Алматыда прокурор Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына себепкер болған Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, Пак жазасын қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде өтеуі тиіс.
Александр Пакқа Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни «мас күйде көлік басқарып, жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкелгені үшін» айып тағылған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындайтынын, жауапкершіліктен жалтармайтынын айтты.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Zeekr автокөлігін басқарған Пак қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







