18-19 сәуірге арналған жұлдыз жорамал демалыс күндері қарама-қайшы көңіл күймен өтетінін аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір сәтте күш-қуат артып, өршіл ой көбейсе, келесі мезетте аялдап, бәрін қайта таразылауға тура келеді. Сондықтан қаржыда, жұмыста және қарым-қатынаста асығыс шешімнен сақ болған жөн. Артық қысым, өткір сөз, сабырсыз қадам түсінбеушілікке әкелуі мүмкін. Тоқты үшін алдағы күндер серпінді өтпек. Күшіңіз тасып, көптен бері тоқтап тұрған істі қозғалтатын мүмкіндік туады. Бастаманы қолға алсаңыз, нәтиже жаман болмайды. Тек өз дегеніңізбен ғана кетпей, айналаңыздың пікірін де ескеріңіз. Торпақтың көңілінде алаң көбейуі мүмкін. Әсіресе болашаққа қатысты ой мазаны алуы ғажап емес. Осындай сәтте бәрін іште сақтамай, сенетін адаммен…
Автор: Лейла Болтаева
18 сәуірде ауа райы еліміздің басым бөлігінде құбылмалы бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Дегенмен солтүстік өңірлерде жел күшейіп, күннің ең қауіпті құбылысы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына түсіп тұр. Қазгидромет мәліметінше, Көкшетауда жел екпіні кей сәтте 25 м/с-қа дейін жетеді. Ал Петропавлда 23-28 м/с болып, күндіз 30 м/с және одан да жоғары күшеюі мүмкін. Астанада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы –1…–3 градус шамасында болса, күндіз +12…+14 градусқа дейін көтеріледі. Жел 9-14 м/с деңгейінде сақталып, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін барады. Алматыда түнде +3…+5 градус, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Қалада құбылмалы бұлтты ауа…
Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Шымкенттен жұмыс сапарымен келген Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің делегациясын қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуге университет ректорының міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев пен академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев қатысты. Сапардың мақсаты – Маңғыстау облысының талапкерлерін жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктерімен таныстыру, мемлекеттік және қосымша гранттар туралы ақпарат беру, кәсіби бағдар жұмысын күшейту. Жиында білім саласындағы өңіраралық ынтымақтастық, Маңғыстау жастары үшін сапалы жоғары білімге жол ашу, сұранысқа ие мамандықтарға бағыт беру мәселесі сөз болды. Нұрдәулет Қилыбай жастарға сапалы білім беру мен кәсіби дамуына нақты мүмкіндік жасаудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, түлектердің өз өңірінде…
Ұлттық банк ел экономикасына қатысты жаңа макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады. Мамандар 2028 жылы 550 теңге деңгейіне жетуі ықтимал екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сауалнамаға екінші деңгейлі банктер, халықаралық ұйымдар және зерттеу орталықтары қатысқан. Реттеуші осы құжаттағы мәліметтерді өз болжамы ретінде емес, нарықтағы тәуелсіз сарапшылар бағасының жиынтығы ретінде ұсынып отыр. Сарапшылар алдағы жылдары теңге бағамы біртіндеп әлсірейді деп күтеді. Олардың есебінше, 2026 жылы доллардың орташа бағамы шамамен 515 теңге болуы мүмкін. 2027 жылы ол 532,5 теңгеге дейін барады деген болжам бар. Ал 2028 жылы 550 теңге деңгейіне жетуі ықтимал. Соған қарамастан, алдыңғы бағалаумен салыстырғанда қазіргі болжам сәл жұмсарған. Яғни нарық қатысушылары теңгенің…
Firebase бүгінде Google экожүйесіндегі ең маңызды әзірлеуші платформалардың біріне айналды. Бірақ оның жолы чат сервисінен басталғанын көп адам біле бермейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания алғаш 2011 жылы Envolve деген атаумен құрылған. Бастапқыда бұл жоба сайттарға арналған чат API ұсынуға бағытталды. Алайда негізін қалаушылар Джеймс Тамплин мен Эндрю Ли әзірлеушілердің сол инфрақұрылымды чаттан бөлек, қолданбадағы деректерді нақты уақыт режимінде синхрондауға пайдаланып жүргенін байқайды. Соның нәтижесінде жоба бағытын өзгертіп, 2012 жылы Firebase деген атпен қайта іске қосылды. Ал 2014 жылы Google оны өз