Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм қарқыны өскенімен, шетелдік көліктерді бақылауға қатысты қос мемлекет арасындағы талаптарда тепе-теңдік сақталмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, қазақстандық көліктер Қытай аумағына кірерде ақылы уақытша әкелу рәсімінен өтіп, арнайы тіркеу нөмірін алып, сақтандыру жасатып, кепілдік және бақылау механизмінен өтеді. Мұның бәріне шамамен әр көлік үшін 560-600 мың теңгедей шығын жұмсалады әрі ресми табыс көзіне айналып отыр. Ал Қазақстанға кіретін қытайлық автокөліктер көбінесе тегін әрі қарапайым рәсімдермен ғана шектеледі. Соңғы бір жыл мен биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға 8 мыңнан аса Қытай көлігі өткен. Алайда олардың жол ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдардың қалай өндірілетіні,…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда жарияланған рақымшылықтың аясында 16,5 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершіліктен босап, жарты миллионнан астам азамат әкімшілік жазадан құтылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан рақымшылық туралы заң жобасының егжей-тегжейін тарқатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, қылмыстық рақымшылық ең алдымен ауыр емес қылмыстар мен зияны толық өтелген орташа ауыр қылмыстар жасаған азаматтарды қамтиды. «Қылмыстық теріс қылық пен ауырлығы төмен қылмыстар жасағандар, сондай-ақ орташа ауыр қылмыстары зиян келтірмеген немесе келтірген зиянын толық өтегендер жаза өтеуден босатылады. Ал орташа ауыр қылмыс жасаған, бірақ келтірген зиянын өтемегендер үшін жаза мерзімі екі есе қысқарады», – деді Абзал Құспан. Дегенмен, рақымшылықтың шеңбері шектеулі болады. Коррупциялық, террористік, экстремистік…
Нью-Йорктегі қаржы ауданына сапар NYSE алаңынан басталып, Freedom Capital Markets кеңсесіндегі кездесумен жалғасты. Қазақстандық журналистерге америкалық қор нарығының жұмыс тәртібі, инвестор сенімі, депозит мәдениеті және Freedom экожүйесінің капитал нарығындағы рөлі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Freedom Capital Markets кеңсесінде өткен кездесуде компанияның бас нарық стратегi Джей Вудс пен зерттеу бағытының жетекшісі Эдвард Магуайер пікір білдірді. Екеуі де АҚШ қаржы нарығында ұзақ жыл жұмыс істеген мамандар. Джей Вудс ширек ғасыр бойы Нью-Йорк қор биржасында еңбек еткен, ірі IPO процестеріне қатысқан, NYSE алаңындағы ең белсенді акциялар бойынша сауда жүргізген. Эдвард Магуайер шамамен 30 жыл бойы қор нарығы, банк секторы, технологиялық компаниялар…
Шетелге саяхат алдын ала ойластырсаң ғана алаңсыз өтетін шаруа. Әсіресе виза, сақтандыру, жүк дайындау сияқты ұсақ-түйекті үйден шықпай шешкен абзал деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Иә, әр елдің визасы әрқилы. АҚШ, Ұлыбритания, Шенгенге бармақ болсаңыз, «ертең ала саламын» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Мәселен, жаздың қызған кезінде кезегіңіз бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Сол себепті ресми ақпаратты елшіліктен ғана алып, құжаттарды кемінде бір ай бұрын әзірлеп қойыңыз. Анкета, билет, қонақүй броні, банк анықтамасы мен сақтандыру – негізгі тізім осы. Айтпақшы, билет іздеп бас қатырмайсыз: ForteTravel сервисінде ұшақ немесе пойыз билетін екі-үш шертіп алуға болады. Карта нөмірін қайта-қайта жазып жатпайсыз, әр билетке қосымша…
Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол бұған дейін Президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2026 жылғы қаңтарда ол осы лауазымнан босатылған еді. Оның орнына бұл қызметке Айбек Смадияров келді. Желдібай әр жылдары Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің баспасөз хатшысы қызметінде жұмыс істеді. Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Кейін «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Уорик университетінде магистр дәрежесін алған. Контекст Осы жылдың қаңтарында баспасөз хатшысы қызметін Смадияровқа табыстаған Желдібай: «Мемлекет басшысы жүктеген мәртебелі міндеттерді үдесінен…
