Бүгін, 19 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon жартылай марафоны өтеді. Жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам қатысушы жиналады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараны «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.
Жарыс күнгі қауіпсіздік мақсатында қалада жол қозғалысы уақытша шектеледі:
Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі (Розыбакиев – Мұстафин аралығы) 00:00-12:00 аралығында;
Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі (Розыбакиев – Назарбаев даңғылы) 06:45-09:45 аралығында;
Сейфуллин даңғылы (әл-Фарабиден Абайға дейін) 07:10-09:05 аралығында толық;
Абай даңғылының оңтүстік бөлігі (Саин – Байтұрсынов аралығы) 08:50-11:15 аралығында;
Абай даңғылының оңтүстік бөлігі (Сейфуллин – Байтұрсынов аралығы) 07:20-09:15 аралығында;
Саин көшесінің шығыс бөлігі (әл-Фараби – Абай аралығы) 08:30-10:20 аралығында жабылады.
Жартылай марафон таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







