Қазақстанның әр өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, инфрақұрылымдық өзгерістер мен жергілікті өзекті мәселелерге арналған кәсіби сараптама алаңы.
Атырауда 23 елдің өкілдері қатысып жатқан Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды. Бұл жарыс Қазақстан кубогының үшінші кезеңі болып саналады.
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында үш ауданның орталық саябақтары жөнделіп жатыр. Жансүгіров ауылындағы саябақ күрделі жөндеуден өтіп, оның бір бөлігінде заманауи стадион салынбақ.
Шымкентте балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден ашық жарыс өтті. Спорттық сайысқа Шымкент, Кентау қалалары мен Бәйдібек және Сайрам аудандарынан келген…
Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жаңа жолайырық іске қосылды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында салынған.
Шығыс Қазақстан облысында өткен «Шығыс салбурыны – 2026» І Азия кубогы мәресіне жетіп, ең үздік саятшылар марапатталды. Халықаралық додаға 10 мемлекеттен 170-тен астам құсбегі қатысты.