Бүгін еліміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан – республикалық референдумға Түркістан қаласына жақында ғана қоныс аударған танымал әнші Төреғали Төрәлі де қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әнші өз дауысын беру арқылы Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Сонымен қатар ол тұрғындарды қоғамдағы маңызды саяси оқиғаларға белсенді араласуға шақырып, әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтты. – Ел дамуы бәріміздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан да бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды күнде әрбір азаматтың пікірі ескерілуі тиіс деп ойлаймын. Елдің жарқын болашағы сіз бен біздің қолымызда, – деді Төреғали Төрәлі. Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында өтіп…
Автор: Лейла Болтаева
Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданындағы республикалық референдум учаскелерінде ерекше әрі тағылымды көрініс орын алды. Референдумға аудан тұрғындарымен қатар, қазақ тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бейнесін сомдаған театр әртістері де арнайы келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың кепйіпдеі келді. Тәуке, Абылай хан және үш биіміз Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биді көргендей болдық. Олардың бұл қадамы сайлаушылардың ерекше қызығушылығын оятып, көпшілікке терең әсер қалдырды. – Бұл бастама тарихи тұлғаларымыздың асқақ рухын бүгінгі ұрпаққа танытып, халықты елдің тағдырына бейжай қарамауға, азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге шақыруды көздейді. Әр азамат…
Қазақстанның танымал қылқалам шебері Алпысбай Қазғұлов бүгін Бакудегі елшілікте Конституция жобасына қатысты республикалық референдумда дауыс берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қылқалам шебері шетелде жүрсе де, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан тыс қалмауды азаматтық парыз санап, өз таңдауын жасады. – Қазір шетелдемін, бірақ осындай маңызды тарихи оқиғаға қатыспауға болмайды деп ойлаймын. Сондықтан Бакудегі Қазақстан елшілігінде ұйымдастырылған дауыс беру учаскесіне келіп, еліміздің болашағы үшін таңдауымды жасадым. Әрбір азамат осындай тарихи сәттерде белсенділік танытып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуы қажет деп білемін, – деді суретші. Айта кету керек, Алпысбай Қазғұлов екі күн бұрын Баку қаласында өткен арнайы іс-шара барысында Түркі әлемі көркемөнер академиясының академигі…
Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Таужолы шағынауданының тұрғындары республикалық референдумға ерекше ұйымшылдықпен қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олар дауыс беру учаскесіне алдын ала өзара келісе отырып, көршілерімен бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасады. Тұрғындардың айтуынша, маңызды саяси оқиғалар кезінде көршілердің бір-бірімен ақылдасып, бірлесіп шешім қабылдауы елдегі қоғамдық бірлікті, татулық пен сыйластықты арттырады. – Біз бүгін референдумға көршілерімізбен бірге келіп, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Осындай маңызды оқиғаларға бірлесіп қатысу арқылы көршілік қарым-қатынасымыз да нығая түседі деп ойлаймыз. Елдің болашағы – бәрімізге ортақ, сондықтан әр азамат өз дауысын беруге жауапкершілікпен қарауы тиіс, – дейді Таужолы шағынауданының тұрғындары. Көршілердің осындай бірлесіп дауыс беруі…
Алматы қаласының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен республикалық референдумның аралық қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алина Кан мен қоғам қайраткері Андрей Андреев дауыс беру барысын бақылаудың нәтижелері туралы айтып берді. Алина Канның айтуынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қаладағы референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген заң талаптарына сай тыныш әрі тұрақты түрде өтуде. – Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қандай да бір заңбұзушылық немесе дауыс беруге кедергі келтіретін төтенше оқиға тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жоспарлы, ұйымдасқан жағдайда өтуде. Учаскелерге әртүрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Әсіресе отбасымен келіп, дауыс беріп жатқандар көп. Барлық учаскелерде…
