Freedom Bank қызметкері Темірлан Зиналабдин жаңа дата-орталықтың негізгі міндеті мен оның холдинг пен сыртқы нарық үшін қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сұрақ: Алғашқы дата-орталықтың негізгі міндетін тағы бір мәрте түсіндіріп бере аласыз ба? Қандай нәтижеге қол жеткізу жоспарланып отыр? Холдинг оны тек өз қажеттіліктері үшін ғана пайдалана ма, әлде сыртқы клиенттерге де қызмет көрсету жоспарда бар ма?
Гибридті қолданыс және сыртқы нарық
Жауап: Барлық дата-орталықтарымыз гибридті пайдалануға арналған. Бір жағынан, біз бөлімшелері әлемнің қай нүктесінде орналасқанына қарамастан, компаниялар тобының барлығы үшін сервис-провайдер рөлін атқарамыз. Екінші жағынан, сыртқы клиенттерге, соның ішінде шетелдік компанияларға да инфрақұрылымдық және цифрлық қызметтер ұсынамыз.
Қызметтердің бір бөлігі жазылым үлгісі (подписная модель) бойынша ұсынылуы мүмкін. Клиент қажетті есептеу инфрақұрылымын, деректер қоймасын немесе бағдарламалық сервисті алып, тек оның пайдаланылғаны үшін төлейді. Бұл ретте оған күрделі IT-инфрақұрылымды өз бетінше құрудың және оған қызмет көрсетудің қажеті жоқ.
«Осы жауапкершілік аймағын кәсіби сервис-провайдерге тапсыра отырып, клиент сенімділіктің, қауіпсіздіктің және техникалық қолдаудың қажетті деңгейіне қол жеткізеді. Осылайша, дата-орталық бір мезгілде әрі холдингтің ішкі қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді, әрі сыртқы нарық үшін коммерциялық алаң ретінде жұмыс істейді», – деді Темірлан Зиналабдин.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







