Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша партия активімен кеңейтілген отырыс өткізді. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, Орталық аппарат қызметкерлері, «Жастар Рухының» белсенділері қатысты. Жиынға бейнеконференцбайланыс арқылы партияның барлық өңірлік филиалы қосылды. Сөз басында Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық тірегі бола отырып, Жолдауды ауқымды реформалардың лайықты жалғасы, елімізді дамыту бағытындағы нақты әрі жүйелі жұмыстың негізгі бағдары ретінде қарастыратынын ерекше атап өтті. «Президенттің биылғы Жолдауы – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Барлық» базары маңындағы бірқатар маңызды инфрақұрылым жобаларымен танысты. Қалада көлік жүйесін жаңарту мен инженерлік желіні күшейту жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімнің назарындағы ең ірі жобалардың бірі метроның бірінші желісін әрі қарай дамытуға қатысты құрылыс, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспар бойынша «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аймақта ұзындығы шамамен 5,3 шақырымдық жаңа тоннельдер салынады. Сол жол бойында үш жаңа метро станциясы ашылмақ. Бұл бағыт іске қосылғанда батыс аймақтардың қала орталығына қатынауы әлдеқайда жеңілдейді. «Барлық» базары аумағында үлкен көлік торабы салынатыны да айтылды. Онда метро станциясы, қалааралық автобекет, жеңіл рельсті көліктің аялдамасы…
3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді. III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді. Келесі…
Берік Асыловтың Сингапурда өткен халықаралық прокурорлар жиынына барып, Тоқаев Жолдауына қатыспауының астарында салмақты себеп жатыр деп жазады Ertenmedia. Жиын барысында екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге (MLAT) қол қойылды. Бұл Орта Азия елдерінің ішінде Сингапурмен жасалған алғашқы құжат. Оның ерекшелігі күдікті активтерді бұғаттау, тәркілеу, дәлелдерді жинау және активтерді елге қайтаруға тікелей құқықтық мүмкіндік беруінде. Біздіңше Бас прокурорға Жолдау мен Сингапурдың арасында таңдау жасауға тура келген. Құқықтық тұрғыдан Сингапурмен келісімге қол қою Астанаға шетелге шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға мүмкіндік береді. Бұған дейін сингапурлық құқық қорғау органдары Қазақстаннан келетін қаржылық сұрауларға жауап қатпауға толық құқылы еді. Мәселен,…
Қарағандыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған облыстық жиын отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, ардагерлер, құрметті азаматтар және қоғам қайраткерлері қатысты. Қалалар мен аудандар онлайн режимінде қосылды. Кеңестің негізгі мақсаты – Жолдауда айқындалған міндеттерді Қарағанды облысында жүзеге асыру жолдарын талқылау. Президент жолдауында ел дамуының стратегиялық бағыттары нақтыланды. Атап айтқанда, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мәселелері көтерілді. Жиын барысында сөз алған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президенттің «бүгінгі дәуірдегі біздің басты байлығымыз – мұнай емес, білім мен интеллект» деген сөзін негізге ала…
Бүгіннен бастап елдегі барлық валюта айырбастау пункттері сыртқа қойылған валюта бағамын көрсететін электронды таблосын алып тастауы тиіс деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банк бекіткен жаңа ережеге сәйкес, айырбастау бағамдарын ғимараттың қасбетіне, шатырына, терезелеріне және кез келген сыртқы конструкцияларға орнатуға тыйым салынды. Мұндай талап тек әуежай, вокзал, казино, ірі бизнес орталықтары және шекаралық өткізу бекеттеріндегі пунктерге ғана қолданылмайды. Енді валюта бағамы туралы ақпаратты тек айырбастау пункттерінің ішінде кассаның жанындағы арнайы стендтен көруге болады. Стенд көлемі кем дегенде 40х40 сантиметр болуы тиіс. Ұлттық банк бұл өзгеріс валюта нарығындағы қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді әрі жол бойындағы тәртіпсіздіктің алдын алады деп есептейді. Бұған дейін…
Қазақстанда зейнетақы қорынан стоматологиялық емдеуге арналған жалған схемамен 200 миллиард теңге жымқырылған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Елиманов баяндады деп хабарлайды Ertenmedia. Агенттік басшысы президентке көлеңкелі қаржымен күрестің аралық нәтижесін таныстырды. Елимановтың айтуынша, осы уақытқа дейін жалған компаниялар арқылы 24 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, 20 заңсыз криптобиржа жабылып, Darknet-тегі 200-ден астам есірткі сататын дүкенге қызмет көрсеткен ірі платформа анықталды. Қазірдің өзінде жалпы көлемі 9,7 млн доллар виртуалды активтер бұғатталған. Агенттік, бұдан бөлек, 17,1 млрд теңге болатын мұнай өнімдерінің заңсыз экспортын тоқтатып, 164 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Барлық» базары орналасқан аумақтағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын көрді. Бұл жобалар қаланың көлік және инженерлік жүйесін дамытуға бағытталған. Әкім метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегіне қатысты жобаға тоқталды. Ол «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, ұзындығы 5,3 шақырымдық тоннельдер қазылып, үш станция салынбақ. Сонымен қатар «Барлық» базары аумағында бірыңғай көлік-айырбас торабы (хаб) жасалады. Болашақ хаб құрамына метро станциясы, қалааралық автобекет, жеңіл рельсті көлік станциясы және автотұрақ кіреді. Жоба Алматының шет аймақтарын орталықпен байланыстырып, тұрғындардың барынша ыңғайлы қоғамдық көлікпен қатынауына мүмкіндік береді. Сапар барысында Дархан Сатыбалды жер асты су алу…
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елге инвестиция тартудың ауқымды бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 5 триллион теңгеден асатын жобалар жоспарланған. Бұған қоса, жоғары технологиялық салаларға кемінде 1 миллиард доллар бағытталмақ деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, негізгі қаржыны коммерциялық банктер бөледі. Бірақ қажет болған жағдайда Ұлттық қордың қаражаты да қосымша тартылуы мүмкін. «Жобаға инвесторларды іздеу, талдау және келіссөздерді жүргізу міндеті «Бәйтерек» холдингіне жүктеледі. Ал Ұлттық банкпен бірлесіп, жоғары технологиялық салаларға инвестиция құюдың арнайы бағдарламасы әзірленбек. Оның көлемі 1 миллиард долларға дейін жетеді. Бұл бағдарламаға Ұлттық қор мен екінші деңгейдегі банктердің қаражатын тарту жоспарлануда», – деді Жұманғарин үкімет отырысында.…
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялардың 19-шы пакетін әзірлеп жатыр. Бірақ бұл жолы санкциялардың салқыны Орта Азияға да тиюі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, жаңа санкция тізіміне Орталық Азиядағы екі мемлекеттің бірнеше банкі ілінуі ықтимал. Аталған елдердің және нақты банктердің аты әзірге жария етілмеді. Қыркүйектің 8-9 күндері ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Вашингтонда америкалық әріптестерімен келіссөз өткізуде. Мұнда санкциялардың егжей-тегжейі талқыланып, ортақ ұстаным пысықталмақ. Еуроодақ Кеңесінің басшысы Антониу Кошта санкциялардың АҚШ-пен тығыз үйлесімде қабылданатынын атап өтті. Оның айтуынша, жыл басында Трамптың Путинмен бөлек келіссөз жүргізуі еуропалық саясаткерлерді алаңдатқан. Ендігі жерде Вашингтон мен Брюссель Ресейге қатысты бірыңғай саясат ұстануға…
