Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

Тимур Сүлейменов теңге доллар

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған мамыр айындағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны баяулауы (10,7%), тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифінің тұрақталуы әсер еткен. Сонымен қатар, тұтынушылық несиелендіру қарқыны бәсеңдеп, халықтың инфляциялық болжамы да төмендеген. «Жыл басынан бері тұрғындардың инфляциялық күтімі төмендеп, мамыр айында 12,7%-ды құрады. Ал нарықтың кәсіби қатысушылары инфляцияны жыл соңына қарай 10% деңгейінде болжап отыр», – деп хабарлады реттеуші. Ұлттық банктің жаңартылған болжамы бойынша, биыл инфляция 9-11%-ға дейін төмендеп, бір таңбалы деңгейге түседі. Орта мерзімді перспективада инфляцияның мақсатты көрсеткіш 5%-ға дейін тұрақталатыны…

Толық оқу
Арыстанбек Мұхамедиұлы

Алматы прокуратурасы атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компания заңсыз иемденген «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әңгіме 2015 жылғы жекешелендіру туралы болып отыр. Сол кезде «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі, сондай-ақ Алматының Әуезов ауданындағы ауданы 2108,3 шаршы метр ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесі жекенің қолына өткен. Әуезов ауданының прокуратурасы келісімді заңсыз деп танып, сотқа талап арыз түсірген-тін. Жоғарғы сот прокуратураның талабымен келісіп, нарықтық құны 1,3 млрд теңге болатын активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға шешім шығарыпты. Еске салайық, экс-мәдениет министрі әрі Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Оған «Алтын…

Толық оқу
зеленский путин

Украина президенті Владимир Зеленский Кремль көсеміне ашық хат жолдап, соғысты тоқтатуға және жүзбе-жүз кездесуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зеленский хатында Путиннің Ресей билігіне келгеніне 26 жылдан асқанын еске салып, осы кезеңнің жартысына жуығы Киевке қарсы агрессиямен өткенін атап өтті. Айтуынша, Мәскеу НАТО, геосаясат немесе орыс тілі туралы қанша қақсаса да, Украинадағы соғыс Путиннің персоналды таңдауы. «Тарих соғысты нақты себебі жоқ, мына сіздің жеке таңдауыңыз ретінде жадында сақтайды», – деп жазды ол. Сөзінше, Кремль Украина мен Ресей арасындағы күн тәртібін сауда, экономика, қалыпты қарым-қатынас сияқты мәселеден «үрей мен өлім» тақырыбына түсірген. Ол украиналық алысқа ұшатын дрондардың Петербордағы форум ашылған күні 1000…

Толық оқу
нұрай серікбайдың өлімі

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу маусым айында аяқталуы мүмкін. Тергеу амалдары біткен соң материал сотқа жолданады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Сенат дәлізінде істің аяқталуға жақын екенін айтты. «Қылмыстық істі тергеу аяқталу сатысында тұр. Тергеу амалдары біткеннен кейін материал сотқа жіберіледі», – деді ол. Нұрай Серікбай 11 қаңтарда қаза тапқан. Қайғылы оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Бейнебақылау камераларына күдіктінің қызды оқиға алдында аңдып жүрген сәті түскен. Кейін марқұмның жақындары Нұрайдың күдікті тарапынан ұзақ уақыт бойы қысым мен қудалауға ұшырағанын айтты. Олардың сөзінше, қыздың отбасы полицияға бірнеше рет жүгінген, алайда арыздар тиісінше…

Толық оқу
ержан саденов

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қатысты жаңа жаза жүйесі енгізілуі мүмкін. Енді айыппұлмен ғана құтылып кететіндерге қосымша айып ұпайы жазылады. Бір жыл ішінде 20 ұпай жинаған жүргізуші 12 айға куәлігінен айырылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айып ұпайын есептейтін пилоттық жоба Астана, Алматы және Шымкент қаласында сынақтан өтіп жатыр. Жаңа тәртіп бойынша әр жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге негізгі айыппұлмен қатар 1-ден 3 ұпайға дейін жазылады. Ұпай саны тәртіп бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. Жүйеге қажетті дерек Бас прокуратураның әкімшілік істер жөніндегі бірыңғай базасынан алынады. Автосарапшы Алексей Алексеевтің пікірінше, мұндай тетік жүргізушіні жазалау үшін ғана емес, жолдағы тәртіпке үйрету үшін қажет. «Жүйе…