құрамына қосты. Google қолына өткеннен кейін Firebase кәдімгі стартап күйінде қалған жоқ. Ол мобильді және веб-әзірлеушілерге арналған үлкен платформаға…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы «Ақжол-М» оңалту орталығында ем қабылдап жүрген ерекше балалардың тұсаукесер рәсіміне қатысып, олардың алғашқы қадам басқан сәтіне куә болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталықта ем алып жүрген бүлдіршіндер ұзақ уақыт жүргізілген оңалту шараларының, табандылықтың және өмірге деген құштарлықтың арқасында жаңа белеске жетіп отыр. Емнің нәтижесін күн сайын көріп жүрген ата-ана мен маман үшін мұндай сәттің салмағы бөлек. Ал бала үшін алғашқы нық қадам жай ғана қимыл емес, жаңа өмір кезеңіне аяқ басу. Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және бірқатар қоғамдық қор өкілдері қатысты. Қонақтар балаларға ақ тілегін…
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де халықаралық институттардың қазіргі жұмысына алаңдаушылық білдіріп, оларды жетілдіру мәселесіне жаңаша қарау қажет екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде өңірлік және жаһандық қақтығыстар жиі талқыланғанымен, нақты келіссөздер көп жағдайда БҰҰ алаңында емес, одан тыс жерлерде өтіп жатыр. Президент Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде Мевлют Чавушоғлы да осы үрдісті анық байқаған болар деген ой айтты. Оның сөзінше, тараптар БҰҰ ғимаратында емес, жекелеген мемлекеттердің астаналарында, бөлек конференц-залдарда бас қосып жүр. Ал БҰҰ-ның жоғары өкілдері қақтығыстарды тоқтатуда шешуші араағайындық рөл атқарып жатқанын жиі көре бермейміз. Тоқаев осы жайтты ұйым рөлінің әлсірегенінің белгісі…
Өскеменде Президент кеңесшісі Бақытжан Сапиевтің төрағалығымен өткен жиында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қазіргі жайы қаралды. Сол отырыста Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының экопарктер құру жөніндегі тапсырмасының өңірде қалай орындалып жатқаны туралы баяндама жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, Өскеменде 21,4 гектар аумақта «Шоқ қайың» экопаркін ашу көзделіп отыр. Ұлан ауданында 25 гектар жерде «Жасыл аймақ» экопаркін құру жоспары бар. Оған қоса, Глубокое ауданы аумағында 40 гектар жерге «Таулы Үлбі» экопаркі жобалануда. Осы үш бастаманы іске асырудың жалпы құны 450 млн теңге деп белгіленген. Жобалар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Өңір басшылығы бұл жұмыстар экологиялық ахуалды жақсартуға, демалысқа арналған…
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен әрі барынша прагматикалық тұрғыда қарау қажет екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, егер халықаралық қауымдастық осы тақырыпқа нақты ұстаныммен келмесе, әлем алдағы уақытта да жолайрық, стратегиялық құндылық, жаһандық қауіпсіздік туралы көп сөйлегенімен, түйінді шешімге жақындай алмайды. Президент жаһандық және өңірлік деңгейде сан түрлі кездесу, конференция, басқосу өтіп жатқанын еске салып, құр сөзден гөрі нәтиже маңызды екенін аңғартты. Тоқаев осы тұста Қазақстан мен Түркия секілді орта державалардың рөліне арнайы тоқталды. Оның сөзінше, мұндай елдер халықаралық үдерістерде салмақты жауапкершілік танытып жүр. Президент мұны дипломатиялық іс-әрекет дәлелдейді деп бағалады. Яғни әлемдік саясатта өз…
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрақтандыру шарасы күшейтілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында қалада баға өсімін тежеуге бағытталған кешенді жұмыс қолға алынған. 16 сәуірден бастап «Барыс-4» базарындағы көтерме сауда алаңында жүйелі мониторинг жүріп жатыр. Оған Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған. Негізгі мақсат – баға тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының негізсіз өсуіне жол бермеу. Әсіресе сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауына және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдал буындарды қысқартуға басымдық беріліп отыр. Қалада тек бақылау…










