Тимур мен Динара Құлыбаевтардың негізгі активтерінің бірі саналатын «Алмэкс» холдингтік тобы 2024 жылға арналған дивидендтерді акционерлерге төлемеуді ұйғарған. Мұндай мәлімет Қаржылық есептілік депозитарий сайтында 16 маусымда жарияланған құжатта көрініс тапқан. «Алмэкс» компаниясының 22 миллион 730 мың дауыс беру құқығына қожайындары өткен жылғы пайданы бөлмей, акционерлерге дивиденд төлемеу турасында шешім қабылдаған.
«Алмэкс» холдингі арқылы Құлыбаевтар «Халық банктің» 69,7%-ын бақылайтынын білеміз. Halyk Bank – Құлыбаевтар отбасының ең негізгі және жоғары табыс әкелетін активтерінің бірі. Айта кетерлігі, 2023 жылы да «Алмэкс» дивиденд төлемеген болатын.
Құлыбаевтар «Алмэкстен» қанша табыс ала алатын еді деген сұраққа жауапты 2024 жылғы наурыз айындағы соңғы төлемнен көруге болады – ол кезде дивиденд көлемі шамамен 89 млрд теңге болған.
Бұған дейін біз Тимур Құлыбаевқа тиесілі тағы бір компания – «Каспий мұнай» АҚ-ның да қатарынан екінші жыл дивиденд төлемейтінін хабарлаған болатынбыз.