Толық оқу
султан сарсемалиев

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында бұрын белгісіз жаңа мәліметтер жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кезекті сот отырысында малшы Дархан Бақытов куәлік берді. Оның сөзінше, 2024 жылдың күзінде оған өзін Наурыз Мұқанғалиев деп таныстырған адам WhatsApp арқылы байланысқа шығып, малға қарауды және сатып алушыларға көрсетуді тапсырған. Еңбекақыны Бақытов банк картасы арқылы алып отырған, бірақ ақша сол уақытта өлтірілген үй иесі Мақсот Қарабалиннің картасынан түскен. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыс жасаған соң марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің телефонын пайдаланып, оның атынан хат алмасып отырған. Ол отбасындағы адамдардың жоқтығын олардың Ташкентке емделуге кеткенімен түсіндіріп, малды сатуға да нұсқау берген. «Маған…

Толық оқу
марко рубио

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Орталық Азия елдеріне сапар шегетінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Америка сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл мәлімдемесін АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының сыртқы істер жөніндегі комитетіндегі тыңдауда айтты. «Біз биыл аймақ елдерімен С5+1 форматында кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз, мен де осы кездесуге қатысу үшін Орталық Азияға барамын», – деді Рубио. Сонымен қатар, ол Президент Дональд Трамп әкімшілігінің Орталық Азия елдерімен сауда қарым-қатынасына шектеу қоятын Джексон–Вэник түзетуін жоюды қолдайтынын атап өтті. «Бұл шешім барлық тарапқа пайдалы болар еді», – деді Рубио. 1974 жылы енгізілген Джексон–Вэник түзетуі адам құқығын бұзатын елдермен сауда қарым-қатынасын шектеуді көздейді. Қазақстан АҚШ-қа…

Толық оқу
тоқаев ақорда

Президент Тоқаев Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімде ел азаматтарына үндеу жасап, 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Конституцияның ел өміріне әкелетін өзгерістеріне тоқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент жаңа Конституцияны халықтың алдағы ондаған жылдағы басты құжаты деп атап, осы заң Қазақстанды әлемдік өркениеттің жаңа биіктеріне бастайтынына сенім білдірді. «Әлем технологиялық серпілістер мен саяси сілкіністер, әскери жанжалдарға толы кезеңді бастан өткеруде. Мұндай күрделі уақытта негізгі заңымыздың маңызы бұрынғыдан да арта түседі», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетінін еске салып, осы маңызды тарихи белесті нақты нәтижелермен қарсы алу керегін айтты. Президенттің сөзінше, жаңа…

Толық оқу
азат перуашев

Қазақстан аумағында тасымалданатын жүктердің бестен бір бөлігі шетелдік вагондармен жеткізіледі. Масқара мәліметті депутат Азат Перуашев жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың дерегінше, Қазақстандағы барлық жүк тасымалының 20%-дан астамын шетелдік вагондар орындайды. Мәселен, Қазақстан көмірінің Ресей арқылы транзитінде отандық вагондардың үлесі небәрі 22%-ды құрайды. Газ тасымалында да жағдай осыған ұқсас. Ел ішіндегі тасымалда шетелдік цистерналар жұмыс істеп жатқанда, Қазақстанның өзіндегі 500-дей газ цистернасы бос тұр. Ең күрделі ахуал мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда қалыптасқан. Мұнда негізгі жүк шетелдік цистерналармен тасымалдануда. Алайда Қазақстанның өзінде дәл осы цистерналарды толық көлемде жасап шығаратын қуатты өндіріс орындары бар. Атырау вагон жасау зауытының өзі жылына 1500-ден…

Толық оқу
отбасы банк ұлттық қор балаларға

Отбасы банк 4 маусымнан бастап аралық заемдардың пайыздық мөлшерлемесін өзгертіп, барлық клиенттерге бірдей 8,5% мөлшерлемесін енгізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осыған дейін аралық заем мөлшерлемесі клиенттің бағалау көрсеткішіне және бағдарлама шарттарына байланысты 6-8,5% аралығында белгіленетін. Енді мұндай ерекшеліктер алынып тасталды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6%-ды құрайды. Алайда тұрғын үй заемдарының шарттары өзгермейді. Яғни баспана құнының 50%-ын жинап, депозитті кемінде үш жыл ұстаған жағдайда жылдық мөлшерлеме бұрынғыдай 3,5%-дан басталады. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1 шілдеден бастап ипотека алу шарттары өзгеретінін, алғашқы жарна көп болса, мөлшерлеме төмендеп, аз болса, мөлшерлеме жоғары болатынын мәлімдеген еді.

Толық оқу