Қазақстанда Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы өзгерді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
- Асанова Жанна Бейсентайқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),
- Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Комиссияның құрамынан Андрей Лукин және заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров шығарылған.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.