Автор: Лейла Болтаева

Маңғыстау

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай экономиканы әртараптандыру мен халықтың әл-ауқатын нақты көтеру бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен есептік кездесу өткізіп, өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтар да айқындалды. Әкімнің айтуынша, өткен жылы облыс экономикасында тұрақты оң серпін сақталған. Өнеркәсіп, инвестиция, құрылыс, көлік және сауда салаларында өсім байқалған. Сонымен бірге өңір экономикасының мұнай-газ бен тау-кен секторына тәуелділігі әлі де жоғары екені ашық айтылды. Осы жағдай Маңғыстау үшін жаңа өсім нүктесін табу мәселесін алдыңғы орынға шығарып отыр. Нұрдәулет Қилыбайдың сөзінше, ендігі міндет қолдағы қарқынды сақтап қалумен шектелмейді. Негізгі мақсат – шикізатқа сүйенген модельден біртіндеп шығып,…

Толық оқу
сирень бөртегүл

Көктем келісімен Қазақстан қалаларында сирень гүлі қайта жайқалып, жылда қайталанатын түйткілді мәселе алдымыздан шығады, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл Алматыда сирень ерте гүлдеді. Артынша әлеуметтік желіде сынған бұтақ, жұлынған гүл, жұлынып кеткен түп туралы жазбалар көбейіп жатыр. Қала тұрғыны аулаға, тұрғын үй кешеніне, тіпті өз қолымен еккен бөртегүлдің де аман қалмай жатқанын айтып шағымданды. Бірі “көріп тамсанатын гүл еді” десе, енді бірі “бір адам бір бұтадан құшақ-құшақ гүл алып кетеді” деп наразы болды. Жекеменшік үй иелері де осындай жағдайды айтып отыр. Кей аулада бөртегүл толық ашылмай жатып үзіліп кететін көрінеді. Көпшілік қоғамдық жерде өскен бөртегүлді жұлу жауапкершілікке тартыла ма деген сұрақ…

Толық оқу
QR

Банк ЦентрКредиттің PR және бизнесті дамыту жөніндегі директоры Сәкен Нигмашев Қазақстандағы Бірыңғай QR эквайрингі нарығындағы күш арақатынасын ашық сипаттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол LinkedIn-дегі жазбасында қазір Банк ЦентрКредит Бірыңғай QR арқылы өтетін эквайринг нарығының 60-70 пайызын бақылап отырғанын мәлімдеді. Қалған екінші деңгейлі банктер жүйеге қосылғанымен, олардың үлесі әзірге төмен. Нигмашев мұны техникалық іске асыру тәсілдерінің әртүрлі болуымен байланыстырған. Жарияланған мәліметке қарағанда, 2026 жылдың жазында жүйе жаңартылуы керек. Сол жаңартудан кейін өзге банктер де толыққанды қосыла алады деген жоспар бар. Егер солай болса, Бірыңғай QR инфрақұрылымындағы бір банктің басымдығы әлсіреп, нарықтағы тепе-теңдік өзгере бастайды. Қазір Бірыңғай QR арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкер,…

Толық оқу
Тайжандар

Саясаткер Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі жазбасында Ұлыбритания ұлының инженерлік еңбегі жоғары бағаланғанын айтты. Санжар Тайжан негізін қалаған TaiSan компаниясы Ұлыбритания үкіметінің DRIVE35 бағдарламасы аясында шамамен 1 млн фунт стерлингтік жобаға гранттық қолдау алған. Жоба Centre for Process Innovation ұйымымен бірге жүзеге асады, деп жазады Ertenmedia.kz. TaiSan мен оның серіктесі электролит пен батарея ұяшығын автоматтандырылған түрде өндіру бағытын дамытпақ. Мақсат – жаңа буын батарея технологиясын өндірістік деңгейге тезірек шығару, сапаны тұрақтандыру, ауқымды өндірісті жеңілдету. Компанияның өз түсіндіруінше, жоба Ұлыбританияның нөлдік эмиссиялы көлікке көшу жолындағы батарея тізбегін күшейтуге қызмет етеді. DRIVE35 бағдарламасының өзі Department for Business and Trade, Advanced Propulsion Centre UK және Innovate…

Толық оқу
кондер авто

Көп жүргізуші кондиционер қосылса, қозғалтқышқа күш түсіп, көлік көбірек отын жағады деп ойлайды. Мұнда шындықтың бір бөлігі бар. Расында, кондиционер жұмыс істегенде қозғалтқышқа қосымша жүк түседі. Бірақ одан бірден «кондиционерді қоспау әрқашан тиімді» деген қорытынды жасау орынсыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселе көліктің қандай жағдайда жүріп келе жатқанына байланысты. Жылдамдық төмен кезде, әсіресе қала ішінде жүргенде, кей жағдайда терезені ашып жүру жанармай жағынан тиімдірек болуы мүмкін. Ал жоғары жылдамдықта жағдай өзгереді. Өйткені терезе ашық болса, ауа кедергісі қатты артады. Сол себепті трассада кей жағдайда кондиционер қосып, терезені жауып жүрген тиімдірек болып шығуы мүмкін. АҚШ Энергетика министрлігінің зерттеуінде осы айырма нақты көрсетілген.…

