы бірнеше жыл бойы «Жетібай — Өзен — Атырау» учаскесіндегі мұнай қабылдау үдерісін жетілдірумен айналысты. Жұмыс кезінде әр кен орнынан келетін шикізаттың физикалық-химиялық құрамы, тұтқырлығы мен аққыштық қасиеті ескерілді. Соның арқасында өңдеуге және құбырмен тасымалдауға қолайлы мұнай қоспасы алынды. Жаңа тәсіл Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін шикізаттың сапасын айтарлықтай жақсартты. Мұнайдың 20 градустағы тығыздығы текше метріне 860 килограмнан 850 килограмға дейін төмендеді. Құрамындағы күкірт мөлшері де 0,6 пайыздан 0,2…
11 қыркүйекте Қазақстанның батысында салқын ауа райы сақталса, оңтүстік, солтүстік және шығыс өңірлерде күн ыстық болады. Кей аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада жауын-шашын болмайды, күндіз ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда 32-34 градус ыстық болып, күн ашық тұрады. Шымкентте де 32-34 градус болғанымен, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ең ыстық ауа райы Жетісу мен оңтүстікте күтіледі. Талдықорғанда күндіз 34-36, Қонаевта, Тараз бен Түркістанда 33-35 градус болады. Павлодарда 32-34, Өскеменде 31-33, Семейде 30-32 градус ыстық сақталады. Қарағанды, Көкшетау және Петропавлда күндізгі температура 30-32 градусқа жетеді. Астанада, Көкшетау…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың өтінішін қағаз жүзіндегі жауаппен жабуға жол бермеуді тапсырды. Әр мәселе жан-жақты зерттеліп, заң аясында нақты шешім қабылдануы керек, – деп жазады Ertenmedia.kz. 9 қыркүйекте аймақ басшысы Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындармен жеке кездесті. Қабылдауға келген азаматтар баспана, жұмыс, денсаулық сақтау, жер қатынастары мен білім беру саласындағы мәселелерін көтерді. Өзге де әлеуметтік маңызы бар өтініштер ортаға салынды. Нұрдәулет Қилыбай әр азаматты тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға және қала, аудан әкімдіктеріне нақты тапсырма берді. Шенеуніктер көтерілген мәселенің мән-жайын толық зерделеп, заңда қарастырылған шараларды қабылдауға тиіс. Қабылданған шешім мен атқарылған жұмыс туралы тұрғынға уақтылы хабарлау міндеті де…
Қазақстанда сегізінші буындағы Lexus ES седанының сатылымы басталады. Премиум модель гибрид және толық электрлі нұсқада ұсынылып, бастапқы бағасы 40 млн теңге болып белгіленді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Lexus ES әлемдік аудиторияға 2025 жылғы сәуірде Шанхай автосалонында таныстырылған. Сегізінші буынға бейімделген платформа бензин-электрлі және толық электрлі күштік қондырғыны қатар пайдалануға мүмкіндік береді. 2026 жылдың күзінде седан Қазақстан нарығына да жетті. Қазақстандық сатып алушыларға гибридті ES 350h екі жинақтамада ұсынылады. Толық электрлі ES 500e моделі әзірге Luxury деп аталатын жалғыз нұсқамен жеткізіледі. Екі модель де толық жетек жүйесімен жабдықталған. ES 350h седанының негізінде көлемі 2,5 литрлік атмосфералық қозғалтқыш жатыр. Бензинді агрегат…
Chevrolet маркасының алғашқы қуатталатын гибриді Өзбекстан нарығына шықты. Төртінші буындағы Equinox алдағы уақытта Қазақстанға да келіп, Қостанай зауытының конвейеріне қойылуы ықтимал, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Chevrolet Equinox әлемдік аудиторияға 2024 жылғы қаңтарда таныстырылған. Енді бензин мен электр қуатын қатар пайдаланатын нұсқасы Өзбекстанда ресми сатылымға түсті. Модель көрші елдегі Chevrolet желісінің алғашқы сырттан қуатталатын гибридіне айналды. Кроссовердің ұзындығы 4653 миллиметрді құрайды. Дөңгелек базасының аралығы 2730 миллиметрге жетеді. Алдыңғы жетекті көлік қала ішінде де, ұзақ сапарда да үнемді жүріске бейімделген. Қозғалтқыш жүйесінің негізін көлемі 1,5 литрлік турбомотор құрайды. Бензинді агрегат 179 ат күші мен 250 Нм айналу күшін өндіреді. Оған 190…
Алматыда 2026 жылға жоспарланған жұмыс орындарының саны қыркүйек басталмай жатып межеден асып түсті. 1 қыркүйектегі есеп бойынша қалада 53 026 жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 103,4 пайызға орындалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жылдың екінші тоқсанында Алматыдағы жұмыс күшінің саны 1 млн 217,5 мың адамға жеткен. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 43 мың адамға артты. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек нарығындағы белсенділік сақталғанын хабарлады. Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 1 млн 164 мың адамды құрады. Бір жыл ішінде көрсеткіш 41,7 мың адамға көбейген. Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз болып, республикалық орташа көрсеткіштен төмен сақталды. Жыл басынан бері Еңбек мобильділігі…










