24 қыркүйек күні CNN, Politico және MS NOW тілшілерін сот олардың кіру құқығын қалпына келтіру туралы шешім шығарғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң да Ақ үй аумағына жібермеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Сот шешімі және шектеудің тоқтатылуы
Федералды судья Тимоти Келли тілшілерге рұқсат қағаздарын дереу қайтаруды бұйырды және АҚШ президенті Дональд Трамптың тыйымын 14 күнге тоқтатты. Алдын ала бағалау бойынша, рұқсат қағаздарын кері қайтарып алу кезінде журналистердің процессуалдық құқықтары бұзылған болуы мүмкін. Сондай-ақ Тимоти Келли Әділет министрлігінің тыйым ұлттық қауіпсіздік үшін қажет болды деген уәждеріне күмән келтірді.
Politico мәліметінше, олардың тілшісінің рұқсат қағазы тәркіленген. MS NOW журналисіне де кіруге тыйым салынды. Ал CNN өздерінің бірнеше қызметкерін Ақ үй аумағына өткізбегенін мәлімдеді.
«Біз бұл сот шешімінің орындалмауымен байланысты ма, әлде рұқсат беру жүйесінің жұмысына қатысты ма, әзірге нақты білмейміз», – деді MS NOW тілшісі Лора Баррон-Лопес.
Текетірестің басталуы
Ақ үй Reuters агенттігінің сауалына жауап берген жоқ.
18 қыркүйекте Дональд Трамп осы үш БАҚ өкілдерін фейк жаңалықтар таратты деп айыптап, олардың Ақ үйге кіруіне тыйым салған болатын. Кейін редакциялар оның әкімшілігіне қарсы сотқа талап-арыз түсірді.
Президенттік пулдың телеарналары Трамптың қызметін бірлесіп жариялауды тоқтатты. Осыдан кейін Ақ үй YouTube платформасында тәулік бойы жұмыс істейтін Trump TV хабарын іске қосты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







