Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы барып, облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында облыс басшысы жергілікті журналистермен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сол сияқты облыстық БАҚ-тардың материалдық-техникалық базасымен танысты. Ақпарат құралдары қызметкерлерінің аймақты дамытудағы рөлін атап өткен өңір басшысы бұл салаға тұрақты қолдау көрсетілетінін айтты.
Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша белсенді ақпараттық жұмысы үшін «Jetisy» телеарнасы «Үздік мекеме» атанып, жаңа студия сыйға тартылған болатын. Оған қоса, облыс басшылығының қолдауымен биылғы жылдың басынан облыстық БАҚ қызметкерлерінің жалақысы 30 % өскен еді.
Кездесуден кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы телеарна студиясында облыстық БАҚ жетекшілеріне кеңінен сұхбат берді.