2017-2019 жылдар аралығында Қазақстанның бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаров «Кто убийца?» атты кітабын жазды. Желіде кітапқа қатысты ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Қожамжаров «Кто убийца?» атты кітабын жазып шықты. Дәл осы уақытта Қорғас ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол істе назарбаевтық күш құрылымдарының жетекшісінің де қатысы бар. 12 жыл бұрын негізгі куәгерлердің бірі — кеден қызметкері Жамашев өлтірілген болатын. Жамашев Қорғастағы контрабанданың басында кім тұрғанын айтып үлгермеді», — деп жазылған «Чемодан госсекретов» каналы мәліметінде.
Сарапшылардың мәліметінше, Жамашев Қорғастағы контрабанда ісіне қатысты айғақтар бере алатын кезде қаржы полициясындағы негізгі лауазымды қызметтерді бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровтың командасының адамдары атқарған.
«Жамашевке қастандық 2012 жылы жасалды. Ал қастандық жасалардан алты ай бұрын сол кездегі президент Назарбаев өзінің «опричнигі» саналатын Қожамжаровты уақытша Ақмола облысын басқаруға жіберген болатын. Ал Жамашев 6 шілдеге қараған түні өлтірілді. Демек Қожамжаровтың кітабында Жамашевті өлтіруге кім тапсырып туралы нақты ақпарат жоқ. Ал қоғамды қызықтырып отырғаны осы ғана», — дейді сарапшылар.