Иілгіш материалдарды тоқу ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнер ғана емес, сонымен қатар заманауи инженерлік шешімдердің бір түрі болып саналады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Себет тоқудан бастап, құрылыс конструкцияларына дейін кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдің мәні – иілгіш материалдардың өзара байланысу арқылы берік әрі икемді бұйымдар жасауында.
Ең көп тараған тоқу түрі қарапайым шаршы тоқу. Мұнда тік және көлденең элементтер кезек-кезек бір-бірінің астынан және үстінен өтіп, қарапайым тор тәрізді бет түзеді. Бұл әдіс қарапайым әрі жеңіл болғандықтан, себет, төсеніш, қоршаулар жасау үшін қолданылады.
Ал сәл күрделірек тәсіл «қос жіпті диагоналды тоқу». Мұнда әрбір көлденең жіп екі тік элементтің астынан, сосын екі тік элементтің үстінен өтеді. Әрбір келесі қатар бір элементке жылжып тоқылады, нәтижесінде бетінде әдемі қиғаш өрнек пайда болады. Мұндай әдіс бұйымға ерекше икемділік пен тығыздық береді және ол көбінесе орындықтардың арқалығын тоқуда, сәндік панельдер жасауда кең қолданылады.
Тоқудың ең бір ерекше әрі инженерлік тұрғыдан жоғары бағаланатын түрі – алтыбұрышты (гексагоналды) тоқу. Мұнда жіптер үш бағыт бойынша, бір-біріне шамамен 60 градус бұрыш жасап қиылысады. Осының арқасында өте әдемі әрі табиғатта кең тараған алтыбұрышты өрнектер қалыптасады. Бұл тәсіл тек эстетикалық тұрғыдан тартымды емес, құрылымның беріктігін арттырып, күшті біркелкі таратады. Сол себепті алтыбұрышты тоқу жиі күрделі сәулеттік шешімдерде, құрылыс материалдарында, экрандар мен панельдер жасауда қолданылады.
Орау әдісі де тоқу өнерінде ерекше орын алады. Бұл тәсілде негізгі тірек элементтерінің айналасына иілгіш материалды бірнеше рет орап, бекітеді. Осылайша бұйымдар тек берік қана емес, көлемді, бедерлі болып шығады. Орау әдісі арқылы жиһаз элементтері, шамдар және күрделі дизайндық бұйымдар жасалады.
Ең бір беріктігі жоғары әрі күрделі тоқу әдісі ширатылған (бұралған) тоқу. Мұнда көлденең орналасқан екі немесе бірнеше элемент өзара ширатылып, вертикалды элементтер арасынан өткізіледі. Бұл тәсілдің бір ерекшелігі – жіптер бір-бірін «құлыптап», мықты байланыс орнатады. Нәтижесінде бұйым берік, тұрақты, әрі сыртқы әсерлерге төзімді болып шығады. Осы тәсіл көбіне үлкен себеттер, жиһаз бұйымдары, қоршаулар мен күрделі тоқыма конструкцияларда қолданылады.
Тоқу тәсілдері қазіргі кезде тек дәстүрлі қолөнерде емес, заманауи экологиялық құрылыс, интерьер дизайны, жиһаз жасау және жаңа материалдарды әзірлеуде де кеңінен қолданылып отыр. Бамбук, қамыс, ағаш талшықтары, өсімдік сабақтары материалдар ретінде бағаланады.
Контекст
Қарапайым көрінетін бұл тоқу тәсілдерінің астарында инженерлік дәлдік, есеп және табиғи материалдардың физикалық қасиеттерін терең түсіну жатыр. Әрбір тәсілдің өз ерекшелігі барү Бірі – беріктігімен, бірі икемділігімен, енді бірі әсемдігімен ерекшеленеді.
Осылайша, иілгіш материалдарды тоқу ежелден келе жатқан қарапайым қолөнер десек болады. Ол адам мен табиғат арасындағы өзара үйлесімдіктің, инженерлік шешімдердің және шығармашылықтың озық үлгісі. Бұл технологиялар бізге табиғат ресурстарын тиімді әрі экологиялық тұрғыдан таза қолданудың жолын көрсетеді.
Қамыс немесе сабанмен жабылған шатырды көп адам қарапайым құрылыс деп ойлауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде бұл ғасырлар бойы қалыптасқан күрделі әрі тиімді технология.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







