Қазақстандық танымал актер, «Рэкетир» фильмі арқылы ел есінде қалған Мұрат Бисембин 53 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актердің өмірден озғанын әлеуметтік желіде қызы Диана Болатова жеткізді. Ол әкесінің суретімен бірге туған және қайтыс болған күнін жариялап, «Шексіз жақсы көремін» деген қысқа жазба қалдырды. Мұрат Бисембин 2024 жылдан бері қатерлі ісік дертімен арпалысып келді. Асқазан асты безіне жабысқан ауру актерді түсірілім алаңынан алыстатқан еді. Дәрігерлер сырқаттың ота жасауға келмейтінін айтқан соң, ол химиялық терапия алып жүрді. Өткен жылдың желтоқсанында инсультпен орталық клиникалық ауруханаға түскен актердің денсаулығы жақсара бастағанын қызы 31 желтоқсанда хабарлаған болатын. Бірақ араға бірнеше күн салып, 8 қаңтарда…

