ҰҚК ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген.

«Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК.

Көрсетілген қару-жарақтардың 4-еуі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталған.
Осы деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.