Қазақстанда цемент бағасы бір жылда 24,7 пайызға өсіп, кемінде 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Өндіріс көлемі артқанымен, құрылыс нарығындағы жоғары сұраныс бағаның төмендеуіне мүмкіндік бермей отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. EnergyProm дерегінше, цемент 2026 жылдың басынан бері ай сайын үздіксіз қымбаттаған. Баға қаңтарда 1,6, ақпанда 2,2, наурызда 1,3, сәуірде 2,4 пайызға өсті. Мамырдағы өсім 4,2 пайызға жетіп, маусымда 2,8, шілдеде 3,7, тамызда 1,3 пайыз болды. Тамыз айындағы жылдық өсім 24,7 пайызды құрады. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2021 және 2022 жылдардың тамызында тіркеліп, 13,6 пайыз болған еді. Ал 2025 жылғы тамызда цемент 6,5, 2024 жылы 3,9 пайызға ғана…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Дональд Трамп кішімен кездескенін хабарлады. Ол жүздесу кезінде тараптар еркін әңгімелесіп, өзара пікір алмасқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сырымбек Тау кездесуден түсірілген суретті жариялап, әңгіменің жақсы өрбігенін атап өтті. Кәсіпкер жазбасында екеуін де республикашыл саяси орта байланыстыратынын меңзеді. Сырымбек Тау Қазақстандағы Respublica партиясының өкілі болса, Дональд Трамп кіші АҚШ-тағы республикалық қозғалыстың танымал тұлғаларының бірі саналады. «Екеуіміз де Respublica партиясының өкілдеріміз. Әңгімеміз жарасып, жақсы пікір алмастық», – деп жазды Сырымбек Тау. Кәсіпкер жүздесудің нақты тақырыбы мен өткен орны туралы қосымша мәлімет берген жоқ. Сырымбек Тау кездесуді ұйымдастыруға көмектескен…
Мемлекеттік білім грантымен оқыған түлектер диплом алғаннан кейін заңнамада белгіленген мерзім бойы жұмыс істеуге міндетті. 2026 жылғы 25 тамыздан бастап авиациялық мамандық иелерінің жұмыспен өтеу мерзімі үш жылдан бес жылға ұзартылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы ереже бакалавриат, магистратура және докторантура түлектеріне қолданылады. Олар оқу аяқталғаннан кейін келісімшарттық міндеттемесін орындап, кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс. Жұмыспен өтеу тәртібі грант түрі мен мамандықтың бағытына қарай ерекшеленеді. «Серпін» жобасы бойынша білім алған азаматтарға бөлек талап белгіленген. Олар кадр тапшылығы бар өңірлерде екі жыл еңбек етуі қажет. Мұндай норма мамандарды жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға бағыттап, өңірлік кадр теңгерімін қалыптастыруды көздейді. Педагогикалық грантпен…
Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында электр желілерін күрделі жөндеу жоспары толық орындалды. Өңірде жоспарланған 536 шақырым электр желісінің барлығы жаңартылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл облыста 536 шақырым электр желісін күрделі жөндеуден өткізу көзделген еді. Қазіргі таңда жұмыс көлемі 100 пайызға орындалды. Мұндай жаңғырту қыс мезгіліндегі апат қаупін азайтып, тұтынушыларды электр қуатымен тұрақты қамтуға бағытталған. Сонымен қатар екі қосалқы станцияда күрделі жөндеу аяқталды. Тағы 77 тарату пункті, трансформаторлық және кешенді трансформаторлық қосалқы станция жаңартылды. Атқарылған жұмыс электр энергиясын тарату жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жылу желілерін қысқа дайындау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Биыл жоспарланған 11,4 шақырым желінің 8,96…
Hyundai жаңа буындағы кейбір көлігінің базалық нұсқасынан цифрлық аспаптар панелін алып тастай бастады. Енді жүргізуші жылдамдық пен қозғалыс параметрлерін орталық экраннан бақылайды немесе жеке дисплей үшін қосымша ақы төлейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оңтүстік Корея автоконцерні жаңа модельдеріне Pleos Connect мультимедиа кешенін енгізіп жатыр. Жүйе алдыңғы әйнекке жақын орналасқан жіңішке цифрлық панельмен және проекциялық дисплеймен бірге жұмыс істейді. Мұндай интерьер Grandeur, Ioniq 3, Avante немесе Elantra және жаңа Tucson модельдеріне арналған. Қымбат Grandeur жаңа салонмен автодилерлерге айтарлықтай шу көтермей жетті. Ал қолжетімді Avante көлігінің базалық жабдықталымы Hyundai таңдаған жаңа коммерциялық тәсілді көрсетті. Седанның ең арзан нұсқасында цифрлық аспаптар панелі стандартты…