Қонаевтағы «ASP Аренада» дрифт жарыстарының маусымы ашылды. Алғашқы жарыс қорытындысы бойынша автоспорт шеберлері арасынан Петр Бородин жеңіс тұғырынан көрініп, бірінші орынға ие болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Евгений Васкин тартысты бәсекеде екінші орынды иеленді. Дегенмен бұл күні тек жарыс нәтижесі ғана емес, спортшылардың ел өміріндегі маңызды саяси науқан – республикалық референдумға қатысуы да ерекше маңызға ие болды. Жарыс аяқталған соң автоспортшылар бірден референдум учаскесіне аттанып, өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Бұл олардың тек спортта ғана емес, азаматтық өмірде де белсенділік танытып, қоғамға үлгі бола білетінін дәлелдеді. Жеңімпаз Петр Бородин автоспорттағы тәжірибесімен бөлісе отырып, спорт пен қоғамдық өмір арасындағы тығыз байланысқа…
Бүгін еліміз бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға Маңғыстау облысының ең қарт тұрғыны, 104 жастағы Сырға Қалиева да қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өмірінде бір ғасырдан астам уақытты еңсерген Сырға әже денсаулығына байланысты №140 референдум учаскесіне келе алмағандықтан, учаскелік комиссия мүшелері оның үйіне арнайы жылжымалы дауыс беру жәшігін апарды. Дауыс беру рәсімі барлық заң талаптарына сәйкес жүргізілді. Ғасыр жасаған әжей өз таңдауын жасаған сәтте елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, батасын берді. Құрметті ардагердің бұл әрекеті – келешек ұрпаққа ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың үлгісі. – Менің ғұмырым еліміздегі көптеген тарихи кезеңдерге куә болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап…
Жетісу өңіріндегі маңызды мемлекеттік науқан – республикалық сайлауға Жоңғар Алатауы мекемесінің қызметкерлері ұйымшылдықпен келіп, біркісідей дауыс берді. Ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсеткен ұжым мүшелері азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісін танытты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау күні таңертең мекеме қызметкерлері сайлау учаскесіне бірлесіп келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл көрініс – тек азаматтық парызды орындау ғана емес, бірлік пен ынтымақтың жарқын белгісі. Олар үшін бүгінгі күн мемлекетіміздің келешегін айқындайтын маңызды сәт екенін атап өтті. Ұжым мүшелерінің айтуынша, әрбір дауыс – ел тағдыры үшін маңызды. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың міндеті ғана емес, мемлекет дамуына қосқан нақты үлесі. – Бүгінгі саяси науқанға қатысып, дауыс…
Бүгін еліміздің әр аймағында өтіп жатқан республикалық референдумға Маңғыстау облысының еңбек ардагерлері де белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс беру учаскесіне арнайы келген еңбек ардагерлері Жәңгірхан Өрісбай мен Әлия Биқасқызы жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне байланысты өз таңдауын жасады. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында көп жыл еңбек еткен ардагерлер бүгінгі саяси науқанның мемлекетіміздің келешегі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ардагерлердің айтуынша, референдум арқылы халықтың өз пікірін тікелей білдіруі – дамыған демократиялық қоғамның белгісі. Олар үшін бүгінгі таңдауға қатысу – азаматтық парыз ғана емес, сонымен қатар ел тағдырына деген жауапкершілік пен құрметтің белгісі. —…
Ақтауда өтіп жатқан республикалық референдум аясында өз таңдауын Ұлы Отан соғысының ардагері, 99 жастағы Василий Салазкин жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соғыс жылдарында ол Отан қорғап, еліміздің бейбіт болашағы үшін күрескен болатын. Ал бүгін ардагер тағы да өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, маңызды саяси науқаннан тыс қалмады. Денсаулық жағдайына байланысты ардагер үйінде дауыс берді. №34 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне арнайы барып, тасымалды дауыс беру жәшігі арқылы дауыс беру рәсімін заң талаптарына сай ұйымдастырды. Жасы жүзге жуықтаса да, кезінде бейбіт өмір үшін күрескен майдангер ел өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмай, елдің ертеңі үшін өз таңдауын жасады. Айта кетейік, референдум күні денсаулығына…










