Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Цифрлық теңге ұлттық валютаның цифрлық үлгісі және заңды төлем құралы. Оның шығарылуы, айналымы және өтелуі Ұлттық банктің Цифрлық теңге платформасында жүзеге асады.
Жеке және заңды тұлғалар үшін цифрлық шоттарды банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ашады және қызмет көрсетеді.
Қаулы жобасы цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу ережелерін, оның ішінде цифрлық шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін, цифрлық теңгенің таңбалануын, смарт-келісімшарттарды қолдануды, сондай-ақ Цифрлық теңге платформасы қатысушыларына қойылатын талаптар мен олардың өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.
Құжатты қоғамдық талқылау 2026 жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады. Өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды «Ашық НҚА» порталында қалдыруға болады.
Тілшілеріміз Түркияның Оңтүстік Кавказды толық бақылауға алып, Каспий теңізіндегі маңызды энергетикалық ресурстарға ие болғанын талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

