Нұрсұлтан Назарбаевқа санкция салынды. Өзіне емес. Танкеріне. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
PARANOIA.KZ арнасы мәліметінше, жұмада Байден Ресейдің 183 танкеріне санкция салған.
«Оның ішінде Н.Назарбаев атындағы танкер де бар. Аталмыш танкерді жасау 2020 жылы 6 шілдеде басталды. Ресейлік “Звезда” кеме жасау компаниясы оны Назарбаевтың 80 жасқа толу құрметіне солай атады», — деп жазылған ақпаратта.
Мәліметте Байденнің соңғы санкциясынан кейін ашық теңізде 60-тан аса ресейлік танкер қаңтарылып тұрып қалғаны және оларды порттар қабылдамай жатқаны айтылады.