Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК қызметіне қатысты бірқатар өкілетті нақтылайтын Жарлыққа қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құжатқа сәйкес, Комитеттің киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылымды қорғау, жасанды интеллект және мобилизациялық дайындық саласындағы функциялары кеңейеді. Бірқатар нормалар 2 мамырдан бастап күшіне енді, ал негізгі блоктың бір бөлігі 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданылады.
Жаңа өзгерістер ҰҚК-ның цифрлық қауіпсіздік саласындағы рөлін күшейтеді. Ведомство енді жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, сондай-ақ өз модельдерін, платформалық бағдарламалық өнімдерін әзірлеу және пайдалану құқығына ие болады. Бұл 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануымен де байланысты.
КНБ сыни маңызды цифрлық инфрақұрылым нысандарының киберқауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жүргізеді. Мұндай нысандарға деректер орталықтары, қорғалған байланыс жүйелері, банктік және мемлекеттік цифрлық инфрақұрылым элементтері кіруі мүмкін. Ресми түсіндірулерде бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті жаһандық цифрлық трансформация жағдайында күшейтуге бағытталғаны айтылған.
Құжатта мобилизациялық дайындыққа қатысты функциялар да нақтыланған. ҰҚК стратегиялық ұйымдардың дайындығын бағалау, мобилизациялық тапсырысы бар кәсіпорындардың мүмкіндігін талдау және тиісті резервтерді басқару тетіктеріне қатысады.
Сонымен қатар шекаралық бақылау жүйелері мен қорғалған байланыс арналарына қатысты регламенттер де жаңартылды. Бұл мемлекет үшін маңызды дерек ағындарын бір орталықтан қорғау және тәуекелді ерте анықтау логикасына негізделген.
Мұндай өзгерістердің екі жағы бар. Бір жағынан, кибершабуыл, дерек ұрлығы, жасанды интеллект арқылы жасалатын қауіп және соғыс жағдайындағы инфрақұрылым тұрақтылығы секілді қатерлер күшейіп отыр. Сондықтан мемлекет маңызды цифрлық жүйелерді қорғауды күшейтуге мүдделі.
Екінші жағынан, ҰҚК өкілетінің кеңеюі жеке дерек, банктік ақпарат, бизнес құпиясы және цифрлық бақылау мәселесінде қоғам тарапынан қосымша сұрақ туғызады. Мұндай жағдайда ашық регламент, құқықтық шектеу және институционалдық бақылау ерекше маңызды.
Сарапшылар бұл реформаны мемлекеттің цифрлық қауіпсіздік архитектурасын қайта құру әрекеті ретінде бағалап отыр. Яғни ҰҚК классикалық қауіпсіздік қызметінен бөлек, киберкеңістік, жасанды интеллект, қорғалған байланыс және стратегиялық инфрақұрылым тоғысындағы негізгі мемлекеттік операторлардың біріне айналып келеді.
Электоралды науқан қарсаңында су жаңа партияның пайда болуы саяси күштердің ықпалына қатысты бірқатар сұрақтарды күн тәртібіне шығарды. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, осы уақытқа дейін партиялық алаң бірнеше рет өзгергенімен, саяси дәстүрден аса бір ауытқу болмаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







