Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әзілкеш Мәскеудегі «Внуково» әуежайына Дубайдан келген бойда шекарашылардың тосқауылына тап болған.
Федералдық қауіпсіздік қызметі Сабыровқа «ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты елге кіргізілмейтінін» ресми түрде мәлімдеп, дереу кері рейсті күтуге жіберген.
Ресейлік телеграм-арналар, Сабыровтың қара тізімге кіруін атышулы «арнайы операцияны» сынағанымен байланыстыруда. Әзілкештің астарлы пікірлері Кремль идеологтарына ұнамай, орыс жерінде жоспарланған концертінің басып бөлігіне тыйым салынған еді.
Қазірдің өзінде әлемжеліде оның елге кіруге тыйым салынғанын естіген сәті тарап жатыр. Шекарашылар Сабыровтың қолына «Ресейдің есігі жабық» деген мәндегі тілдей қағаз ұстатқан. Оған сәйкес, 30 қаңтардан бастап Сабыровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жыл мерзімге ресми түрде шектеу қойылған.
Пропаганда құралдары «әзілкеш орыс жерінде тапқан қаржысын делдалдар арқылы шетелге заңсыз шығарған» деп жарыса жазуда. Олардың ақпараты бойынша, Сабыровқа тиесілі ресейлік мүліктің жалпы құны 60 миллион рублден асады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