Толық оқу
мұнай

Атырау облысында Қашағанмен шамалас әлеуеті бар ірі карбонат массиві анықталды. Әңгіме Жылыой карбонат платформасы туралы болып отыр. Оның құрамына Қаратон, Қажығали және Жылыой учаскелері кіреді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың алдын ала бағалауынша, аталған массивтің геологиялық пішіні Қашаған құрылымына ұқсас. Сол себепті сарапшылар оны Қазақстан мұнай-газ саласы үшін айрықша назар аударатын нысанның бірі ретінде қарап отыр. Есеп бойынша, осы массивтің өзінде 4,7 млрд тоннаға дейін көмірсутек қоры болуы мүмкін. Ал бүкіл платформа әлеуеті 20 млрд тонна шартты отынға дейін жетеді деген болжам бар. Негізгі ерекшелік – нысанның құрлықта орналасуы. Қашаған Каспий теңізінің тайыз бөлігінде жатқандықтан, оны игеру үшін аса күрделі инженерлік…

Толық оқу
жемдік ұн экспорты

Қытайдың жаңа талабы Қазақстанның агроэкспортындағы маңызды бір арнаны күрт тарылтып жіберді. Бейжің енгізген тәртіп бойынша делдал буын шеттетіліп, жемдік ұнды Қытайға тікелей өндірушінің өзі ғана шығарауы тиіс. Қазір арнайы рұқсат кодын алған 27 компания ғана жөнелту құқығына ие. Қалған кәсіпорынның өнімі қоймада, кей партиясы вагонда тұрып қалды, деп жазады Ertenmedia.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Мәселе наурыздың соңында анық сезіле бастаған. Қазақстандық экспорттаушылар жемдік ұнды Қытайға жіберу кезінде жаппай кедергіге тап болды. Жаңа талапқа сай, жемдік ұн құрамында ресейлік астық болмауы керек. Онымен қатар өнімнің рецептурасы да қатаң шектелді. Енді бидай, арпа және кебектен өзге шикізат қосуға рұқсат жоқ. Ақуызды көтеру үшін…

Толық оқу
Константин Канин

Алматыда құрғақ шөптің өртену дерегі біртіндеп азайып келеді. Қаладағы төтенше жағдай қызметі мұны алдын алу жұмысының күшеюімен байланыстырып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин осындай мәлімет айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, Алматы аумағында ірі орман алқабы жоқ. Соған қарамастан, қаланың табиғи қорының елеулі бөлігін тау сілемі мен орман-саябақ белдеуі құрайды. Сол аумаққа Іле-Алатауы ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары, «Медеу» табиғи паркінің 708,2 гектары және Баум тоғайының 137,7 гектары кіреді. Жыл басынан бері осындай аймақта жалпы аумағы 1,3 гектарды құраған 51 өрт тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен…

Толық оқу
PRO.NRG ғылыми фестивалі

PRO.NRG ғылыми фестивалі халықаралық мәртебесін биыл да айқын көрсетті. Жоба жыл сайын таңдалған тақырыпқа сай шетелдік қонақты спикер және сарапшы ретінде шақырып келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Биылғы фестивальдің арнайы қонақтары қатарында Фин су форумы жобасының жетекшісі доктор Арво Нерман мен National Geographic зерттеушісі, фотограф, World Press Photo Awards 2023 сыйлығының лауреаты Ануш Бабаджанян болды. Доктор Арво Нерман PRO.NRG алаңында сөйлеген сөзінде су ресурстарын кешенді басқаруға қатысты заманауи көзқарасты және үздік практиканы ұсынды. Ол су қауіпсіздігі мәселесін жекелеген шешіммен емес, жүйелі тәсілмен қарау қажет екенін атап өтіп, алдағы ықпалдастықтың нақты бағыттарын да белгіледі. Фестиваль мазмұнына қарағанда, су тақырыбы ғылыми талқылаудың ғана…

Толық оқу
газ

Қазақстанда қазір шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізіп отыр. Биыл елдегі газдандыру деңгейін 64,3 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Көрсеткіш былтырғы 62,4 пайыздан жоғары болуы керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл газдандыру бағыты бойынша 40 жоба іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 10 елді мекендегі 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылмақ. Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарын қамтып отыр. Онымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі бойынша құрылыс жалғасуда. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін…

Толық оқу