Президент Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында елдің көрнекті тұлғаларына мемлекеттік наградаларды тапсырды. Биыл шығармашылық саладағы 120 азамат марапатталса, бірнеше тұлғаға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы сахна майталмандарының ел мәдениетіне қосқан ерекше үлесін атап өтті. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы дәріптеп келе жатқан белгілі әнші әрі домбырашы Татьяна Бурмистрова «Отан» орденімен марапатталды. Ал «Барыс» ІІ дәрежелі ордені Қазақстанның халық әртісі, әйгілі Мақпал Жүнісоваға табысталды. Сонымен қатар, М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының актрисасы Марина Ганцева «Барыс» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды. «Бүгін арамызда танымал әнші және домбырашы…
Павлодар өңірі Қазақстанның экономикалық жүрегі ғана емес, әлеуеті зор, серпіні қуатты аймақ. Президент Тоқаев аймақ басшысы Асайын Байхановпен кездесуде облыстың қазіргі жағдайын саралап, келешек жоспарды талқылады деп жазады Ertenmedia.kz. Байхановтың айтуынша, Павлодар былтыр рекордты нәтижеге қол жеткізіп, ел экономикасына үлкен үлес қосқан. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 1,3 триллион теңгеден асып, республика бойынша көш бастаған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі де ауыз толтырып айтарлық деңгейге жеткен. Өткен жылы осы көрсеткіш 4,1 триллион теңгені құрады. Елдегі көмір мен ферроқорытпаның жартысынан көбі, электр қуатының жартысына жуығы осы облыстан шығады. Аграрлық сала да аймақта ерекше дамып келеді. Ылғалды үнемдейтін жаңа технологияны енгізген павлодарлық шаруалар картоп, күнбағыс,…
Депутат Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрлігі енгізген жаңа Салық кодексін сын садағына алды. Айтуынша өзгерістер қосылған құн салығын (ҚҚС) әділетсіз түрде қайта бөліп, салықтан босамауы компанияларды жеңілдікпен қамтыған. Сорақысы, салықтық жүктеме басқа кәсіпкерлерге артылған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дәлел ретінде Базарбек әуе билетінің бағасын мысалға келтірді. «Жаңа норма бойынша сіздер ҚҚС төлеуі тиіс компанияларды тайраңдатып, керісінше, салықтан босатылуы тиіс компанияларға салмақ салдыңыздар. Мысалға, әуе жанармайын ҚҚС-тан босаттыңыздар. Ойбай, әуе билеті су тегін болады деп уәде бердіңіздер. Арзандаған билет қайда? Керісінше, қаңтардан бері бағасы шарықтап, қымбаттап шыға келді», – деп ашынды Бақытжан Базарбек. Сондай-ақ депутат министрлік өкілдерін жұмыс тобында берілген сөзінен…
Кәсіпкер Азамат Үсімбеков UlysMedia YouTube арнасына берген сұхбатында өзіне қатысты даулы мәселелерге жауап берді. Кәсіпкер компанияны қалай сатып алғанын, 600 млн теңге дауына байланысты ұстанымын және журналист Ботагөз Омаровамен болған жайтты айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «VD Stroy Engineering» жетекшісінің айтуынша, ол құрылыс саласына әкесінің жолын қуып келген. «Мен Ақтөбеден шықтым. Әкем құрылысшы болған соң осы саланы таңдадым. Әр жылдары түрлі өңірлерде мектептер, тұрғын үй кешендері сияқты жобаларды жүзеге асырдық. 2023 жылдың тамызында бизнесті ауқымды түрде дамыту үшін «VD Engineering» компаниясын сатып алдым», – деді ол. Сұхбат барысында кәсіпкер журналист Ботагөз Омарова ісіне себеп болған 600 млн теңге төңірегіндегі дауға да…
Қазақстанда 2025/2026 оқу жылы мәресіне жетті. Биыл еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы мектеппен қоштасып жатыр. Олардың 31 мыңнан астамы 9-сыныпты үздік аяқтаса, 11-сынып түлектерінің арасынан 18 мыңға жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 25 мамырда республиканың барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Жиын барысында оқушылардың жетістіктері сараланып, оқу жылы қорытындыланады. Сонымен бірге, «Адал азамат» тәрбиелеу бағдарламасының негізгі құндылықтары талқыланады. Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығына сәйкес, мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, демалыс базалары мен табиғат аясында атап өтуге тыйым салынған. «Мектеп бітіру кештеріне орай ата-аналардан, заңды өкілдерден және оқушылардан ақша жинауға,…










