Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

мектепке телефон алып баруға бола ма

Елімізде оқушыларға сабақта ғана емес, үзіліс кезінде де телефон пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осы бастаманы қолдап, телефонды қолдануға шектеу қою құқығын әр мектептің өзіне емес, Оқу-ағарту министрлігіне беру керек деп санайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аймағамбетовтың айтуынша, халықаралық зерттеулер смартфондардың оқу процесіне теріс әсерін дәлелдеп отыр. Қазірдің өзінде елдегі жетекші оқу орындары Bilim мектептері мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» осы қадамға барған. «Мектепке телефон алып баруға бола ма? Көптеген озық мектептер батылдық танытып, оқу процесі кезінде смартфонға тыйым салды. Мен осы тәжірибені бүкіл ел деңгейінде енгізуді қолдаймын. Бұл мәселені әр мектепке жеке қалдырмай, министрлік деңгейінде шешкен дұрыс», –…

Толық оқу
әкімшілік айыппұл

Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай айыппұл тек жол ережесін бұзғандарға ғана емес, кез келген әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін автоматты түрде жазылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, бұған дейін автоматты түрде тіркеу көбінесе жылдамдық асырған немесе қызыл жарыққа өткен жүргізушілерге қатысты қолданылып келсе, енді цифрлық жүйелер арқылы кез келген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл дереу жазылады. Әкімшілік кодекстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Мұндай жағдайда деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделеді. Заңда көлік құралдарына қатысты тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу…

Толық оқу
Маңғыстау мен Қызылорда әкімдері

Саясаткер Абзал Достияр өңір әкімдерінің халықпен қарым-қатынасы мен саяси коммуникация мәселесіне пікір білдірді. Ол бұл тұрғыда орталық биліктің өңір басшыларынан үйренері көп деп есептейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаткердің айтуынша, әкімдер арасында рейтинг жасалып жатады, алайда өз басы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жұмысын жоғары бағалайды. «Иә, Нәлібаев төңірегінде түрлі әңгіме жиі айтылады. Оның өңірдегі ықпалды топтармен байланысы мен ресурстарды иемденуі туралы сын-пікір бар. Қаңтар оқиғасынан кейін елде шынайы трансформация жүріп, элитаның активтері мемлекетке қайтарылғанда, Нәлібаев әулетінің капиталы да сол қатарда болар ма еді деген сұрақ өз алдына бөлек тақырып. Дегенмен мен оның саяси менеджменті…

Толық оқу
электр көлік

Қазақстанға тоқпен жүретін көлікті жеңілдікпен, баж салығы мен салықтан босатып әкелуге мүмкіндік беретін квота тоқтады. Биылдан бастап электр көліктері жалпы тәртіппен рәсімделеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мемкірістер комитетінің сарапшысы Медет Меделбай тікелей эфирде түсіндірді. Айтуынша, 2022-2025 жылдар аралығында Қазақстан азаматтары электркөлікті баж салығы мен салықтан босатып әкелген. Төрт жылға созылған жеңілдік аясында елге жыл сайын белгілі бір көлемде квота бөлінген. «2022 жылы 10 мың электрмобиль, ал 2023-2025 жылдары жыл сайын 15 мың көлікке дейін квота берілді. 2025 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық комиссия квотаны ұзартпау туралы шешім қабылдады. 2026 жылдан бастап Қазақстанға электр көлігін әкелгенде барлық кедендік төлем мен салық…

Толық оқу
алаяқтық

Қазақстанда Android негізіндегі смартфондарға зиянды қосымша орнатып, жеке мәліметтерді қолды қылатын алаяқтар көбейген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істердің мәліметінше, алаяқтар фишинг сілтемелерді мессенджерлер арқылы таратып, вирустарды сурет, видео немесе құжат ретінде бүркемелейді. Сондай-ақ банктердің, мемлекеттік органдардың және жеткізу қызметтерінің атынан жалған қосымшалар мен хабарламалар тарату жағдайлары жиілеген. Бұдан бөлек, түрлі акциялар мен ұтыстарға қатысуды ұсынған қоңыраулар арқылы да адамдарды алдап, зиянды қосымшаларды жүктеуге үгіттейді. Мамандардың айтуынша, мұндай қосымшаларды орнату өте қауіпті. Өйткені алаяқтар смартфонды толықтай басқаруға қол жеткізіп, банк шотындағы қаржыны жымқырып, онлайн несие рәсімдеп, жеке хат-хабарлар мен мәліметтерді ұрлайды. Кей жағдайда смартфонды бұғаттап, қайта ашу үшін ақша талап етеді.…

