Автокөлікке бейнетіркегішті қосу мен оны қоректендіруге қатысты бірнеше түрлі әдіс бар, деп жазады Ertenmedia.kz.
Олардың арасында ең көп тарағандары – көліктің USB-портына, темекі тұтатқышына (прикуриватель), автокөліктің аккумуляторына тікелей немесе арнайы портативті аккумуляторға қосу. Әрбір тәсілдің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қай әдісті таңдасаңыз да, бейнетіркегіштің қай жерден және қалай қоректенетінін нақты білгеніңіз жөн.
Мәселен, құрылғыны темекі тұтатқышына қоссаңыз, ол тек автокөлік оталғанда ғана қоректенеді. Егер сіз бейнетіркегішті тек қозғалыс кезінде қолдануды жоспарласаңыз, бұл дұрыс таңдау.
Ал егер құрылғыны түнде бейнебақылау камерасы ретінде пайдаланғыңыз келсе, бұл әдіс сіздің үмітіңізді ақтамауы мүмкін. Сонымен қатар, бейнетіркегіштің қосылым кабельдері мен контакттары берік және сенімді орнатылуы керек.
Себебі дұрыс бекітілмеген кабельдер жолдағы көріністі жауып қалуы немесе рөл мен басқару құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл өз кезегінде сіз бен автокөлігіңіздің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Қытайдағы Бейжің университетінің ғалымдары ақпаратты электр тогының орнына жарық арқылы өңдейтін жаңа «толық оптикалық» чип жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







