Ұлттық банктің 5 қыркүйекке (сондай-ақ демалыс күндеріне) белгілеген ресми көрсеткішіне сәйкес, доллар бағамы 456,56 теңге деңгейінде бекітілді. Алдыңғы күнмен салыстырғанда америкалық валюта 70 тиынға қымбаттаған деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) соңғы күндізгі сауда-саттық қорытындысы негізінде өзге негізгі шетелдік валюталардың да ресми бағамы нақтыланды:
- Еуро: 530,52 теңге (+1,68 теңге);
- Ресей рублі: 5,28 теңге (+0,03 теңге);
- Қытай юаны: 68,03 теңге (+0,19 теңге);
Қалалардағы айырбастау орындарындағы баға
Еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде шетел валютасын сату мен сатып алу дәлізі де демалыс күндеріне бекітілді. Қаржылық мониторинг деректері бойынша мегаполистердегі ахуал мынадай:
- Астана қаласында: долларды сатып алу орташа есеппен 454 – 455 теңге, ал сату 460 – 461 теңге аралығында;
- Алматы қаласында: америкалық валютаны қабылдау 455,7 – 456,2 теңге, сату 457,8 – 458,5 теңге деңгейінде;
- Шымкент қаласында: сатып алу 455 – 457 теңге, сату 457,8 – 459 теңге шамасында қалыптасты.
Айырбастау пунктерінде еуроны сатып алу орта есеппен 526–530 теңге, сату 533,7–536 теңге аралығында ұсынылуда. Ал рубльді қабылдау 5,10–5,18 теңге, сату 5,26–5,30 теңге маңында саудаланып жатыр.
Қаржы нарығындағы көрсеткіштер алдағы дүйсенбі күнгі жаңа биржалық саудаға дейін күшінде сақталады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