Толық оқу
БҚО зорлық

Батыс Қазақстанда лауазымды қызметкердің 16 жастағы қызды зорлады деген іске қатысты жәбірленушінің әкесі тың мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Орал апталығына» сілтеп. Әке сөзіне сенсек, полицияда әйелі мен қызын арызынан бас тартуға мәжбүрлеген. Алғашқы шағым қаңтар айының басында түскен. Содан бері отбасының мазасы кетіп, қысым күшейген. Анасы мен қызы жеке кабинетке шақырылып, «арызды қайтып алыңдар» деп үгіттеген. Отбасы мүшелері мұны әкесіне кейіннен ғана айтқан. «Мен өз арызымнан бас тартпадым. Ертең қызымның көзіне қалай қараймын? Менің төрт жасар тағы бір қызым бар. Ол ертең бой жеткенде, дәл осындай сұмдыққа тап болса, тағы үнсіз қаламыз ба?» – дейді ол. Отбасы полицияға арыз…

Толық оқу
айдарбек сапаров

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров туыстарының мемлекеттен субсидия алуына қатысты сұраққа ашық жауап беруден бас тартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер министрдің 2023 жылы қызметке тағайындалған кезде «ауыл шаруашылығында жүрген ағайын-тумаларым мемлекеттен субсидия алмайды» деген сөзін еске салды. Алайда бұған дейін БАҚ-та оның ағасы «Ноғайбай» ШҚ иесі Алтынбек Сапаров 2019-2020 жылдары бюджеттен жалпы сомасы 713 млн теңге көлемінде субсидия алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Брифинг барысында журналистер соңғы үш жылда министрдің жақындары мемлекеттік қолдау алды ма деген сауал қойды. «Мен осы сұраққа талай рет жауап бердім, интернетті, YouTube-ты шолып шығыңыздар. Менің оған ешқандай қатысым жоқ екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Еш жерде…

Толық оқу
Жанат Қаратай

Burger King желісінің басшылығы аутизмге шалдыққан Әлібекке қатысты дау-дамайды реттеудің орнына, жанжалдың шоғын одан әрі үрлей түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлібектің анасы Жанат Қаратай желідегі парақшасында Burger King Kazakhstan бас директоры Алена Амилаханова қол қойған арнайы шақыру хатты жариялаған-тын. Хатта компания басшысының «жағдайды диалог арқылы шешуге дайын екені, сондай-ақ инклюзивті орта мен қызметкерлерді қолдау мәселесін кеңінен талқылау туралы» ұсынысы айтылған. Алайда іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша өрбіпті… Белгіленген уақытта Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келген Жанат Қаратай мен оның жұбайын «тосын сый» күтіп тұрған. Амилаханованың орнына кездесуге мүлде басқа адам келген. Өзін Burger King басшысының өкілімін деп таныстырған Асқар Абаевич…

Толық оқу
наурыз ауа райы

Наурыз айында Алматыда ауа райы тұрақсыз болады. Күн райы жиі құбылып, жылымық пен суық бір-бірін алмастырып отырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеп. Айдың орташа температурасы +4,6 градус шамасында болып, климаттық нормаға жақындайды. Бірақ ұзақ мерзімді жылылыққа сенудің қажеті жоқ. Мамандардың айтуынша, айдың алғашқы күндерінен бастап ауа райы апта сайын құбылып отырады. Наурыздың басында түнде ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0-ден +10 градус аралығында ауытқиды. Кейін аз уақытқа қайта суытады: түнде -8, күндіз +7 градусқа дейін. Ал айдың екінші онкүндігінде нағыз көктем келеді деп күтілуде. Бұл кезеңде түнде температура +8…+13 градусқа, күндіз +20…+25 градусқа дейін күрт көтеріледі. Дегенмен айдың соңына…

Толық оқу
Тоқаев Шолпанқұлов

Берік Шолпанқұлов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада. Еске салсақ, бұған дейін Шолпанқұлов президент Тоқаев айтқан 7 триллион теңгенің көрші елден Қазақстан арқылы өзге елге аударылуы туралы мәлімдемесіне күмән келтіріп, ақпараттың дұрыс түсіндірілмегенін айтқан еді. Ол Ұлттық банктің жүргізген тексерісі нәтижесінде ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын жеткізген. Артынша Ақорда Президенттің 7 триллион теңге туралы мәлімдемесі расталған, сенімді деректерге негізделген ақпарат екенін хабарлады. Айбек Смадияров Мемлекет басшысының ешқашан расталмаған ақпаратты айтпайтынын алға тартып отыр. «Егер Президент 7 триллион теңге…

Толық оқу