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елдің тәуелсіз әрі өркендеген мемлекет ретінде дамуына кедергі келтіруге жол бермейтінін мәлімдеді. Ол Анкараның ұстамды ұстанымын әлсіздік деп қабылдамауға шақырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ердоған мәлімдемесін 7 қыркүйекте Анкарада өткен Министрлер кабинеті отырысының қорытындысында жасады. Оның айтуынша, Түркия қандай да бір елге, қоғамға, дінге немесе мәдениетке қарсы бағыт ұстанбайды. Алайда мемлекетті қоршауға немесе стратегиялық мүмкіндігін шектеуге бағытталған қадамдарды сырттай бақылап отырмайды. Түркия басшысы Анкара өңірлік бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға күш сала беретінін айтты. Ел бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған дипломатиялық бастамаларынан бас тартпайды. Мәлімдеменің астарында Түркияның дербес сыртқы саясат жүргізуге және аймақтағы ықпалын сақтауға ұмтылысы…
Қазақстанда пәтер сатқан әр азаматтан бірдей салық алынбайды. Міндеттеме баспананы иелену мерзіміне, сатып алу мен сату бағасының айырмасына байланысты есептеледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Пәтер сатып алынған бағадан қымбат сатылса, құн өсімінен салық салынатын табыс пайда болуы мүмкін. Алайда бағаның өсуімен бірге жылжымайтын мүліктің қанша уақыт иелікте болғаны да есепке алынады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін сатылған баспананың құн өсіміне салық салынбайды. Меншік құқығы 2026 жылға дейін тіркелген пәтерлерге бұрынғы бір жылдық мерзім қолданылады. Құқық 2026 жылдан бастап тіркелсе, салықтан босатылу үшін пәтерді кемінде екі жыл иелену қажет. Мерзім сатып алу-сату шарты жасалған немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берілген күннен…
8 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы сақталады, ал батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» ұсынған болжам бойынша күндіз ауа температурасы Қызылорда, Тараз және Түркістанда 35 градусқа дейін көтеріледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы. Алматыда жауын жаумайды, жел 3-8 м/с, түнде 14-16, күндіз 29-31 градус. Шымкентте көшпелі бұлтты әрі құрғақ ауа райы күтіледі, жел 8-13 м/с, түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық болады. Ақтауда күн бұлттанып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды, жел 7-12 м/с, түнде 15-17, күндіз 21-23 градус. Ақтөбеде жаңбыр…
Алдағы «Қазақ аруы» байқауы қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешова мен Қыз Жібек бейнесіне арналады. Қатысушы арулар әйгілі фильмдегі қызғылт қамзол үлгісіндегі киіммен сахнаға шығады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Байқаудың негізін қалаушы Баян Мақсатқызы жаңа маусымның идеясын «Talk Like» бағдарламасына берген сұхбатында жариялады. Меруерт Өтекешова байқауға арнайы шақырылып, құрметті қонақ ретінде төрден орын алады. Ұйымдастырушылар «Қыз Жібек» фильмінің эстетикасын заманауи сахнада қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Баян Мақсатқызы «Қыз Жібекті» қазақстандық киноның ең үздік туындысы әрі ұлттық кинематографияның жауһары деп бағалайды. Оның пікірінше, Меруерт Өтекешова сомдаған Қыз Жібек қазақ қызының сұлулығы мен тазалығының символына айналған. Продюсер алғашқы «Қазақ аруы» байқауының да «Гәкку»…
7 қыркүйектегі сауда қорытындысында теңге доллар, еуро, рубль және юаньға қатысты нығайды. Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 2,08 теңгеге төмендеп, 454,27 теңгені құрады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда америкалық валюта айтарлықтай әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы доллар саудасының көлемі 378,38 млн доллар болды. Валюта нарығындағы операцияларға 24 қатысушы қатысты. Еуроның орташа сараланған бағамы 3,89 теңгеге төмендеді. Сауда қорытындысында еуропалық валюта 527,52 теңгеге тұрақтады. Еуромен жасалған операциялар көлемі 3,48 млн еуроны құрады. Қытай юані 0,3 теңгеге арзандап, 67,6 теңге деңгейіне түсті. Юаньмен жүргізілген сауда көлемі 71,9 млн юаньға жетті. Ресей рублі 0,02 теңгеге төмендеп, 5,2 теңгемен саудаланды.…










